Өлең, жыр, ақындар

Бай болу үшін оқылуы тиіс 10 кітап

Әркім бай, бақуатты болып өмір сүруді қалайды. Ол үшін тек жұмыс істеу жеткіліксіз. Қалай жұмыс істеп, қалай пайданы арттыруды ойлау керек? Ол үшін сізге теория көмекке келеді. Мамандар саралаған баю үшін оқитын 10 кітапты оқырман назарына ұсынамыз.

1. Миллионер Next Door

Томас Дж Стэнли мен Уильям Д. Данко 1996 жылы жазған бұл кітап қазір классикаға айналған. Ол кітапта бақуатты өмір сүру үшін жасалатын 7 қадам айтылған. Аз жұмсап, көп табудың стратегиялық жолдары қарастырылған.

2. «Бай әке, кедей әке»  (Богатый папа, бедный папа)

Роберт Кийосакидің бұл кітабы кез келген жастағы адамдарға арналған, әрі барлық уақытта сұранысқа ие болып келеді. Кітап авторы өзінің өте білімді, бірақ кедей болған әкесінің әдеттерін жазады.

3. Бай адамдар қалай ойлайды?

Бұл кітаптың авторы Стив Сиелбол оны жазбас бұрын 1000 миллионерлер мен миллиардерлерден сұхбат алған. Ол үшін өзінің 30 жылын құрбан етіп, олардың қарапайым адамдардан өзгешелігін анықтауға тырысады.

4. Дұрыс ойлау және бай болу

1937 жылы америкалық жазушы, журналист, психолог Наполеон Хилл жазған. Деректі прозада қалталы болу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.

5. Қалай бай адам болуға болады? (Ты это деньги: как стать богатым человеком)

Орта деңгейде өмір сүріп жүрген адамдарға арналған кітапты Фарух Тораби жазған. Тұрмыста ақшаны қалай үнемдеуге болады деген сұраққа жауап береді. Бұл кітап сізге басқа әлемді таныстырады.

6. Вавилондағы ең бай адам

Сіздің бақуатты өмір сүруіңіз үшін білу керек құпиялар мен міндеттер айтылған. Авторы Джордж С. Клейсон бұл кітапта каржылық келеңсіздіктерді жоюдың тәсілдерін ұсынады.

7. Баю ғылымы

Уоллес Ватл баю үшін позитивті ойлау мен интеллектуалды негіздердің мағыздылығын көрсетеді. Кітапты ойдың байлыққа апару жолдары сараланады. Мысалы сіз ақша қолдың кірі деп есептесеңіз, ешқашан бай болмауыңыз мүмкін.

8. Автоматты миллионер

Бұл кітап баю болу үшін қаржыны үнемдеу емес, сауатты жоспар құру керектігін түсіндіреді. Оқыған сәттен бастап сол жолға түсу үшін өмірлік принциптерді қалыптастырып береді.

9. Өмір сабақтары

Бұл кітапты тәжірибелі маман, миллиардер Ричард Брэнсон жазған. Өзінің қалай бақуатты адам болғанын, қандай сатылардан өткенін айтады.

10. Миллионер «Fast Lane»

Аталмыш кітап өзіңіз нақты не істей алатыныңызды және не істей алмайтындығыңызды анықтап алуды ұсынады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Kudaibergenkaldibaev

Тамаша, керемет,бiз бiреу миллиарддер десе ойымызга миллиард акша устап тугандай болады немесе акесi бай завод тастап кеткен шыгар деймiз мурагерлiкке, жок олай емес миллиарддерлердiн тен жартысы, жок шаруа адамдар,олар ушкыр кялдай бiледi, шындык пен кялдын арасы бiр кадам, кялдарын шындыкка айналдырган адамдар миллиарддерлер, барлык адамдар омiрге нольмен келедi максатын биiк койган адамдар,кялын шындыкка айналдырып жатады,сонын жолында ерiнбей,табандылыкпен жумыс жасайды,миллиарддер болгасын адамдарга туа бiттi бай болып корiнедi, онын жокшылыкта коп киналганы ескерiлмей жатады,олар акшаны дурыс жумсайтын жане акшаны орынды жерге баскара алатын адамдар,шыгынды шыгарып кайта кiргiзiу жолын бiледi,коп сабак алады,жоктан бар жасагысы келiп турады,жоктан бар жасай алады.

Ерсултан

Бұл кітаптарды қайдан және қай жерден сатып алуға болады? Көп кітап сататын дүкендерде кездеспейді.

Аколкын

Кайдан табуды болады

Марғұлан

Вавилондағы ең бай адам Ең керек кітап

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер