Өлең, жыр, ақындар

Робот техникасын жасаған Қарағанды облысының оқушылары Ресейде марапаттарға ие болды

Қарағанды облысының оқушылары Томскіде өткен робот техникасын жасау бойынша жарыста сәттілікке қол жеткізді, деп білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағандылықтар Томск облысы губернаторының Кубогын иеленді. «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат командасы «Кегерлинг» санатында  бірінші орынды, «Роботтар биі» санатында - үшінші орынды жеңіп алды. «Сумо» санатында екінші орын Қарағанды №1 қазақ-түрік лицейі командасының еншісіне тиді. Жезқазған № 3 қазақ-түрік лицейінің командасы «Туды жаулап алу» санатында екінші орын алды», - делінген хабарламада.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар, медальдар, сондай-ақ «Lego» естелік сыйлықтары берілді. Ұйымдастырушылар ақпараты бойынша, жарысқа мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 200-ден астам бала қатысқан. Қазақстаннан Қарағанды және Павлодар облысының оқушылары барды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер