Өлең, жыр, ақындар

ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

Мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орнының ақылы бөліміне бұдан былай Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы талқылап жатыр.

«Мұндай жеңілдікке барсақ, абитуриенттер шетелдік оқу орындарына ағылмай, өзіміздің білім ордаларына түсер еді», - дейді мамандар.

Министрлік өкілдері осы мәселені қолға алып, ұлттық және мемлекеттік университеттердегі білім беру жүйесіне бірталай өзгеріс енгізуді ойластырып отыр. Мәселен, университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Оған сәйкес, білім ордалары нарық сұранысына қарай өздерінің оқу жүйелерін құруға міндетті болады. Өз-өздерін дамытуды қолға алатын жоғары оқу орындары қоғамда бәсекеге қабілетті кадрлар даярлап, сапалы мамандар шығаруы тиіс.

«ҰБТ-ның нашарлығы бар деп көп адам сынға алып жүрді. Сондықтан да біздің министірліктен сұрап жүргеніміздің де себебі бар. Ендігі жылдан бастап ақылы бөлімге алатындарды оқу орындары өздері қабылдасын. Ғалымдар да, мамандар да жеткілікті. Өздері де емтихан қабылдауға шамалары жетеді деп ойлаймыз», - дейді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Арман

Масқара! ақшаң болса мидың қажеті жоқ десеңдерші

Жандос

Миында түк жоқ байдың балдарына жол ашық, кедейдің сорлы балдарын кім ойлайды екен. Ол байқұстарға да бір жеңілдік ойлап таппайсыңдар ма?

Ғани

Мықты бірді, ақылды жүзді, қалталы мыңды жығар

shohruh

joga akildi adamga esh kashan akimakta bayda jete almaydi

Наргиза

Өте дұрыс Қолдаймын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар