Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз - ұлы есім

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Еңбекші жалпы орта мектебі
8 сынып оқушысы: Ғалымжанов Сатырыс

 

"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2015-2016 оқу жылындағы іс-шаралар Жоспарына сәйкес және халықаралық ұйымдастыру комитетімен жасалынған келісім-шарт негізінде 2015 жылдың 12 қарашасында жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында «British Bulldog» конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурстың басты мақсаты оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Конкурсқа Республика аймақтарынан 30 000 жуық мектеп оқушылары қатысты. Айта кетері, қатысушылар санының 50 %  астамы ауыл мектептерінің оқушылары болып табылады.

Осы конкурсқа біздің мектептен бірнеше оқушылар қатысып, жүлделі орындарды иемдендік. Атап айтсақ ол оқушылыр: Забиев Өмірбек IIорын, Ғалымжанов Сатырыс I орын, Мурат Нурай I орын, Оразбайқызы Гүлбинур I орын, Утегенов Арсен III орын, Социалова Дана III орын.

Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Осындай өтетін республикалық, халықаралық, оқушылар арасындағы "Инфосабақ", "Жаңа сабақ", "Кенгуру", "КИО" пәндік олимпиадаларға қызығушылықпен қатысып отырамыз. Осындай шараларға қатысуымызға ағылшын пәнінің мұғалімі Күнзира Нариманқызы жетекшілік етіп отырады. Ұстазымызға ризашылығымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз