Өлең, жыр, ақындар

Күнбағыс туралы мәлімет

Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы — күнбағыс. Оның дәнінде 50-52 пайыз май және 16-16,5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды. Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1,1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол — малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс — балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс. Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі. Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі. Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453,8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30,0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6,3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285,9 мың тонна болды. Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады.

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар. Алғашқы даму кезеңінде күнбағыс жылуды онша керек етпейді. Оның себілген дәні топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі жылылық 3 °С жеткенде өне бастайды. Бірақ себілген тұқым тез және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы температура +20-25 °С шамасында болып табылады. Топырақта бөртіп, бірақ өнбеген тұқымы 13 °С, ал жер бетіне көктеп шыққан жас өркені 5-6 °С суыққа үсімейді. Күнбағыстың гүлдену кезеңіндегі қолайлы температура 20-25 °С болып саналады. Күшті дамыған және топырақтың терең қабатына бойлап өсетін тамыр жүйесі болғандықтан күнбағыс құрғақшылыққа да төзімді келеді. Дамуының алғашқы кезеңінде ауа және топырақ құрғақшылығын жақсы көтереді. Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі — күнбағыстың табағы пайда болуы — гүлдену кезеңі. Осы мезгілде өсімдік өсу кезеңінде сіңіретін барлық ылғалдың 44 пайызын пайдаланады. Аталған уақытта ылғал жеткіліксіз болса, табақтың ортасындағы дәндер толыспай, жеңіл болып қалады. Күнбағыстың бір ерекшелігі, ол көктеп шыққаннан бастап табақ құрғанға дейін топырақтың 80 см тереңдігіне дейінгі ылғалды пайдаланады. Бірақ, одан артық тереңдіктегі ылғалды пайдалану қиындыққа соғады. Сондықтан жаздың екінші жартысында жауған жаңбыр күнбағыс үшін өте пайдалы. Құрғақшылыққа төзімді болғанымен, күнбағыстың транспирациялық коэффициенті 470-570-ке тең, сондықтан одан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығын оның далалық су сыйымдылығы 70 пайыздан кем болмауы керек. Күнбағысқа егуге қара және қызыл-қоңыр топырақтар қолайлы. Гранулометриялық құрамы ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтар күнбағыс өсіруге жарамайды.

Күнбағыс — алғы дақыл. Ауыспалы егісте күнбағысты күздік және жаздық дәнді дақылдардан, жүгеріден, дәнді бұршақты дақылдардан кейін еккенде жақсы өнім алуға болады. Әр түрлі аурулар, зиянкестер және арамшөптер, оның ішінде сұңғыла күнбағысқа зиян келтірмеуі үшін оны бір егілген жеріне 7-8 жылсыз қайталап себуге болмайды.

Күнбағысты тыңайту. Күнбағыс 1 тонна дән құрау үшін топырақтан 60 кг азот, 26 кг фосфор және 186 кг калий пайдаланады. Осы сіңірілген элементтердің орнын толтыру үшін топырақты тыңайту керек. Ол үшін күнбағыстың осы элементтерді қай уақытта қалай пайдалану ерекшеліктерін білген жөн. Күнбағыстың қоректік элементтерді ең көп қажет ететін кезі — көктем шыққаннан бастап, гүлденгенге дейін, ал одан кейін ол бұл элементтерді шамалы мөлшерде пайдаланады. Алғашқы өсіп-даму кезеңінде азотқа онша зәру болмағанымен, кейін бас алып табақ құрғаннан гүлденгенге дейін оны көп мөлшерде керек етеді, бірақ бұдан соң оның азотты сіңіруі тағы да төмендейді. Калийді бүкіл өсу кезеңі бойынша пайдаланады, дегенмен, оны табақ құрудан толық пісіп жетілгенге дейін көбірек сіңіреді. Егер топырақта азот көп, фосфор жеткіліксіз болса, күнбағыстың өсу кезеңі ұзарып, дәніндегі майдың мөлшері азаяды. Күнбағыстың жақсы өсіп дамуына топырақтың өзіндегі калий қоры жеткілікті, сондықтан оған калийлі минералды тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Күзде сүдігер жырту алдында әр гектарға 30-40 тонна көң және әсерлі заттар есебімен 60-90 кг фосфор шашып, топыраққа сіңіреді. Себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 10-15 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Азот минералдың тыңайтқышымен күнбағысты әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг мөлшерде үстеп қоректендіру қажет.

Топырақ өңдеу. Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа танапты дайындау алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден басталады. Күзде топырақ өңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы арамшөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты. Дәнді дақылдар мен жүгері алғы егістерінен кейін танапта бір жылдың арамшөптер басым болса, топырақ ты 6-8 см-ден 8-10 см-ге дейін 2-3 рет қопсытады, содан кейін ПН-4-35, ПН-8-35 және басқа түренді соқалардың бірімен 20-22 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Танапта көп жылдың арамшөптер басым болғанда оны гербицидпен қоса әр түрлі тереңдікке өңдейді. Алғы да-ңылды жинап алғаннан кейін аңызды ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см тереңдікте өңдейді, ал арамшөптер көктеп шыққаннан кейін танапты жазық сыдыра тілгіштермен 12-14 см тереңдікке өңдеуді ңай-талайды. Арамшөптерді толың жою үшін әр гектарға 1,5-2 кг 2,4-Д гербицидін бүркеді. Осыдан 10-15 күн өткен соң жерді 27-30 см тереңдікке түренді соқалардың көмегімен жыртады. Топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аудандарда жерді жазық табан сыдыра тілгіш терең қопсытқыштармен аудармай өңдейді. Ерте көктемде жер дегдісімен топырақтың күзде негізгі өңделген әдісіне қарай БЗСС-1,0, БЗТС-1,0 (түренді соқалармен жыртылған жерлерде), БИГ-ЗА (аңыз сақталып, жазық табан сыдыра тілгіштермен қопсытылған танаптарда) тырмаларымен ылғал жабылады. Егін себер алдында бүркілетін гербицидтердің топырақтың беткі қабатына дұрыс сіңуіне және егің себу жүмысы сапалы болуына жағдай жасау үшін танапты НП-8 құралымен тегістейді. Содан кейін әр гектарға 1,5 кг трефлан, 2-3 кг прометрин немесе 3,5 кг түйіршікті эп-там, Гезабард 50, с.п. 12,0-4,0 кг/га гербицидтерінің бірін енгізіп, топырақтың 8-10 см жоғарғы қабатымен араластырады. Осы гербицидтер арамшөптерді 60-95 пайызға дейін құртады. Тұқым себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікте қопсытады.

Тұқымды себуге әзірлеу және себу. Жоғары сапалы, іріктелген тұқымдар сепкенде ғана күнбағыстан мол өнім алуға болады. Әр түрлі ауруларға шалдықпау және зиянкестермен зақымданбау үшін тұқымның әрбір тоннасын 2-3 кг ТМД препаратымен дәрілейді. Тұқым себу мерзімін белгілей білудің зор маңызы бар. Қолайлы мерзімде себілген танапта арамшөптер жойылып, егінді күтіп-баптауға шығын аз жұмсалады, ал күнбағыстың өнімі гектарына 1,3-3,2 центнерге артады. Күнбағысты себудің ең қолайлы мерзімі — тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақтың 10-12 С жылынған кезі. Егер температура бұдан төмен болса, себілген тұқым көпке дейін өніп шықпайды. Мұның өзі топырақта оның өну қабілетін төмендетіп, олардың біразының шіруіне әкеліп соқтырады. Тұқым себу мөлшері сол жердің ауа райына, топырақтағы ылғал қорына, себу әдісіне және басңа жағдайларғабайланысты өзгеріп отырады. Орманды далалық және далалық аймаңтардағы тұқым себудің ңолайлы мөлшері әр гектарға 40-45 мың бас, жартылай қүрғаңшылың-далалық аймақта 30-40 мың бас дән болады. Өсірудің интенсивтік технологиясын қолданғанда тұқымның себу мөлшері 10 пайызға көбейтіледі.

Күнбағысты қазіргі кезде пунктирлі әдіспен өсімдік қатараралығын 70 см, ал олардың қатардағы арақашықтығын 24 см етіп, СПЧ-6МФ немесе СУПН-8 дән сепкіштердің бірімен себеді. Тұқым себу тереңдігі құрғақ топырақтарда 8-10 см, ал ылғалы мол жерлерде — 4-5 см. Егісті күтіп-баптау жұмысы тұқым себумен бір мезгілде жүргізілетін топырақты нығыздаудан басталады. Егін себілгеннен 4-5 күннен кейін, ярни арамшөптердің «аң жіпше» кезеңінде оны бірнеше рет тырмалайды, ал екінші рет тырмалау тұқым көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда жүргізіледі. Күнбағыс көктеп шыққанша жүргізілетін бұл екі тырмалау арамшөптер өскінінің 50-60 пайызын жояды. Агрегаттардың жүру жылдамдығы сағатына 6-7 шақырымнан аспауы керек. Күнбағыстың 2-3 нағыз қос жапырағы пайда болғанда танапты егін себу бағытына кесе-көлденең жеңіл тырмалармен тырмалау ерте шығатын арамшөптердің өскінін 90 пайызға дейін құртады. Бірақ, бұл агротехникалық шараны ептілікпен байқап жүргізбесе, күнбағыс өскіні де залал табады, оның 6-9% -ы жойылуы мүмкін. Егістікті әрі қарай күтіп-баптауға өсімдіктердің қатараралығын қопсыту жатады. Қатараралықты бірінші қопсыту күнбағыстың үш-төрт нағыз қос жапырағы пайда болған кезде, келесісі 10-12 күннен кейін жүргізіледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

қазақстан

Неліктен күнбағыс күнге неге қарайтынын жазбағансыздар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз