Өлең, жыр, ақындар

Пижама, күріш және телефонсыз өмір: жапон мектептерінде қалай оқиды

Бұл жолы ат басын Жапонияға бұрғанды жөн көрдік. Мұндағы адамдар су асты қайығында өмір сүріп жатқандай. Бірін-бірі елемейтін адамдардың мінезі тұйық болғанымен, көзбе-көз тілдескенді ұнатады әрі өз елін бар жүрегімен сүйеді. Мұнда көкейіңізде қандай сұрақ туса да, берілетін жауап бір: «солай болуы керек».

Бұл елдің тұрғындары айналасындағы адамдарды, болып жатқан дүниелерді елемейді де. Тек аңдай басып, жан-жағына қарамастан, адамдарға зер салмастан алға жылжи береді.

Жапония өз ережелерімен өмір сүреді. Оны бөгде азаматтардың түсінуі де екіталай. Құдды су асты қайығына еніп, мұндағы тіршілік ағымын түсінбеген, тіршілік көшіне ілесе алмаған күйге тап болғандайсың. Күнделікті таңмен таласып оянатын халықтың бұл әрекетіне таңданып, тағы да «Не үшін?» деген сұрақ қоямыз. Олар бейқам ғана: «Солай болуы керек», - деп жауап береді.

Бұл мемлекет халқы ережелерді құрметтеп, қарттарын қадірлеп, дәстүрін ұмытпайды. Және сондай ізденгіш. Олардың мәдениетін, болмысын, ұстанымдарын және отанға деген махаббатын түсініп, сезінген адамның бұл халыққа ХХІІ ғасыр данышпандары деген атау берері сөзсіз.

Таңдай қақтыратын жайлар

Бұл елдегі балалар мүлдем телефон ұстамайды. Үйде де, мектепте де. Түрлі техникалар қолжетімді болғанымен, жапондықтар көзбе-көз тілдескенді құп көреді.

Сыныптан интерактивті тақтаға қосылған жалғыз кішкентай планшет көре аласыз. Балаларға арналған техникалар қатары осымен аяқталады.

Мұндағы балаларда планшет жоқ, әлеуметтік желілерді қолданбайды және виртуалды әлемде өмір сүрмейді.  Олар табиғат аясында өмір кешіп, айналасындағы әлем іліміне қанып өседі. Үлкендерден өмірге үйреніп, түрлі сұрақтар қойып, әр түрлі тақырыпты талқылап, дамуға тырысады. Техника мен виртуалды әлемге тәуелді болып отырған біздер үшін бұл шынымен де таңданарлық дүние емес пе?

Бастауыш мектеп

Бастауыш мектепте қатаң ережелер жоқ. Оның дәлелі – пижама киген балалар. Олар ойын арқылы әлемді танып, өзін-өзі ұстауды, үлкенне деген қарым-қатынасты, салт-дәстүрі мен ережелерді үйренеді.

Мектеп ережелері

Мектепте тазалықты сақтап,үй шәркейімен жүру қабылданған. Токио, Осоко, тіпті Такацукиде де тазалықшылар болмайды. Сондықтан оқушылар тазалық сақтауға міндетті.

Ал жиһаздардың бәрі икемді. Сабақ қажеттілігіне сай өзгеріп тұрады.

Түскі ас

Жапония мектептеріндегі түскі ас – тұнып тұрған дәстүр. Ең ұзақ үзіліс уақытында берілетін түскі ас бір сағатқа созылады. Кезекші оқушылар тамақты сыныптарға таратады.

Тамақ мектептің ішінде жасалады. Ыдыс-аяқ мектеп тарапынан берілгенімен, оқушылар таяқша мен сүлгіден тұратын тамақтануға арналған жинақты өзімен алып келуі тиіс.

Түскі асқа міндетті түрде күріш пен сүт беріледі. Түстеніп болғаннан соң, кезекшілер ыдысты жинап алып, үстелдер орнына қойылады. Ары қарай келесі сабақ жалғасады.

Үзіліс

Мектеп аумағында спорт алаңы қарастырылған. Әр оқушы сабақтан соң алаңға барып, доп ойнап, жүгіріп, достарымен араласа алады.

Орта және жоғары мектеп

Орта және жоғары мектеп оқушылары бектілген мектеп формасын киеді. Олар мектепке велосипедпен қатынайды. Мұнда сабаққа кешігуге болмайды (мектеп жабылып қалатындықтан, кешіккен оқушылар жоқ). Бұл ретте «Кешіккен оқушылар не істейді?» деген сауал туындауы мүмкін. Жауабы жоқ, себебі бұл елде ешкім ешқайда кешікпейді. Тіпті ересектердің өзі уағдалы орынға 40-50 минут бұрын жетіп, келіскен адамын күтеді.

Ал дене шынықтыру сабағында ұлдар мен қыздар бөлек ойнайды. Қыздар жаттығу залында қалса, ұлдар далада шынығады.

Жаттығу залында сақталатын аяқ киімдер мектептің меншігі болып табылады. Сондықтан мұндағы мектеп оқушылары бір кроссовка киеді. Олар түрлі өлшемдегі аяқ киімдер ішінен өзіне лайығын тауып, дене шынықтырумен шұғылданады.

Мектеп үйрімелері

Сабақтан кейін оқушылар түрлі үйірмеге қатыса алады. Мектепте баскетбол, волейбол, кендо және би үйрімелері бар.

Жаздық форма

Оқушылар киімі жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жазда оқушылар Yukata аталатын форма киеді. Ол кимоноға ұқсас.

Қосымша білім

Сабақтан кейін оқушылар клубтарға барып, жаңа дүниелерді үйренеді. Жоба жасап, өзге елден келген балалармен араласады.

Тамақтану мәдениеті

Жапондықтар үстел басына төрт көз түгел жиылып, барлығы бірге отырады. Еденде отырып ауқаттанатындықтан, тамақтанатын үстелдері аласа. Сорпаны тәреледен ішу қажет болса, асты соңғы күрішіне дейін тауысып жеу керек. Ыдыстағы ас толық желініп, тауысылмайынша, ешкім дастархан басынан тұрмайды.Айтпақшы, жергілікті халық таңғы, түскі, кешкі асқа да күрішпен ауқаттанады екен.

Сонымен қатар Жапонияда көк шай кең таралаған. Ал сушиге тоқталсақ, жапондықтардың көбі зімбір жемейтін көрінеді.

Аңыз

Жапонияда оригами өнері жақсы дамыған. Тіпті, мың дана тырна жасасаң, арманың міндетті түрде орындалады деген аңыз да бар. Сондықтан жапондықтардың барлығы кешкі уақытта қағазбен түрлі тәжірибе жасайды.

Жапония халқы көшеде айналасындағыларға мән бермейді, тіпті, өзглеремен себепсіз таныспайды. Әр адам өз әлемінде өмір кешіп, өз жолымен жүреді. Қайда және не үшін бағыт алғанын нақты біледі. Десе де Жапония тіршілігі тыныш әрі үйлесімді болғанымен, бұлөмірі қарбалас мемлекет.

Жапондықтардың өмірі бізге түсініксіз көрінуі мүмкін... Бірақ түсінбейтін біздер сияқтымыз. Олар ғаламшарымызды қорғап, үлкендерін сыйлап, дәстүр-салтын қастерлеп, халық мұрасын сақтай біледі. Және аз шығынмен үлкен жетістіктерге жету жолын меңгерген.

Бұл мемлекет мектептерінің қабырғаларының бәрі сұр түсті. Күн сайын сұр қабырғада гүлдердің, көбелектердің және басқа да суреттер пайда болады. осыдан-ақ аңғарғанымыздай, жапондықтар дәстүр сабақтастығын үзбестен өз өмірі мен болашағын өздері жобалап, өздері құрады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Лаура

Оте керемет

Айжан

Биз де жапондардан АКЫЛ жагынан кем емеспиз, дегенмен, олардын дарежесинде корине алмайтынымыз окиништи- ак!

Полатбек ЖАНБАЕВ

Қызық екен

Нурик

Расындада бұл қатал ережелерін бұзбайды. Бұл қағидаларға төзбегендер өз - өздеріне қол жұмсайды екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз