Эссе және өлең-жыр байқауы

Викториналық сұрақтар

Қостанай ауданы
Мичурин ОМ
9- сынып оқушысы
Ахметова Дильназ

 

Викториналық сұрақтар

1. «Қос алқа» күйін шығарған халық композиторы. (Дәулеткерей)

2. «Әже әлдиі» әнін шығарған композитор. (Ақжігітов)

3. Жас қыз деген тіркес бөлек жазылады, ал жастың орнына кәрі сөзі қолданылса, қалай жазылады? Неліктен? (Кәріқыз шөптің аты)

4. "Білімнен қуатты күш жоқ: біліммен қаруланған адам жеңілмейді." Авторы кім?  (М. Горький)

5. Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған. Ол қандай төлдер? (тайлақ)

6. Төрт буыннан құралған туынды сын есімнің құрамында 4 а келеді. Ол қай сын есім? (Алпамсадай)

7. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан ғана құралған тоғыз құс аты. (Тарғақ, бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз, тұйғын, құзғын)

8. «Мұғалім» деген күй шығарған халық композиторы. (Қазанқап)

9. Жұмыстың басы жақсы басталып, аяғы сапасыз болған жағдайды тұрақты тіркес түрінде қалай деп атайды? (басы таудай, аяғы қылдай)

10. Сенің шешеңнің сіңлісінің жездесі саған кім болады? (Өзіңнің әкең)

11. Аузыңды бақ, көзіңе қара дейміз. Бұл сөздің мағынасын қалай түсінеміз?  (Артық сөз сөйлеме, байқап жүр)

12. Үш киелі сөз бар дейді, оларға не жатады? (Өлікті қорлама, аруағы ұрады, нанды қорлама, қасиеті ұрады, табиғатты қорлама, киесі ұрады)

13. Әлемді тамсандырған жеті керемет бар, оларды атаңыз? (Хеопс пирамидасы, Рим коллизейі, Вавилонның аспалы бағы, Зевс мүсіні, Александрия маягі, Галикармас мавзолейі, Геолистің мүсіні.)

14. Адам өмірін жақсартатын жеті ой бар дейді, оларға не жатады? (Әкімдердің шарапаты, ғұламалардың шариғаты, байлардың салауаты, кедейдің қанағаты, үлкендердің ұлағаты, жастардың инабаты, азаматтардың ар-ұяты)

15. Үш тоқтамды атаңыз. ( Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық)

16. Мұхаммед Пайғамбар мұсылман халқына қандай міндеттер жүктейді? (Бес парыз)

17. Баста неше тесік бар? (Баста 7 тесік бар- 2 көз, 2 құлақ, мұрынның 2 тесігі, ауыз)

18. Біз білетін қосу мен алуды қандай мамандық иесі ойлап шығарған? (Гректер арифметика, түркі халықтары есептеу ғылымы дейді.)

19. Үшеуі де бір айда туып, бір сағатта, бір түнде бататын жұлдыздарды атаңыз.  (Үркер, Таразы, Сүмбіле)

20. Тәуке жарғысы бойынша адам құнын төлеу өлшемдері болған, оларға не жатады?

(Олар –«қанды қара шолақ ат», «қанды қару», «қара нар», «қалы кілем», «қара тон», «сүйек құны» дегендер болыпты.)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...