Эссе және өлең-жыр байқауы

Құрамы пластик, пестицид пен канцерогенді химиялық заттарға толы қытайлық 10 азық-түлік

Қытай – өз асханасымен жақсы танымал. Сонымен қатар ол – әлем бойынша көптеген азық-түлік экспортталатын үлкен нарық. Ал сыртқа шығарылатын тағамдар қатарында арзандары да бар.

Десе де қытайлық тағамның сапасы жөнінде көптеген қауесет тараған-ды.

Алайда, Қытай жөніндегі қауесеттерге қарамастан, Apple компаниясы немесе Версаче өнімдерінің қытайлық арзан баламасын қолдануға етіміз үйреніп кеткен.

Қытайлық өнімдер

Қытайда шығарылатын өнімдер сапасы жағынан ақсайды. Бүгінде AliExpress, eBay немесе Amazon сынды онлайн дүкендерден арзан бағадағы тағамдарды да табуға болады.

Бұл ретте онлайн дүкеннен тағамға тапсырыс берерде не азық-түлік дүкенінде қытайлық тағамды сатып аларда әбден ойлануға кеңес береміз. Себебі олардың сапасы нашар ғана емес, оған қоса құрамы пестицид, пластик және денсаулық үшін қауіпті басқа да заттарға толы болуы мүмкін.

Тізімде көрсетілген ең қауіпті қытайлық өнімдерден міндетті түрде бас тартуға тиіссіз:

1. Жұмыртқа. Бұл өнім калия, альгинді қышқыл, желатин, кальций хлориді және судан жасалады. Сеніңіз, бұл шындық. Мұндай жұмыртқаны тұтыну есте сақтау қабілетінен айырылуға, тіпті, ақыл-ес кемдігіне алып келеді.

2. Сіз грек жаңғағының жаңа түрінің дәмін татып көрдіңіз бе?  Ол – бетонды жаңғақ. Сатып алған жаңғағының іші цементке толы болып шыққан бірнеше жағдай орын алған.

3. Қытайда шошқа еті сиыр етінен арзан тұрады. Сондықтан көптеген мейрамхана өз тамақтарына сиыр етінің орнына шошқа етін қосады.

Ол үшін шошқа етіне сиыр еті экстрактын сеуіп, етті бір жарым сағат маринадтап қояды. Нәтижесінде шошқа етінен сиыр етінің дәмі сезілетін болады.

Дәрігер шошқа етінен жасалған мұндай жасанды өнімдерді тұтынуда сақтық таныту керектігін ескертеді. Себебі құрамындағы химиялық қоспалар салдарынан уланып қалуыңыз мүмкін.

4. Жасыл бұршақтың да жасанды түрі бар. Ол туралы 2005 жылы басылым беттерінде жарыса жазған еді. Мұндай бұршақты ұзақ уақыт қайнатқаннан кейін де жеу қиынға соғады.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін бұршақтың құрамын зерттей келе, оның соя бұршақтары, жасыл түсті тағамдық бояғыш пен натрий метабисульфитінен жасалғаны анықталған.

5. Қытайлықтардың тағам өндірісінде шектен шыққаны сонша, тіпті, балаларға арналған тағамдардың да жасанды түрін шығара бастаған. Мұндай тағамдардың құрамындағы негізгі зат – бор. Ол балалардың көптеген дертке шалдығуына әкеліп қана қоймай, шетінеуіне сеп болған.

Ал өнімді жеткізуші жасанды тағамдардың зиян еместігін және түрлі аурулар мен балалар өлімінің себебі бола алмайтынын айтып ақталған.

7. Өндірістік тұзды тағамдық мақсатта пайдалануға болмайтыны белгілі. Ал оның бағасы ас тұзынан екі есе арзан тұратындықтан, қытайлықтар ас тұзы ретінде сатқан.

13 жыл бойы өндірістік тұздың 788 тонна мөлшері тек қытайлық емес, әлемдік нарықта сатылған. Мұндай тұзды қайта қолданған жағдайда, адам гипотиреоз, физикалық және психикалық қиындықтарға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар ұрпақ өрбіту жүйесінде бұзылулар орын алуы ықтимал. 

8. Жасанды тәтті картоп кеспесі. Жүргізілген бірқатар зерттеу жұмыстары мұндай кеспенің жүгері, өндірістік сия және парафиннен тұратынын дәлелдеген. Ал химилық заттардың ағзамызға әсері қандай екендігі бәрімізге белгілі болар?

9. Қытайлықтар жасанды жасыл бұршақты ғана емес, күрішті де қолдан жасайды. Мұндай күріш синтетикалық шайыр мен картоптан жасалады екен.

10. Химиялық заттардан жасалатын жасанды заттардың бірі – бәріміз емдік шөп ретінде білетін адамтамыр. Бүгінде өсімдік тамырын сататындар жеңіл жолмен мол табысқа кенелуді көздейтіндіктен, бұл өсімдік те күмән туғызады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Болат

Өз пайдасы үшін халықты улауға болады ма?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...