Өлең, жыр, ақындар

Өртпен тазалау

"Мұстапаның Қожық ауылын өртеп жібергені болыс-билердің ойына сол дәстүрді түсірді" (Ғ. Мүсірепов). Халықта пәле шыққан, қырсық шалған, мысалы, оба, тырысқақ, сүзек тағы басқа жұқпалы аурулар пайда болған, топалаң сияқты мал індеті жайлаған жерлерді әдейі өртеп жіберетін ырым бар. Мұндай қонысқа жыл бойы жақындамай, басқа жаққа көшіп кетеді. Сонымен бірге бүкіл елге зияны, зәбірі қатты батқан қарақшы, жауыз, қанішерлердің де үй-күйін, дүние-мүлкін өртетіп жіберетін қазақтың ескі заңы тағы бар. Мысалы, 19 ғасырда бүкіл Қостанай, Қызылжар елін қан қақсатқан Қожық қарақшыны қалың ел ұстатып, өзін Итжеккенге айдатып, үй-күйін, жайлауын түгел өртетіп жіберген.

Қазақта қайырсыз дүние, киім, мүлік, үйді де өртеп жіберетін ғұрып болған. Мұны ел пәле-жаладан, ауыртпалықтан, ауру-сырқаудан құтылу үшін істеген. Ел ішінде "өрттің арты қайыр болады" деген сенім бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер