Өлең, жыр, ақындар

Алгоритмдік ойлау және оны дамыту әдістері

Ойлау қабілеті адамның танымдық процесстерінің эволюциялық және тарихи дамуының тәжі. Ұғымдық ойлаудың арқасында адам сезу, қабылдау және ұсыну сияқты төменгі деңгейлі танымдық процесстер мүмкіндіктерімен шектелген өзінің болмысының шекарасын кеңейтті. Біздің объективті шындықты тануымыз сезу және қабылдаудан басталады. Бірақ таным сезу және қабылдаумен аяқталмайды. Сезу мен қабылдаудан ойлауға өтеді. Ойлау сезу мен қабылдаудың мәліметтерінің арақатынасын белгілейді –салыстырады, қатынастарын ашады, ажыратады. Ойлау болмысты оның байланыстары және қарым-қатынастары арқылы көрсетеді. Ойлау – әлеуметті уағдалы, тілмен үздіксіз байланысты танымдық психологиялық процесс, ол қоршаған шынайылықтағы объектілердің арасындағы қарым-қатынастын және байланыстын жалпыланған және жанама бейнесі арқылы сипатталады. Ойлау – күрделі және көпжақты психикалық іс-әрекет, сондықтан ойлау түрлерін бөлу түрлі негіздеме бойынша жүзеге асырылады.

Информатиканы оқытудың мақсаты алгоритмдік, жүйелік және аналитикалық  ойлауды, яғни теориялық ойлауды дамыту болса, біз өзіміз үшін педагогикалық әсер ету объектісін анықтап алуымыз керек және тек білім, білік және дағдынын ғана қалыптастырып қана қоймай тұлғаға, оның психологиялық сипаттамасына әсер етудің кәсіби құралдарын табуымыз қажет.  Мұғалім ойлаудың тәуелсіз және дара еместігін, оның «тұлға» бүтін жүйесінің элементі екенін түсініп, әрдайым есте сақтауы қажет.

Сонымен қатар, информатиканы оқыту барысында ойлау – ақыл-ой процессі, қабылданған ақпаратты түсіндіру процессі екенін ескеріп, түсіну керек. Бұл біржей қабылданған ақпарат түрлішу түсініледі, яғни ойлау үдерісі барысында қабылданған ақпаратты түсіндіру бірнеше факторға байланысты: жасы, білім беру, дүниетаным, өмірлік тәжірибе және т.б.

Мұғалім ойлау іс әрекеті «өзіне» және сыртқа бағытталуы мүмкін. Біріншісін шартты түрде «ішкі ақпараттық ағым» деп атайық, ал ауызша түрде айтылған екіншісін «сыртқы ақпараттық ағым» деп атайық.  Сыртқы және ішкі ақпараттық ағымдарды үдеріс ретінде қарастыруға болады, яғни ойлау мен сөйлеудің динамикалық модельдерін тұрғызуға болады. Онда «сыртқы ақпараттық ағым» деп ақпаратты біздің жадыдан шығару үдерісін және ақпаратты ұсыну тәсілдерін түсінуге болады.

Информатика мұғалімі информатиканы оқытудың мазмұнын және әдістемелік жүйені дамытудың заманауи кезеңінде ойлау тәсілдерін өзгерту үшін және өзі үшін келесіні анықтау қажет: мен информатика мұғалімімін, информатика сабағы барысында сабақты ұйымдастырғым келеді, қандай міндеттерді таңдаймын, оқушыларға не айтамын, үйге қандай тапсырма беремін, оқушылардың өзара әрекеттестігін қалай ұйымдастырамын және т.с.с.

Яғни, егер мұғалім өзіне: мен тұлғаны революциялық дамытуға «талпынамын», бұл үнемі болатын білім, білік және дағды қалыптастыруға бағытталған менің мақсатты әрекеттерімнің жанама өнімі ретінде танылатын эволюциялық дамыту емес. Онда ол ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесімен бірге информатика ұғымын қалыптастыру әдістерін және жүйелік немесе теориялық ойлауды дамыту әдістерін меңгеріп, оларды білім, білік және дағдыны қалыптастыру әдістерімен бірге пайдалануы тиіс. Бұл әбден мүмкін, бірақ дегенмен жаңа әдістерді меңгеру үшін белгілі уақыт және күшті қажет етеді. Маңыздысы, бұл әрекеттердің жақын арада бағдарламалық материалды оқу жағынан, сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру тұрғысынан, білім беру үдерісінің сапасын жақсарту тұрғысынан нәтижесін көрсететіні.

Информатиканың бастауыш мектепте пайда болуы таң қаларлық емес, өйткені бастауыш мектеп оқушыларының жасында балалардың ойлау стилі қалыптасады. Сондықтан осы кезеңнен педагогикалық мәселені көтеру және оны шешу дұрыс. Егер нақты техникада жұмыс істеу дағдысын тікелей жұмыс орынында ғана қалыптастыруға болса, ойлау қабілетін белгілі табиғатпен анықталған мерзімде дамытылмаса, ол сол қалпында қалады. Ойлауды дамыту жұмысы кешіктірілсе – бұл қайта оралмайды. Сондықтан балаларды заманауи ақпараттық қоғамдағы өмірге дайындай үшін бірінші кезекте логикалық және алгоритмдік ойлауды, талдау және синтездеу (жаңа схемалар, құрылымдар және модельдер құру) қабілетін дамыту қажет. Ескеретіні оқытудың мұндай технологиясы ата-аналар немесе мектептің мүмкіндіктеріне тәуелді болмай қолжетімді болуы тиіс.

Көп жағдайда информатиканы оқытудың ойлауды дамытудағы ролі адамға тән ұғымдық ойлауға сүйенетін модельдеу және жобалау әдістемесінің, әсіресе объектілі-бағдарланған модельдеу және жобалау саласындағы заманауи зерттеулермен байланысты. Кез келген пәндік сала үшін ұғымдар жүйесін атап көрсету, оларды атрибуттар және әрекеттер жиынтығы түрінде ұсыну, әрекеттер алгоритмін және логикалық қорытынды схемасын сипаттау біліктілігі адамның осы пәндік саладағы бағыт-бағдарын жақсартады және оның жетік ойлауы туралы көрсетеді.

Информатика курсы, математика курсының бір бөлігі ретінде қарастыруға болады, оның негізгі мақсаты – оқушылардың алгоритмдік ойлау негіздерін қалыптастыру. Алгоритмдік ойлау қабілеті деп қалаулы нәтижеге жету үшін әрекеттер жоспарын құруды қажет ететін түрлі есептерді шешу түсініледі.

 Бейнелі және логикалық ойлаумен қатар әрекеттер тізбегін көрсету ретінде қарастырылатын алгоритмдің ойлау адамның зияткерлік қуатын, оның шығармашылық потенциалын анықтайды. Жоспарлау дағдысы, өз әрекеттерін нақты және толық сипаттау әдеті оқушыларға шығу тегі түрлі есептерді шешу алгоритмдерін құрастыруға көмектеседі. Алгоритмдік ойлау әлемге деген ғылыми көзқарастың қажетті бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ол одан да кең мағынадағы пайдалы жалпы ойлау дағдыларынан тұрады. Оларға, мысалы, есептерді кіші есептерге бөлу жатады.

Мектеп оқушысын алгоритмикаға оқыту үшін бүтін сандармен арифметикалық операцияларды орындау біліктілігі керек.

Оқушыларды алгоритмдік ойлау негіздеріне оқыту орындаушы ұғымына негізделеді. Бұл ұғым соңғы уақытта информатика мұғалімінің күнделікті қолданысына енген және көптеген курстар осы тәсілдемеге негізделген. Орындаушыны батырмалар жиынтығымен қамтамасыз етілген робот түрінде қарастыруға болады. Әрбір батырма робот орындай алатын бір әрекетке  сәйкес келеді. Батырманы басу роботтын белгілі бір әрекет орындауына алып келеді. Робот белгілі ортада әрекет етеді. Орындаушыны сипаттау үшін ол әрекет ететін ортаны және әрбір батырма басылғанда орындалатын әрекеттерді анықтау қажет. Орындаушыларды енгізудің негіздемесі – есеп. Информатикада қолданылатын орындаушылар дәстүрлі. Алгоритмдік ойлау логикалық ойлауға тән кейбір қасиеттерге ие болады, бірақ қосымша қасиеттерді қажет етеді. Оларға қойылған есепті шешу үшін қажет реттелген әрекеттерді табу біліктілігі және бастапқы есепті шешуге алып келетін қарапайым есептерді берілген есептен табу. Логикалық ойлаудың болуы міндетті емес, бірақ алгоритмдік ойлау болуы тиіс.

Қазіргі уақытта балалардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға арналған көптеген бағдарламалар бар. Үнемі дамыту сабақтарын өткізу барысында, жүйелі ұйымдастырылған қызықты тапсырмаларды орындау кезінде алгоритмдік ойлау, өзбетінділік сияқты қымбат қасиеттерді қалыптастыру үшін қолайлы жағдай құрылады. Компьютерлік жаттығулар сабақ түрлерінің бірі, ол барлық сабақтар бойынша жасалып, сабақтың апофеозы болуы тиіс. Кез келген информатика сабағында компьютерлік және компьютерлік емес фрагменттер болуы тиіс. Олардың дұрыс үйлесімділігі әдістемелік және эргономикалық талаптармен анықталуы тиіс.

Көптеген үйретуші бағдарламалар белгілі дағдыны қалыптастыруға бағытталып, жобаланатындығына қарамастан, сабаққа кірістірілген компьютерлік бағдарламаларлар көпмақсаттылық әдістемелік жүктемеге ие болуы тиіс. Шынымен-ақ, көптеген оқытудың бағдарламалық құралдарында әртүрлі педагогикалық бағыттар қиылысады.

Тұрғанбай Қ.Е., Төлебаева Н.А.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз