Эссе және өлең-жыр байқауы

Бейбітшілік, тыныштық туралы мақал–мәтелдер

«Жангелдин  ауданының
білім беру бөлімінің
Тоқанай бастауыш мектебі»КММ
3-сынып оқушысы
Камай Маржан Асқарбекқызы

 

1. Қылыштың міндеті - кесу,

    Қолдың міндеті - шешу.

2. Итпен ит ырылдасса - тамағының тоқтығы,

    Жігітпен жігіт қырындасса - ынтымағының жоқтығы.

3. Ел боламын десең достас,

    Қор болам десең қастас.

4. Ер татулығы - ел татулығы.

5. Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан.

    Дос боп жүріп, қас болғаннан сақтан.

6. Бәле қуған бәлеге жолығады,

    Жала қуған жалаға жолығады.

7. Досың мың болса аз,

    Дұшпаның біреу болса көп.

8. Суды құм бөгейді,

    Дауды қыз бөгейді.

9. Сөздің басы қатты болса, аяғы тәтті болады.

10. Тек жүрсең, тоқ жүрерсің.

11. Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

12. Дау даудан қорқады.

13. Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айнура

Менің ойымша, бұл өте керемет мақал-мәтелдер. Маған қатты ұнады. Мен Қазақ тілі пәніне осы мақал-мәтелдерді пайдаланып, 5 деген баға алдым....

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...