Өлең, жыр, ақындар

Логопедия

Логопедия өзінің практикалық және теориялық зерттеу жұмысына қажетті мәліметтерді алу үшін өзіне жақын көршілес ғылымдармен тығыз байланыс жасайды. Логопедия тілдің механизмдерін ми құрылысындағы тілдің даму процесін, анализаторлардың құрылыстарын және олардың атқаратын жұмыстарын қарастырған кезде сөйлеу тілі қызметінің барысына тікелей қатысып ат салысатын жалпы анатомия мен физиологияның және нейрофизиологияның ілімдерін пайдаланады. Логопедия құлақтың, мұрынның, жұтқыншақтың көмейдің ішкі құрылыстарымен олардың сөйлеу тілінде атқаратын қызметтерімен және олардың ауруларын тексеріп емдеудің және болдырмаудың жолдарын құрастырумен айналысатын отториноларингологиялық және жүйке жүйелері ауруларын емдеудің және болдырмаудың жолдарын қарастырумен айналысатын невропатолог және психикалық аурулардың патологиялық процестерінің пайда болу себептерінің заңдылығын, даму барысының механизмдерін тексеріп зерттеумен және емдеумен айналысатын психопалогиямен және клиникалық олигофрения педиатриямен, сонымен қатар лингвистикамен және психолингвистикамен тығыз байланысты.

Тіл мүкістіктерінің түрлері негізінен ауызекі және жазбаша болып екі топқа бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілі мүкістіктеріне жататындар: Дисфания, Дислалия, Бразилалия, Глахилалия, Тұтықпа, Ринолалия – сөйлеу тілі мүшелерінің аппаратындағы анатомо-физиологиялық кеністіктердегі дауыстың әуелсіздігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сөйлеу тілі мүкістіктері мен психикалық әрекеттердің басқа жақтарының байланыстарын анықтап, араларын ашып алудың нәтижесі бұзылған кемістіктердің пайда болуына әсерін тигізетін психикалық процестерге ықпал жасаудың жолын қарастыруға жәрдем береді. Сөйлеу тілінің мүкістіктерін тікелей түзетумен қатар оның әдеттегідей дұрыс жұмыс істеуіне жанамалап немесе туралап кедергі келтіретін психикалық даму ерекшеліктерінің қайсысына болса да ойдағыдай ықпал жасаудың қолайлы жағдайына мүмкіндік туады.

Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынын дауыстың әуездігімен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофаниядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация) дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз в дыбысында, ал ең қатты қабысуы с дыбысын айтқан кезде болады. Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6-7 мәрте күштірек десе болады. М, н, ң, мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркін кіріп кетеді.

Ринолалияның түрлері. Таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әртүрлі болады.

Жабық ринолалия. Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде мұрнынан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м, н, ң, ц, дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұтқыншақ ашық қалады да ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м, м-б, б; н, н-д, д, н, ң, ғ  болып ауыздан айтылады. Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолда дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстарды айтқан кезде өлімсіреп шыңқылдаған үн шығады. Жабық ринолалия пайда болуының себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылық тыныс алуының қиындап кетуі салдарынан болыу мүмкін.Алдыңғы жабық ринолалия мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп гипертрофия тұрақтап ұзаққа созылуынан хрон кеңірсектің кілегей қабығының қабынуынан мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісуінен пайда болады. Артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін талсақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан мұрын жұтқыншақ қабынуынан мұрын жұтыншақтың фибромасы немесе басқадай ісіктерінен пайда болады.

Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі бірақ анықталуы әруақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай оронациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады. Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия және ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылуға жүргізілген жаттығуды қолданады.

Функционалды бітеу ринолалияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифреренциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі. Содан кейін дауыс жаттығулары арқылы тыныс жолының қимылдарын орнықтыру жаттығулары қиындатылады. Сондай-ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбезегі дірілдейтіндей етіп дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Одан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп пи, пе, пу, пе, па буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады. Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң, енді ішінде мұрын жолды дыбыстары бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстары бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп дауысын созып қатты айтуға тырысу керек. Жаттығу жұмысының қорытындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар, бұндай жаттығуды  үннің ырғағымен де орындайды. Функционалды жабық ринофанияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай ақ, ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер де жиі байқалып қалады.

Ашық ринолалия ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса, онда ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбысының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткенібұл дыбыстардың артикуляциясындаауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық (свистящих) және ызық (шипящих) дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі ф, в, х. Сол сияқты ерін тіс п, б, д, т, к, қ, г, р және үнді л, р дыбыстарын айтқан кезде де үн әеуздері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағымының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін. Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалия талма ауруы (истерия) ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады. Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұлда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды. Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фониатриялық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстардың айтылуынан бұзылуын дислалия келістіктеріне бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды. Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жырық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады (хирургиялық, стоматология, ортодантия, отоларингология мед генетика және т.б). Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және істен дамыған ауыр кесел. Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалдық бұзылу пайда болады. Ерін мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінін жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлде айрылады. Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Бұндай балалардың лор мүшелерінде мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруға жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабығына жұтқыншақтың Евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін. Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендегі әр түрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70% сөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын, шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі болар. Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы үстінгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты. Ерін мен таңдайдың құрылысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді. Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларын жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді. Үстінгі ерінді хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы келген күндерінде перзентханада жасалады. Таңдайдың жарығына стоматолог-ортодент әр түрлі аспаптарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейін тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Отоларинголог құлақтың мұрын жолының, мұрын жұтқыншақтың және көмейдің ауруларын анықтайды. Өзгерістерін емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дамылдайды. Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаларға невропатолог кеңес береді. Таңдайдың жарығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаға жасайды. Таңдайының жарығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына байланысты психикасы дұрыс дамыған болса, ой өрісінің дамуы кемеуілдеген болса, ақыл ойы кем бала болып 3 түрге бөлінеді. Неврологиялық тексерудің көрсеткені не қарағанда бас миының зақымдалған белгісі әдеттегінше байқалмайды. Кейбір балаларда жекелеген неврологиялық болжаушы белгілері бар. Нерв жүйесінің функционалды бұзылуы балаларда едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогендік әлсіздігі, көтеріңкі қызбалығы да байқалады. Жоғарыдағы айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жарығы баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді.

Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты. Жарықтың мынадай түрлері кездеседі: үстінгі еріннің жырығы, үстінгі ерін және жақ сүйектер жырығы. Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы. Үстінгі еріннің жырығы тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жырығы. Таңдайдың шырышты қабығы асты жырығы. Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып, сөйлеу тілі түсініксіз етіп бұрып жібереді. Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын мұрын жолын жабатынды дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетін өзгертеді. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын ашады және тілінің үстін қалытағысынан жоғары көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті мөлшерде қимылданайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп кететіндей жағдайда келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді. П, б, ф, в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін» қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қағумен алмастырылуы ринолалияның  ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жинасқан кезде қақпақ жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады. Таңдайдың ақаулығының көлемі мен сөйлеу тілінің бұрмалауының бұлай жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің өзгешіліктеріндегі дербестіктерімен түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен толықтыру (компенсаторлық) тәсілдерінің байланыстарындағы анықтылығын жақсарту үшін пайдаланады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінің анықтылығы жасына және психологиялық дербестігіне байланысты. Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауыпті өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің  қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығаруына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмысы аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қонылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады. Ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомо-физиологиялық сапасының нашарлығын, сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайда оның барлық бөлігіндегі жүйелердің аса қатты бұзылатынын көрсетеді. Ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы және оларды түзету.

Ринофония мен ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы көпжақты болып келеді. Осы аталмыш дауыс ырғағының өзгеруі-ашық назализация мұрынның жаман иісі, барлық сөздердің ұяң естілуі. Назализациясы мұрын мен ауыз шектелуінен пайда болады. Ол тіпті біршама акустикалық фонема сипатын өзгертеді. Дауыс бір сазды, нашар әлсін-әлсін шығады. Сондықтан тұтастай анатомиялық ақау және функционалдық ақау дауысты төмендетіп анық айтылуына кедергісін келтіріп, төмендетеді. Анатомиялық ақау, дыбыс шығару қозғалыс дисфункциясы тамақтағы суық тено үрдесіне шалдықтырады. 70-80% жасөспірімдер мен үлкендер де көрінеді. Бұл ауру дауысты қарлықтырып, әлсіздендіреді. Осы аталған патологиялық дауыс сапасы фонациялық тынығудың тереңдеп бұзылуы мен адамдардың тәртіп ерекшелігі, ринолалия мен ринофиямен ауыратындар. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде ринолалия мен ринофияны түзету кешенінде дауысты түзету ең басты орын алады. Бұл шараның негізгі міндеттері тембрды бірқалыпқа келтіру, балалардың табиғи дауысын дамыту, дыбыс аппаратының ауруы кезінде тамақтың қозғалыс функциясын қайтадан қалпына келтіру керек және дұрыс дауыс тану дағдыларына тәрбиелеу. Балалардың дауысын жақсартуға септігін тигізетін пластикалық операцияға дейін ол физиологиялық және фонациялық тыныс алуды қалыптастыру, жұтыну мускулатурасындағы алдын-алу, дыбыстап айту қабілетін түзету. Операциядан кейін дыбыспен жұмыс гимнастикалық тыныстан тұрады. Дыбыстың жаттығулар 1 кезеңде дауысты фонемаларды қоюдан басталады.

2 кезеңде вокалдық жаттығулар жалғастырады негізгі міндеттері шешуде өз нәтижесін береді. Вокалдың жаттығулар арнайы үстіңгі ауыз органын созады. Балаға ауызын кең ашуға мүмкіндік береді. 2 кезеңде бұл жаттығулар дауысты дыбыстарды әнмен айту басында а мен э дыбысты 2-3 сабақта кейін о әрпі қосылады бір аптадан кеәін и және соңында ұ әрпі. Күнделікті сабақ кезінде мерзімі қысқарып отырады. Вокалдық жаттығуларға 3-4 сабақтарда дауыстыларды қайталау кіреді. Вокалдық жаттығуларды іріктеу әр үйренушіге арналған дифференциалды болу керек. Сонымен қатар міндетті түрде еш салмақсыз күшсіз болуы керек, яғни өз зиянын тигізбеген абзал. Қ. Г. Ермолаев пен Н. Ф. Лебедева айтқандай балалардың дауысын максималды түрде аяушылық көзқараспен талап етеді. Тек диапазонына сәйкес өлең айту, өлеңді айтқанда шектен тыс ноталарды қолданбауды талап етеді. Қысқа өлеңдерді айту, жай айту талап етеді. Одан кейін логопедиялық тілдік жаттығуларды орындауға үйрету. Жаңылтпаштарды және өлеңдерді таңдау біркелкі жолдары қысқа болу керек. Дұрыс айтылатын фонемаларды кіргізген жөн жеткілікті қатаң, үнді дауыссыз дыбыстардан болу керек. Логопедтің нұсқауымен қайталап отырады. Егер де бала жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, оның себеп-салдарын анықтау керек. Тілдің кинестизияның төмендеуінен болуы мүмкін, фонематикалық дыбыстың бұзылуы тіпті 7 жастан кіші балалардың туа біткен таңдай ауруларынан болады. Осындай жағдайда логопедке түзетуге сәйкес  келетін жұмыстарды өткізу керек. Содан кейін фономедикалық жаттығуларға оралу керек. Дауыс күшін ұлғайту және оның диапазоның кеңейтіп вокалдық жаттығуларға жету оңай. Әр сабақты III және IV кезеңдерден дауысты дыбыстардан терцияны айтудан бастайды. Мұндай жағдайларда қарқынды жай немесе қатты немесе керісінше өзгертіпотырады. Содан кейін қысқа жолмен жарылған өлеңдерді айтуға кіріседі. Музыкалық жолдар, дауыс диапазонын кеңейту. Ринофия мен ринолалия кезіңде мына келесі талаптарға төтеп бере алу керек. Ринолалия кезінде дыбыстардың қойылым ерекшеліктері. Ринолалия кезінде потологиялық дыбыс беру (шығару) антрофоникалық және фонологиялық белгілер болады. Бірінші фонемаларды тежелеп айту ал екінші – бір фонемадан екінші фонемаға ауысады. Сондықтан дыбыстап айтуды түзету бойынша ұзақ уақытты алады. Органикалық ақаулар мен патологиялық артикуляциялық фонемалар артикуляциясын түзету көптеген тәжірибе бойынша қиындық одан сайын тууда. Әр дыбысты түзету

1) басқа дыбыстардың оларды бөле білу

2) белгілі артикуляциямен сәйкестендіру

3) дұрыс артикуляцияландыру өндіру

4) байланыс сөйлеу тілінде оны қолдана білу сияқты мәселелерді қарастырады.

Жоғарыда айтылғандай дыбыстық диффрегенациясына тәрбиелеу артикуляциялық қалыпты пайда болуына септігін тигізеді. Дыбыстық қойылымға кірісер алдында бала тілдегі фонеманы бөліп атай білуі керек. Дыбыстарды түзетуге кірісер алдында балаларға артикуляциямен фонемаларды туындату бойынша мүмкіндіктерін тексеруді өткізеді. Сонымен қатар еліктеу бойынша тиімді дыбыстарды айқындау. Бұл талаптар балалар организміндегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерге тән. Вокалдық жаттығуларды таңдай келе балалардың орта диапазоның сызбасы бойынша жетекшілік ету керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз