Өлең, жыр, ақындар

Жаңа метеорологиялық спутник жарты шарды толықтай суретке түсіре алады

2017 жылы Жерден 36 000 километр биіктікте орбитадан түсірілген алғашқы суреттер. Суреттерді Мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасы жариялаған.

GOES-16 спутнигі әр 15 минут сайынтұтастай жарты шарды жоғары сапада түсіре алады. Ол ғалымдар мен метеорологтарға ауа райын бақылап, табиғат апатын жоғары дәлдікпен алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Кариб аралдары және АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігі.

GOES-16 спутнигі суреттерінің сапасы дәл осы серия спутниктері түсірген фотосуреттерден 4 есе жоғары болса, жұмыс істеу жылдамдығы 5 есе артық.

Қазіргі уақытта спутник Жер бетінен 36 000 километр биіктікте. Дәл осы себепті ол біздің ғаламшарымызды бүтіндей суретке түсіре алады.

Салыстырма үшін, Халықаралық ғарыш станциясы 400 километр биіктікте орналасқан.

GOES-16 спутнигі 2016 жылы қараша айының 19 жұлдызында Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылып, екі ай көлемінде жұмысқа жарамдылығы тексерілген.

Енді ол бір жыл бойы сынақ мерзімінен өткізілмек. Межелі уақыт жеткеннен соң, спутниктің қай жерде анағұрлым тиімді болары анықталып, жаңа орбитаға ауыстырады.

Бұл 16 панельді сурет АҚШ-тың континенттік бөлігін екі анық каналда, төрт жақын инфрақызыл облыста және негізгі облыстың 10 инфрақызыл каналында көрсетеді. Бұл каналдар бұлт атмосферадағы су буы, түтін, мұз немесе жанартау күлін анықтауға мүмкіндік береді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз