Өлең, жыр, ақындар

Ислам - бейбітшілік діні

Араб тілінде «Ислам» сөзі бойсұну, бағыну, мойындау мағынасын білдіреді. Шариғатта бұл сөз «Аллаға тек оған ғана ғибадат етіп бағыну, бұйрықтарын орындау арқылы бойсұну және көпқұдайшылықтан арылып, оның жақтастарына қарсы болу»

Алғашқы адам баласы болған хазіреті Адам (ғ.с.) – алғашқы пайғамбар, адамзаттың алғашқы діні – хақ дін. Хазіреті Адамнан хазіреті Исаға (ғ.с.) дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Алланың бір екендігін баяндаған және Аллаға калай ғибадат етілетіндігін үйреткен. Бірақ бұл пайғамбарлар жеткізген иман негіздері және діни қағидалар уақыт өткен сайын бұрмаланып, түпнұсқалары жойылған.Осыған байланысты Ұлы Алла соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы бүкіл адамзатқа соңғы және ең тамаша Ислам дінін жіберген. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі шынайы ақиқат дін – Ислам діні. Батыл және мухарраф діндердің Алла алдында ешқандай құны жоқ. Алла алдында қабылданатын тек Ислам діні.Бұл шындық Ұлы Алла тарапынан Құран кәрімде былай білдірілген: «Алла құзырындағы дін тек Ислам ғана» («әл-Имран» сүресі, 19-аят); «Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» («әл-Имран» сүресі, 85-аят).Алла тағала Құран кәрімде былай баяндайды: «Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар» («Рум» сүресі, 41-аят). Бұған қарағанда құлшылықпен бағынудан, яғни Исламнан алыстау құрлықтағы және теңіздегі тәртіп пен сәйкестіктің бұзылуына себеп болады. Әр пайда болатын апат сияқты оқиғалар күнәһарларға бұл дүниеге қарасты азғантай бір жаза ретінде беріліп, олардың кайтадан Исламға оралула-рын камтамасыз ететін ескерту көріністеріне толы.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір сөзінде былай дейді: «Бейкүнә бір адамды өлтіру – күллі адамзатты өлтірумен тең». Мұндай қағида қасиетті Құранда да көрсетілген. Олай болса, соңғы уақыттары жиі орын алып жаткан лаңкестік әрекеттер, қаншама бейкүнә жанды қыр-шынынан қию – Исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Керек десеңіз адам өлтіру былай тұрсын, малды қинаудың өзі Исламға теріс.

Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер мен Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген соңғы дін. Ислам бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы сол бейбітшілікті өзінің сөйлеуімен, өзгелермен қарым-қатынасымен, қысқасы әрбір іс-әрекетімен іс-жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.Беліне бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін «шейітпіз» деп есептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен келетін «оңай» нәрсе емес.Исламда мақсат кандай таза болса, оған апаратын жолдар да сондай таза болуы тиіс. Террорлық әрекеттер арқылы ешбір мәселе қазірге дейін шешілмеген. Әрі бұдан кейін де террорлық іс-әрекетпен мәселе шешілмейді. Барлық лаңкестік әрекеттер Ислам үшін жасалған күрес емес, керісінше Исламға қарсы бағытталған күрес.Кейінгі кезде Ислам мен терроризмнің бірге айтылуы – тырнақ астынан кір іздейтін Ислам дұшпандары үшін таптырмайтын олжа болды. Сондықтан қандай жағдайға душар болса да, Исламның, мұсылманшылықтың атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден мұсылмандар аулақ болуы керек. Себебі белгілі бір жағдайлар, дағдарыстар мен саяси ойындар күнде өзгереді.

Борбасова Қарлығыш


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз