Өлең, жыр, ақындар

Центениалдар: бізді Жер бетінен ығыстыратын ұрпақ

Кез-келген ата-ананы іс-әрекетімен он орап алатындай балалардың бүтіндей бір ұрпағы пайда болды. Таныс болыңыздар - центениалдар. Бұлар ертең-ақ ер жетіп, ересек адамдарға айналады. Көзді ашып-жұмғанша олар әлемді жаулап алады. Олардың кім екендігін, алдыңғы буыннан олардың қандай айырмашылығы бар екендігін және олармен қалай бірлесе әрекет жасауды үйрену керектігін талқылап көрейік.

Ұрпаққа қатысты бұл не дау, түсіндіретін біреу бар ма?

Ұрпақтар теориясын 1991 жылы Нил Хау (Neil Howe) мен Уильям Штраусс (William Strauss) сипаттап берген болатын. Бұл теория бойынша ұрпақтар бірін бірі 20-25 жылда бір рет ауыстырады. Жуырда миллениалдардан кейін келетін – центениалдар тіркелді, оларды тағы да Z буыны деп те атайды. Сірә, балалардың ата-аналарынан осыншалықты айырмашылықта болуы тарихта алғаш рет шығар.

Центениалдар деген кімдер?

Олар 1996 жылдан кейін немесе 2000 жылдан кейін (түрлі зерттеу деректері бойынша) туылғандар. Жылдардағы шашыраңқылық, әзірге зерттеулердің аздау болуына байланысты болып отыр. Центениалдар әзірге жас, алайда оларды ешкіммен шатастыра алмайсың.

Басқа ұрпақтардан несімен ерекшеленеді?

Бұлар ғаламтор заманында туылған алғашқы буын. Гаджетсіз өмір қандай болғаны олардың естерінде жоқ, және күніне 8 сағаттан артық уақыттарын смартфонмен немесе планшетпен өткізеді. Центениалдарда әр қадамға қосымша бар, олар оны ауамен демалғандай, шынайы іс жүзінде пайдаланады. Z буыны әлемді сандық және нақты деп бөледі, олардың өмірлері экранға және кері бағытта біртіндеп ауысады.

Технология центениалдарға қалай әсеретті?

Центениалдар Желіде отырып, аты-жөнін көрсетпей хабар алысқанды жақсы көреді: жасырынуға болатын әлеуметтік желілерді дұрыс көреді. Бұл Twitter емес, хабарламалар жойылып отыратын Snapchat. Бұл мульти мәдени ортада өсіп келе жатқан алғашқы буын. Центениалдарға әңгімелесіп отырған адамының қай жерде туылғаны және оның түр-келбеті қандай екендігі бәрібір. Бәлкім, бұл ең бір төзімді және салмақты буын шығар.

Олардың жарнамаға деген иммунитеттері кіріктірілген адблок. Жарнамалық баннерлер мен хабарламаларға көзі үйреніп кеткендігі соншалық, олар тіптен жарнамаларға көңіл аудармаулары да мүмкін, ал жарнама оларды қызықтыруы үшін онда шынымен де қызықтыратындай бір нәрсе болуы тиіс.

Кемшілігі – центениалдар ұзақ уақыт ой шоғырландыруды ұнатпайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында көңіл бөлудің жетіспеушілік белгісі мен гипербелсенділік кең таралған. Сондықтан Z буыны оқығаннан гөрі, көзбен көргенді дұрыс санайды. Олар аз уақытта өте көп ақпарат ұғынып алуы қажет.

Олар неліктен сондай ықылассыз? Олар ақылсыздау ма?

Жоқ. Центениалдар технологиямен бірге қатарласа оқығандар және пәндерді тұс-тұстан тоғыстыра оқып үйренуге дағдыланған. Олардың миында оқулықтың әрбір параграфы «Википедиядағы» тәрізді гиперсілтемелер түрінде тізіліп тұр. Сонымен бірге, олар ғаламдық ауқымда ойлауға дағдыланған, өйткені әлемнің барлық жерінен ақпаратты лезде алады. Олар жаңалық ашқысы келеді, зерттеулер мен ашылулар жасағанды ұнатады.

Иә, центениалдар назарын жиі басқа нәрсеге аударады, сондықтан да тез шешім қабылдайды. Z буыны бір сұраққа бірнеше рет қайта оралғанды ұнатпайды.

Олар не істей алады?

Олар көзбен көргенді дұрыс санайтын буын. Желіде тілдесе отырып, центениалдар эмодзилерді, смайлдарды, суреттерді пайдаланады. Осылайша олар өздерінің айналасына адамдарды тарта алады. Жасөспірімдер ақпарат қандай заңдылық бойынша жүретінін және көбірек лайк жинау үшін Instagram-ға қай кезде сурет жариялау қажеттігін нақты біледі. Ұсақ-түйек дейсіз бе? Ал енді айналасына адамдарды топтастыра білетін осы жасөспірімдер нарыққа шыққанда не болатынын ойлап көріңіз. Бұрынғы өткен буын бос қалады.

Ал олар лайктан басқа, қандайда бір нәрсені бағалай ма?

Олар, басқаларға қарағанда, қауіпсіздікті бағалайды. Бұл буын лаңкестік пен экономикалық дағдарыс дәуірінде өсіп келе жатқандықтан болар, центениалдар тұрақтылықты, тыныштықты және өркендеуді қалайды. Оларға бірреттік қолданыстағы заттар ұнамайды, олар ұзақ уақытқа жарайтын нәрселерді сатып алғылары келеді. Олардың арасында минималист болу сәнге айналған.

Центениалдардың өмір туралы және жетістікке қалай қол жеткізуге болатындығы туралы түсініктері өте парасатты. Миллениалдар, өздерінің қандай көркем және тамаша екендігін бүкіл әлем байқаса деп армандайды. Центениалдарда ондай бос қиял жоқ. Олар көп жұмыс істеуге және көбірек ақша табуға ұмтылады: оқу бітіргендердің 72%-ы кәсіпкерлік туралы ойланады.

Центениалдар – бұл бүлік шығарушы жасөспірімдер емес. Олар шылымды аз шегеді және ішімдікті аз ішеді, тіптен жыныстық қатынасқа да барынша жауапкершілікпен қарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша жасөспірімдердің жүкті болып қалуының саны азайғандығы туралы айтуда, ал АҚШ-та қазіргі уақытта бұл көрсеткіш соңғы 50 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш болып отыр.

Олар жүйені бұзғысы келмейді, олар әлемді баяу және дұрыс жолмен жақсартуға әзірленуде. Бәлкім, бұл жасөспірімдік қиял шығар. Бірақ теорияны еске алар болсақ, олардың негізгі көзқарасы қалыптасып болды.

Центениалдармен байланыс орнатуға бола ма?

Біріншіден, олар үшін барлығын да көрнекі ету қажет, кез-келген ақпарат көрнекі болуы қажет.

Екіншіден, барлығын да тез жасау керек. Жұмыстың жылдамдығы қашан да маңызды болып қалады. Егер де сіз әрбір плакат пен әрбір жарияланымды әлеуметтік желі арқылы екі ай бойы келісімнен өткізуге дағдыланған болсаңыз, онда сіз ұтылдыңыз.

Үшіншіден, вирустық жарнама жасаңыз. Центениалдар қызықты нәрсемен бөліскенді ұнатады және ол туралы тез ұмытып кетеді. Ерекшеленуді үйреніңіз.

Төртіншіден, олар сатып алғанды жақсы көреді, алайда онлайн сатып алуды дұрыс санайды, ал интернетке мобильді құрылғылар арқылы кіреді. Олармен дәл осы арналар арқылы жұмыс істеңіз.

Маған центениалдармен жұмыс істеуді үйрену не үшін қажет?

Әр буын – бұл белгілі бір мақсатты аудитория. Егер де сізге клиенттермен немесе аудиториямен жұмыс істеуге тура келсе, онда сіз, кең мағынада, нақты осы ұрпақтармен бірлесе әрекет етесіз.

Центениалдар – өзгеше буын. Біз олардың сатып алуға және минимализмге деген сүйіспеншіліктерін, білімдарлықтары мен гипербелсенділіктерін, көзбен көріп ойлау мен кіріктірілген адблоктарын қалай үйлестіретіндіктерін түсіне алмаймыз. Ал бұл олардың қолдарынан келеді. Осыдан кейін балалар бұрынғыдан нашар деп кім айта алады?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз