Өлең, жыр, ақындар

Уақыт өлшемдері

Қас пен көздің арасы – халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаны білдіреді.
Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7 - 1 сек аралығы.
Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут
Бие сауымдай уақыт – биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл.
Таң сәрі – Шолпан жұлдызының туған мезгілі.
Бозала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы.
Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл.
Сәске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез.
Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.
Тал түс – күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазықтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі.
Сәске түс – шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазықтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез.
Кешқұрым – күн батқан кез.
Түн ортасы – түнгі сағат 12.
Түн жарым – түнгі сағат 3.
Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең.
Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді.
Қарға адым – каңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

????асем

Рахмет

Арай

Кереметтттттт

Арай

Керемет

Кəусар

Керемет

Әлия

Норм деп ойлайм но тук тусын бедым оқуға жел жок ????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз