Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның көлік жүйесі

Қазақстанның көлік шығарушы жүйесі өнеркәсіптен, жер бөлуден және өндіретін өнеркәсіптен кейінгі материалдық өндіріс сферасы болып табылады. Экономикалық теория көліктің қазіргі қоғамды дамытудағы орыны мен рөлін анықтай отырып, оны еңбектің жалпы барлық құралы ретінде, өндірістің жалпы шартының бірі деп қарастырады. Кәсіпорын ішінде еңбек құралы мен жұмысшыларды ауыстыра отырып, көлік еңбекті технологиялық бөлумен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтерді ішкі өндірістік көлік орындайды. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында өнімнің әр түрлі түрінің орынын ауыстыра отырып көлік еңбекті территориялық бөлу нәтижесінен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтер айналу сферасы көлік құзырында болады. Ол еңбекті қоғамдық бөлу тарихи процеске кіру кезінде жеке өндіріс сферасына бөлінеді. Қазіргі жағдайдан айналу процесінде тасымалдауды көбіне жалпы пайдаланатын көліктер — темір жол, теңіз, өзен, автомобиль әуе және арнайы көліктер (құбыр өткізгіштер, электр берудің жоғары қуатты желілері және кәсіпорынның магистралды қатынас жолдарының торабымен байланыстыратын темір жол кіріс жолдары) орындайды. Көліктің осы түрлері жіктелген жүйемен бірге айналу процесінің материалдық негізін құрайды. Сонымен бірге көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан айыратын (даралайтын) кейбір ерекшеліктер тән.

Біріншіден, көлік жаңа (заттық) материялдық өнімдерді шығармайды, былай айтқанда тек өндіріс процесінің айналу процесі шегінде жалғасуы болып табылады.

Екіншіден, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы көлік өнімі, яғни көлік өндірісі процесінен ажырамас болып табылады. Оны жинамайды, оның қоры құрылмайды.

Үшінщіден, көлік өнімі шикізаттан тұрмайды. Оның өзіндік құнында төлем ақының үлесі өнеркәсіппен салыстырғанда екі есе артық. Амортизацияға, отынға және электр энергиясына кететін шығын көліктің барлық пайдалану шығынының жартысын құрайды.

Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінген құралдың айналымы ауыл шаруашылығымен өнеркәсіптің дамуына бағытталған құралдың айналымына ұқсамайды. Көлік нарығында жаңа зат түрінде тауар емес, көлік өнеркәсібінің өндірістік процесі іске асады. Демек, көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талап, тек оның нарықтық өніміне, көліктік іс-әрекетіне ғана қойылмайды, сондай-ақ көліктік өндіріс процесіне де тікелей қойылады.

Қазіргі жағдайда көліктің дамуы кез — келген елдің өндірушілік күшінің өсуімен және оның сыртқы байланыстарымен байланысты. Дүниежүзілік жүк тасымалын жүзеге асыруда көліктің жеке түрлерінің үлесі шығыс еуропа елдері үшін келесі сандарды кұрайды: су көлігі — 23 %, жер бетіндегі көліктер — 64 % және көліктің басқа түрлері — 13%; өнеркәсіптік дамыған елдер үшін — 62, 27 және 11; дамушы елдер үшін — 84, 10 және 6. Жер шарының 70% территориясын алып жатқан дамушы елдерде жер бетіндегі көліктік жолдар төмен, ол дүниежүзілік инфрақұрылымның 5 % құрайды.

Дүниежүзінде 9800 порт бар, оның 1000 халықаралық қатынаста қатынайды, 15950 әуежай, оның 1020 — халықаралық. Статистикалық негізге сүйенсек, дүниежүзілік жер бетінің 1 км-нің 8,8 метрін темір жолдары, 103 м автомобиль жолдары 0,4 м ішкі су жолдары қамтиды. Дүниежүзінің жеке елі, контингенті және аймағы бойынша торапты көлік інфрақұрылымын бөлу аса бірдей емес, ал Африкада темір жол жолдарының тығыздығы бұрынғы СЭВ елдерінен гөрі 15 есе аз. Бірдей болмау себептері — өнеркәсіптік дамудың әр түрлі деңгейі және шикізат ресурстарын игеру географиялық жағдайының ерекшелігі. Көлік кешені — салалардың экономикасының иифрақұрылымын қалыптастырушының бірі болып табылады. Бұл салаларға темір жол, автомобиль, әуе, құбыр өткізгіш, теңіз және өзен (су) турлеріндегі көлік кіреді. Оның жағдайына республикамыздың халық шаруашылығының салалы кешендерінің дамуы (аграрлық өнеркәсіптік, отын — энергетиалық, таулы-металлургиялық, құрылыс және басқалары), экономика салаларындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, өндіріс түрлері мен территориялық кешендер тәуелді. Республикада көліктің біршама динамикалық дамуы өткен жүз жылдықтың 70-80-ші жылдарында болды. ТМД елдерінде 1990 жылы басталған экономикалық құлдырау барлық көлік түрлері үшін тасымалдау көлемінің жалпы төмендеуіне әкеп соқты. Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметіне сәйкес статистика бойынша 2002 жылда көліктің барлық түріндегі жүк айналымында темір жол көлігінің үлесі 56,9% құрады; құбыр өткізгіш көлігі — 27 %; автомобиль — 16%; әуе — 0,02% және өзен көлігі — 0,02%. Негізгі мұндай қатынас Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің ішкі заттық құрылымымен түсіндіріледі. Тасымалдауға берілетін негізгі тауарлық өнім жалпы үйілетін және құйылатын жүктерден тұрады: көмір, астық, мұнай, кен, минеральды тыңайтқыш және т.б. Осы өнімдерді автомобиль көлігімен тасымалдау тиімсіз. Сонымен қатар, автомобиль көлігімен жүк айналымын бағалау мен статистикалық есепке алудың қиындығынан үлесті бөлудің кейбір жіберілген қателіктерді ескеру қажет.

Қазақстан көлігінің магистральді түрлері келесі ерекшеліктермен сипатталады

Темір жол көлігі:

- жол мен тәулік уақытына, климаттық жағдайына тәуелсіз жүк және жолаушылар тасымалының тұрақтылығы;

- жол ары өткізу және тасу қасиеті;

- жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы жоғары емес өзіндік құны;

- көптеген жүктерді үлкен және орташа қашықтықта тасымалдаудағы жоғары тиімділігі.

Темір жолды салуға үлкен капитальды салым қажет. Бұл капитальды салым жүк және жолаушылар ағынын біршама шоғырлануында орынын толтырады.

Автомобиль көлігі:

- жүкті жеткізу жылдамдығы мен маневрлігі темір жолмен салыстырғанда біршама жоғары;

- жүктерді жөнелтуші қоймасынан алушы коймасына дейін тиеп-түсіру операциясыз-ақ жеткізу мүмкіндігі;

- тасымалдаудың жүйелілігі мен жақсы маневрлігі (жылдамдығы), ең кіші жүк жөнелткіштерді қоса отырып, жүктің аз партиясын жеткізу қабілеті.

- алыс емес қашықтықта аз жолаушылар және жүк ағынын игерудегі капитальды салымның темір жол көлігімен салыстырғанда аздығы.

Автомобиль көлігіндегі жүк және жолаушылар тасымалының өзіндік құны темір жолдан қарағанда жоғары.

Құбыр өткізгіш көлігі:

- Табиғи-климаттық жағдайға тәуелсіз жұмыс режимінің тұрақтылығы,

- Тасымалдауды басқару режимі мен оны пайдалану қарапайымдылығы, яғни дұрысын айтқанда тасымалдау және тиеп-түсіру операциялары біртұтас процеске біріккен.

- Операцияны механикаландыру және автоматтандырудың жоғары дәрежесіне байланысты еңбектің жоғары өнімділігі.

- Мұнай мен мұнай өнімдерін қотарудың өзіндік кұнының төмендігі;

- Бір тасымалдауға капитал салымының басқа көлік түрлерімен салыстырғанда аздығы.

Құбыр өткізгіштері көліктің универсалды түрі болып табылмайды, өйткені онымен тек сұйық және газ тәрізді жүктер құйылады.

Әуе көлігі:

- жылдамдығы үлкен және жүктер мен жолаушыларды жеткізуде аз уақыт кетеді.

Жүктерді әуе көлігімен тасымалдаудың өзіндік құны өте жоғары. Оның кемшілігі: жоғары энергия сыйымдылығы, ауа райына тәуелділігі, габариті мен тасымалданатын жүктің салмағының шектелуі

Су (өзен) көлігі:

- терең су өзендерінде жоғары тасымалдау қабілеті және тасымалдаудағы өзіндік құнның жоғары еместігі, әсіресе, көп жүктерді тасымалдауда (салдағы ағаштар, мұнай құятын кемедегі мұнай);

- төменгі меншікті капитальды шығындар, метал мен отын шығыны. Өзен көлігінің кемшілігі: өзен ағысы бағытының негізгі жүк ағынымен сәйкес келмеуі;  бір  жыл  ішіндегі  тасымалдаудың тұрақсыздығы жүйелі еместігі; темір жол көлігімен салыстырғанда оның жүкті жеткізу жылдамдығы төмен; жүк қозғалысы жолының басқа көлік түрлеріне қарағанда үлкендігі.

Көрсетілген көлік түрлері жүк және жолаушылар тасымалдау нарығында өзара бәсекелес. Айталық, кұбыр өткізгіш пен темір жол көліктері мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауда бір-бірімен бәсекелес; темір жол мен автомобиль көліктері жаппай үйінді жүктерді қоспағандағы жүктердің барлық номнеклатурасын тасымалдауда бәсекелес.

Теңізге географиялық жағдайда шыға алмайтын кеме жүзетін өзендер мүмкін емес су тасымалдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ Қазақстан жерінің кең-байтақтығынан оның автожол инфрақұрылымының дамуынан әуе көлігінің төменгі техникалық жабдықталуы және құбыр өткізгіш көлігінің қарқынды дамуына қарамастан, міне елімізде жүз жылдан астам халықты жаппай тасымалдау және жүктердің орын ауыстыруының негізі құралы болып темір жол табылады. Ол универсальды және арзаншылыққа қатысты.

Қазіргі заманда темір жол көлігінің мақсаты: аз шығынмен жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы экономиканың қажеттілігін максимальды қанағаттандыру. Сонымен қатар өзінің мақсатын орындауды бағалаудың айтарлықтай маңызды критериясы тек көлік қызметінің құны емес және оның сапасы болады. Оның сапасы үш негізгі көрсеткіштерден құралады: қозғалыс қауіпсіздігі және жүктердің сақталуы; жеткізу жылдамдығы; қызмет көрсету деңгейі (сервис).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Тупой адам

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз