Өлең, жыр, ақындар

Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам — әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысқанның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой көтеретін топырақасты, іргетас, бүкіл қоғамдық өмірдің негізі. Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда. Құқықтану азаматтық қоғамды азаматтық құқықтың субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді. Экономикалық теорияны азаматтық қоғамның пайда болуының экономикалық себептері, олардың өмір сүруінде каржы саласынын рөлі қызықтырады.

Тарих болса, азаматтық қоғамның нақты ұлттық формаларын, қоғамдық өмірге қатысудың ерекшеліктерін суреттейді. Философия мен әлеуметтану азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамдық ұйымдардың формасы және қарым-қатынас ретінде қарастырады. Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рел берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен — жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың кол жеткізген табыстарына сүйене отырып, саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның кұрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық коғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды.

Саяси-әлеуметтік әдебиеттерде азаматтық қоғамды түсіндіруде екі көзқарас — кең және тар мағынада қарастыру калыптасқан. Кең мағынадағы азаматтық қоғам — бұл мемлекет тарапынан тікелей бақылау жасалмайтын коғамдық өмірдің бүкіл салалары. Осындай тұрғыдан алғанда кең мағынадағы азаматтық қоғам демократиялық, авторитарлық мемлекеттерде, кейде тіпті тоталитарлық (мысалы, шаруа қауымдастығындағы, отбасындағы, достар арасындағы, діни және т.б. қарым-қатынастар) мемлекеттерде болуы мүмкін. Азаматтық крғам тар мағынада қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласында заңның жоғарылығын қамтамасыз ететін, тұлғаның бостандығына, оның негізгі мүдделері мен құқықтарына, сонымен бірге адамдардың өз экономикалық, әлеуметтік және рухани мүдделеріне жету үшін алуан түрлі қоғамдық және азаматтың өзін-өзі ұйымдастыру формаларына кепілдік беретін демократиялық институттар мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам адамдық қауымдастық ретінде қарастырылады. Азаматтық коғам кісі өмірінің алуан түрлі салаларын және мемлекеттік емес қатынастарды — экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке бастық және с.с. ерікті түрде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік емес құрылымдық катынастарды өзіне косып алған. Осындай азаматтық қоғам пайда болуы үшін құқықтық, демократиялық мемлекеттің болуымен қатар қоғам мүшелерінің алуан түрлі әлеуметтік мүдделерін көрсететін, соның ішінде саны жағынан көп, экономикалык жағынан барынша қамтамасыз етілген және тәуелсіз «орта тап» мүшесін бейнелейтін дамыған әлеуметтік құрылым болуы қажет. Орта тап азаматтық қоғамның тірегі, саяси тұрақтылық пен демократияның әлеуметтік негізі ретінде көрінеді. Бүгінде батыс қоғамының әлеуметтік кұрылымында орта таптың үлесі шамамен 60-70 пайызды құрайды.

Азаматтық қоғам екі негізгі әрі өзара байланыскан: әлеуметтік және институционалдық өлшеуде өмір сүретінін айтуымыз керек. Азаматтық қоғамды құрайтын әлеуметтік өлшеуіш — бұл оның тарихи тәжірибесі. Өз кезегінде саяси тәжірибе саяси үрдіске негізгі қатысушылардың, дәлірек айтқанда жекелеген түлғалар, топтар, бірлестіктер және с.с. қимыл әрекеті үшін жанама түрде «мүмкіндік дәлізін (коридорын)» белгілейді. Әлеуметтік-тарихи тәжірибені — ұжымдық және дербестік деп бөлсек те, олар түптеп келгенде, тұлғаның саяси мінез-құлкын, оның ойлау қалпын және түлға аралық қатынастардың басқа да көптеген аспектілерін анықтайды.

Азаматтық қоғамның институционалдық өлшеуішіне саяси емес, өз алдына жеке ұйымдардың жиынтығы және қоғамның әр түрлі топтарының мүддесі және оларды мемлекеттен тәуелсіз іске асыратын саяси сипат ретінде қараған жөн. Бүгінде азаматтык қоғам туралы ғылыми зерттеулерде оның мәні әр түрліше түсіндіріледі. Мысалы, ғалымдардың бір тобы «азаматтық қоғам» ұғымын социумның белгілі бір қалыпты жағдайын сипаттаушы ретінде қолданса, олардың екінші тобы азаматтық қоғамды түсіндіруді социумның белгілі саласы — мемлекеттік емес қатынастар саласы және институттар, т.б. саласы ретіндегі түсінікпен байланыстырады. Гегельдің пікірінше, азаматтық қоғам — бұл ең алдымен жеке меншікке негізделген қажеттіліктер жүйесі, сонымен бірге дін, отбасы, сословие, тек мемлекеттік кұрылыс, құқық, мораль, парыз, мәдениет, білім, зандар және олардан туындайтын субъектілердің өзара зандық байланыстар жүйесі. Табиғи, «мәдениетсіз» калыптан «адамдар азаматтық қоғамға өтуі тиіс, өйткені тек азаматтық қоғамда ғана құқықтық қатынастар шындыққа айналады».

Азаматтық қоғам — бүл демократиялық елдерде қалыптасқан адамдар қауымдастығы, ол, біріншіден, қоғамның барлық тіршілік әрекеті саласында құрылған ерікті түрде мемлекеттік емес қүрылымдардан (бірлестіктер, үйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар және т.б.), екіншіден, мемлекеттік емес — экономикалык, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б. қатынастар жиынтығын көрсетеді. Азаматтық қоғам мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен козғалыстардың теңестірілген өзара бақылауын, өзара шектеуін жорамалдайды. Себебі, мемлекеттік органдардың кызметі әркашанда мемлекеттік емес органдардың кадағалауында болуы керек, ал мемлекеттік емес органдар өз кезегінде, қызметін заңға орай ұйымдастыруы тиіс және мемлекеттің объективті қажеттіліктерін ескеруі керек.

Азаматтық қоғам — бұл заңды кезең, индивидтердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асырудың жоғары формасы. Ол елдің экономикалық саяси дамуы деңгейіне, халықтың әл-ауқатының артуына, мәдениет пен сана-сезімінің өсуі деңгейіне сәйкес пісіп-жетіледі. Азаматтық қоғам нақты тарихи адамзат дамуының жемісі ретінде сословиелік-феодалдық құрылыстың қатаң шеңберін қирату мен құқықтық мемлекет қалыптасу кезеңінде пайда болады. Жеке меншік негізінде барлық азаматтардың экономикалық дербестігін алуға және бәсекелес экономикада өмір сүру мүмкіндігінің пайда болуы азаматтық қоғам қалыптасуының міндетті алғышарты болып табылады. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда сословиелік артықшылықтарды жою және азаматтың барлық өзге де азаматтармен тең заңды құқыққа ие болған азаматқа айналған адам тұлғасы маңызының артуы мәнді алғышарттар болып есептеледі. Тұлғаның құқы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның саяси алғы-шарты және іргетасы қызметін атқарады. Мұндай жағдайда адам мінез-құлқы оның жеке басының мүддесімен анықталады және оған барлық кимыл-әрекеттері үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай тұлға өз бостандығын, еркіндігін бәрінен жоғары қояды, сонымен қатар ол басқа адамдардың заңды мүдделеріне де құрметпен қарайды.

Демократияның дамуы және тарамдануы азаматтық қоғамның тынысәрекетінің маңызды жағдайы болып табылады. Тек дамыған демократия жағдайында ғана тұлғаның ішкі еркіндігін және оның азаматтык қоғамның қайсыбір институттарына енгендігіне қарамастан, толық дербестігін сақтау қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін болады. Басқарудың түрлі формалары бар мемлекеттен азаматтық қоғамның айырмашылығы сол, ол саяси деңгейде тек демократия жағдайында өмір сүре алады.

Азаматтық қоғамның пайда болуы тұлға, қоғам және мемлекет арасында тығыз байланыс құрылған, олардың өзара тең құқықтары, еркіндіктері мен міндеттері қамтамасыз етілген социум қалыптастыруды білдіреді. Азаматтық қоғамның шынайы өмір сүруі Англия мен АҚШ-та құқық туралы билл және Францияда адам құқы мен азаматтығы Декларациясының қабылдануынан басталды. Осыған орай батыс елдерінің азаматтық қоғам орнату жолына түскенін айтқан жөн. Азаматтық қоғам қалыптасуының, жетілуінің өлшеуі болып мемлекет тарапынан адам және азамат құқына кепілдіктің берілуі және оның жүзеге асырылуының деңгейінен көрінеді.

Соңғы он жылдықта азаматтық қоғам кұру үрдісі Батыстан тыс өңірлерде де басталды. Мысалы, Шығыста саяси демократияның тұрақты сипатымен және дамыған азаматтық қоғамымен Үндістан ерекше көзге түсуде. Үндістан азаматтық қоғамына, мемлекетке салыстырмалы түрде алғанда, үлкен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі саяси партиялар, кәсіпкерлер ұйымдары, шаруалар ұйымдары, ғалымдар ассоциациялары және басқалары енген. Сонымен бірге Үндістанда бұқаралык жіктердің әлеуметтік және саяси өмірге араласуға деген талпынысы ретінде қарастыруға болатын төменгі деңгейдегі ерікті қоғамдар кеңінен тараған. Батыстың азаматтық қоғамынан Үндістандағы және Азия, Латын Америкасы, Африка құрлы-ғындағы елдерінде азаматтық қоғам құру үрдісінің өзіндік ерекшеліктері мен көптеген айырмашылықтары болады.

Қайсыбір елдердін, аймақтардың ерекшеліктерінен тәуелсіз кез келген қоғамның негізін қалайтын бәріне ортақ бірнеше идеялар мен принциптерді атаған жөн. Оларға: экономикалық еркіндік, меншік формаларының көп түрлілігі, нарықтық қатынастар, бәсекелестік; адам мен азаматтың табиғи құқығын сөзсіз мойындау және оны қорғау; биліктің заңдылығы және оның демократиялық сипаты; заң мен құқық алдында бәрінің теңдігі; тұлғаның заңмен сенімді түрдегі қорғалуы; биліктің тармаққа бөлінуі мен өзара әрекеттері принциптеріне негізделген құқықтық мемлекет; саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы; пікір, сөз және баспасөз бостандығы, бұкаралык ақпарат құралдарының тәуелсіздігі; мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі; азаматтық бейбітшілік, серіктестік және ұлттық келісім; адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ететін тиімді әлеуметтік саясат. Азаматтық қоғам — бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес бөлігі, адамдар өзара байланысатын және ерікті тәуелсіз субъектілер ретінде бір-бірімен өзара әрекет ететін әлеуметтік кеңістік іспетті.

Өзінің қызметіне еркін мақсаттар қоя алатын және оларға жетудің тәсілдерін анықтайтын егеменді тұлға азаматтық қоғамның басты әрекет етуші субъектісі болып табылады. Қалыптасқан азаматтық қоғам мемлекет тарапынан жол берілетін ешбір күш көрсетулерге төзе алмайды. Ол азаматтар мүдделерінің еркіндігі шеңберінде өмір сүреді. Онда әлеуметтік өзін-өзі реттеушілік іске асады, бұл оны «өзін-өзі икемдеуші» коғам іспетті қарастыруға мүмкіндік береді.

Азаматтық қоғамдағы елдерде адамдар мемлекеттің бар екендігін шамалы ғана сезінеді және олар өз мемлекеттерінен көмекті өте сирек сұрайды. Англияда адамдардың мемлекетке екі жағдайда ғана ісі түседі деп әзілдейді: жәшіктен поштаны алғанда және көшедегі жүру ережесін бұзғанда. Және, керісінше, азаматтық қоғам нашар дамыған елдерде адамдар мемлекеттен жиі көмек сұрауға мәжбүр болады және «мемлекеттің көзін» тұрақты түрде сезінеді: ол ережелерге бағындырады, бірдемеге ұлықсат етеді, бірдемені шектейді немесе тыйым салады, жұмыс орнына және тұратын жеріне, туристік және ғылыми сапарларына, қажетті тұрмыстық тауарларды сатып алуына және т.б. регламентация (реттеу) коюға шейін барады.

Осымен байланысты мемлекеттің реттеушілік рөлін ең аз мөлшерге -минимумға дейін жеткізу, атап айтқанда: құқықтық тәртіпті күзету, кылмыспен күрес, жеке және ұжымдық меншік иелерінің қызметіне, олардың өз құқықтары мен еркіндіктеріне, белсенділігі мен іскерлігіне және т.б. кедергі келтірмес үшін нормативтік жағдайлар жасау қажеттілігін айтуымыз керек.

Азаматтық қоғамның нарықтык қатынастарын көзге көрінбейтін экономикалык ынталандырулар мен мүдделер ғана басқарып қоймайды. Сонымен қатар оны бүл механизмдерді қажетті арнаға бағыттауға арналған мемлекеттің биліктік құрылымдары өмірде болуы тиістігін атап айтуымыз керек. Қазақстан нарық бәрін өзі реттейді, бәрін өз орнына кояды, тек шыдамдылықпен күтіп отыру кажет деген біржақты «ғажайып әрекет етуші» ережені басшылыққа алған кезеңнен өтіп жатыр немесе одан өтіп болды. Бүл экономикада үлкен көлеңкелі, қылмыстық сектордың, сыбайлас жемқорлықтың, мафияның пайда болуына, сонымен қатар шалағай, тонаушылық жекешелендіруге әкеп соқтырды. Бүгінде нарықтық қатынастардың қальштасуында, анархия мен басқарудағы берекесіздікті тиюда мемлекеттің белсенді рөлінің аса кажеттілігі мойындалып отыр.

Қазақстанда реформа жүргізу барысында мемлекеттің рөлін әлсірету реформаторлардың бірден-бір салмақты катесі еді, енді ғана ол бірте-бірте мойындалып, аздап түзеле бастады. Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері, шын мәнісінде, заңға бағынушылық пен салықтар төлеуге саяды. Алайда бүлар, бір жағынан, мемлекеттің өмір сүруін және тиімді қызметін камтамасыз ететін, екінші жағынан, тұлғаның қоғамдағы анық және тең әлеуметтік-құқықтық мәртебесін анықтайтын міндеттері болатын. Әлбетте, нақты жағдайлар мен қарым-катынастарда азаматтардың қоғамдық, еңбек, кәсіпкерлік және басқа да іс-әрекетімен қызмет, әскери, отбасы парыздарын орындаумен байланысты басқа да міндеттердің пайда болуы әбден мүмкін.

Азаматтық қоғам — бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырылған қоғам. Оған идеологиялық монополизм мүлдем жат. Бұл -еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділіккедоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жок. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз