Ұйқы безінің қабынуы неден болады?

Ұйқы безі адам организмінде, әсіресе ас қорытуда, маңызды рөл атқарады. Сонда ұйқы безінің қабынуы нендей дерт?

Ұйқы безін анатомиялық құрылымына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без жасушалары өндіретін фермент түтік жолымен ұлтабарға құйылады. Сөйтіп, ас қорыту үдерісіне белсене қатысады. Без ісінгенде немесе жараланып, ішіне қан құйылғанда оның кейбір жерлері жидіп өле бастағанда (некроз) ұйқы безі қабынып, қатты ауырады. Ауру безді тұтастай немесе оның кейбір жерлерін ғана (басын, денесін, құйрығын) қамтуы мүмкін.

Жіті панкреатитті көбінесе микробтар қоздырады, бірақ ауру кейде онсыз да басталады. Қабыну күші және аурудың барысы сол қоздырғыш тетігіне байланысты.Ұйқы безінің қабынуы әрқашан шыдатпай, қатты ауырып басталады. Ауыру іштің жоғарғы (ұйқы безінің тұсы) бөлігінде болады. Қатты ауырғандығы сонша, кейде адам дөңбекшіп, есінен де танады. Өңі қашып, қол-аяқтары көгере бастайды. Артериялық қан қысымы төмендейді. Тамыр соғуы нашарлайды. Ауырғаны басылмай, адамның жотасына таралады. Арқасын белбеудей орайды. Ұйқы безі қабынған адамның ұстамасы келгенде құса бастайды. Рас, дене ыстығы қалыптан аспауы мүмкін, бірақ адамның жалпы халі нашарлайды. Кейде жата да алмай, тек қисайып қана отырады. Ұйқы безінің қабынуына өт жолының қабынуы қосылса, адамның денесі сарғаюы мүмкін. Бірқатар аурулардың тыныс алуы бұзылады, кейбіреулердің ішектері қызметін дұрыс атқара алмайды, үлкен дәреті жүрмей қалады. Сондықтан, осындай халге ұшыраған адамды кешіктірмей ауруханаға жеткізген немесе жедел жәрдемді шақырған жөн. Ауру ұстамасы ұйқы безі ісінгеннен пайда болса, онда оны дәрі-дәрмекпен емдеуге болады. Ауырған жерге мұз басып, екі бүйірден егу (блокада) жасаған пайдалы. Мұндайда емдәм сақтап, адамға ашығу да керек, қан тамырына новокаин, атропин енгізген тиімді. Ал без жидіп, өлеттенсе, яғни іріңдесе, онда сырқат отаға зәру деген сөз.

Д.С. Байырханова, терапевт-дәрігер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (43)

сыдыкбекова арайлым

Менин уйкы безим аурады канша даригерге барсам да болмады еми али аурады маган жазып берген дарилери комек бермеди панрин,омез,креон деген дари дармек берди одан тук комек болмады,калай емдесем болады уйкы безин

Анар

Жақсы сапалы дәрігерге барған дұрыс болар.

Жасырын

Ламифарэн.өнімін қолданыныз, өте жаксы көмектеседі.

Хасанова гулнафис

Мен өтімді отамен алдырттым диета сақтамағандықтан ұйқы безім қабынған .Астрахан қаласына қаралдым" Галидор " деген таблетка шағын шыныда соны іштім қазір ауырмайды сосын АСД-2 қатты көмектесті .Ауырмаңыздар

Айгуль

Менинде уйкы безим аурады, калай емдеу керек?

Назерке

Алматыда уйкы безди емдейтин биликти даригер барма? Билсениздер жазыныздаршы....

Азамат

Хасанова гулнафис сизбен калай хабарлассак болады

Азамат

Шымкентте биликти даригер барма уйкы безди емдейтин

Азамат

Астанада кабынган уйкы безин емдейтин биликти даригер барма хабарласыныздар

Айгул

Менен.анам.80де.тунемен.уйыктамайды

Айгул

Не.ауыру.екенен.калай.аныктауга.болады

Райымкул

Укы без канша емделсемде жазыла алмадым 10жыл болды калай кутылам кандай кенес бересз халк емi барма

Райымкул

Iштн кебуi катып калуы мазамды алады манастрски чай жазама

тараз қаласы.

Минаш.менің ұйқы безім ауырады.емшіге барып емделдім.нəтиже бар.

молдияр

таразда кандай емши ким екенин аты жонин адремин жазшы

ол емшинин адресин беринизши

мен 3 жыл болды ауырганыма тараздагы емшинин адреси керек

Нургул

Менимде отимди алдыртып тастадым. Диета дуры сактамадым, енди уйкы без аурады. Не истеуге болад?

Таня

Тараздагы емшинин мекен жайын билгим келеді

Сабира

Менын уйкы безым ауырады, өт толган, асказан кабынган. Даригердын берген дарылерын штым комегы болмады. Креон 25000, тб.Алматыда кандай жаксы даригерлер бар???????????

Турсынай

Менин сол жак кабыргам асты ауырады не екенин билгим бираз болды

Нурик

Оң жақ қабырға асты ауырып жүр 17 нің сентябрь айынан басталды басында ұйып қалатын еді енді жәй жәй ауырып бастады дәрігерге әлі барған жоқпын. Қандай ауру екен өт ауру ма?

Керек Нурсебепов Нурханулы

Менин 4 жасар баламнын иши аурады кургак. Кандай емжасауга болады. Курметти аккалатты жандар. Мен шаршадым уже 87783308230

Керек Нурсебепов Нурханулы

Маган комек кажет

Ардақ

Керек, дəрігерге қаралмайсыз ба?

Гүлнұр

аптекада аскорида дәрі бар, соны беріп көр.барлық адамдарда болады аскорида

Зауре

Алматыда жақсы дәрігер бар Изатуллаев академик 87772123638

уикы безине натив оними жаксы комектеседи биздин

уикы безине натиф оними жаксы комектесет биздин саит Nati.KZ осы саитка тиркелиниздер сиздерге миндетти турде биздин мамандар хабарласат

серік

Салеметсіздерме?Менің Ұиқыбезім Ж/е Өтім ауырады қалай емделсем болады?

Жазира

Биолам балдырдан жасалган оним комектеседи.www.biolam.kz/

Саламатсыздар ма? Ұйқы безі ма білмеймін əр врач ə

Врач болса айтасыздар ма?

Әдемі

Тараздагы емшынын мекен жайын айтыныздаршы отыніш...

Айман

Қытайдан келген елшілер бар солар көмектеседі.

Муха

Менің өтімде тас бар үйқыбезім қабынған 5 жылдай болды кетпейді қанша емделсемде не істесем болады

Самат

менин уйкы безим ауырады тамак ишсем болы журегим дурсилдеп кетед калай кимге коринсем болад

Сауле

Ұйқы без асқазан өт ауруына бие сүті пайдалы . САУМАЛ

Сауле

Саумал пайдалы .бие сүті

Жанат

Қазақстандықтар
Өттегі тасты түсіретін дəрі шықты
Қытайдікі
5күн диета ұстап (етсіз майсыз қуырылғансыз)барып ішесіз бір күнде тасты түсіреді
Өттегі бүйректегі тастар
Өкпедегі қақырық т.б денелегі уытты қалдықтардың бəрін түсіреді
87057308202
Мен де алдырғым келген өттегі тасты
Зоб бар гормон шектен тыс көп операция жасамаймыз деген соң
3 ай іздеп осыны таптым
Бармаған врач емшім қалмады
Хабарласыңыздар
Бағасы 68.000 тг ішінде 6 флакон
Бір түнде ішесіз түсіріп барып ұйықтайсыз

Негізінде біз өтімен қоса алып тасткуға асығамыз
Қытайлардың айтқаны өтті де қалқанша безі яғни зобтың да атқаратын қызметі организмге керек алуға болмайды деген .Осы шөптен жасалған дəрі көмектесті

Эльвира

Ұйқы безін жазу өте қиын оған өт пен бауыр аурулары міндетті түрде əсер етеді бірінші емдеуді өттен бастау керек

Танат

Саламатсыздарма мен уйктай алмаймын арен уйктаймын газдалган немесе татти сусындар ишсем колым кышып кутырып кетеди комектесесиздерма 87754618989 ватцап

Клара

Жанат сиздики неше күнде түсті

ерема

актау каласында каймолдаев сарсен деген врач бар оте билити даригер

Эльмира

Менин уйкы безим исинген от толган калай емделсем болад бар дари ишип болдым еш пайдасы жок

Болатбек

Ерема Адрес или номерин жаззып жиберинши

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)