Өлең, жыр, ақындар

Американың ашылуы

1492 ж Кристафор Колумб тарапынан ашылды деп білінетін Америка құрлығы негізінде мұсылмандар тарапынан табылған. Бұған байланысты көптеген деректер бар. Бірнеше мысал келтірейік:  

- Германияның Франкфурт қаласында тұратын және Гете университеті араб және ислам тарихы институтның директоры профессор Фуат Сезгин Былай дейді: «Ислам географиясы бойынша 26 жыл еңбек еттім және көп пікірлер қалыптастырдым. Американы Колумбтан бұрын мұсылмандардың тапқанын жаздым. Мұсылмандардың, Колумбтан қаншама жыл бұрын Америкаға жетіп барғандығына сенімдімін. Тіпті мұсылмандар жүздеген жылдар бойы Американың картасын сызумен айналысқан. Қазіргі қолданымдағы Африка, Азия және Европаға  қатысты карталар мұсылмандар тарапынан сызылған. Васко да Гаманың өзі де мұсылмандарға тиесілі карта арқылы Үндістанға барған»

- Тарих және пікір журналы 2005 қараша айындағы санында Американың мұсылмандар тарапынан ашылғандығын негізгі тақырып етіп кеңірек мағлумат берді.

- Колумбтың баласы Европадан батысқа қарай да теңіз жолымен жүруге болатындығын әкесі Генуяда кездескен мұсылман теңізшілерінен естігендігін айтқан.

- Тіл ғалымдары Колумбтан бұрынғы замандарда жергілікті тұрғындардың (қызыл терілер) тілдерінде арабша сөздер болғандығын анықтаған. Колумб Куба жағаларында үрмейтін иттер көрген. Бұлар Батыс Африка елдеріне тән ит болатын, яғни ескі жер мен жаңа жер арасындағы көпір алғаш болып мұсылмандар тарапынан құрылған болатын.

- 1787 ж Бостонда қазба жұмыстары кезінде көне ақшалар табылды. Гарвард универсмитетінде зерттелген бұл ақшалардың 9-10 ғасырларға тән самарқандтық дирхамдар енкендігін анықтаған. Дирхамдардың бетінде « Лә илаһә иллаллаһ, Мұхамадүн Расулуллаһ, уә бисмиллаһ» деп жазулы еді.

- Невададағы қазба жұмыстарында тасқа қашалып жазылған VII ғасырға тән «Аллаһтың атымен», «Мұхаммед нәбиАллаһ», «Шәйтан бүкіл жамандықтардың негізі» деген жазулар табылған.

- АҚШ ғылым өнер академиясының мүшесі, профессор Барри Феллдің мәлімдеуінше мұнда (АҚШ-та) VII-VIII ғасырларда мұсылмандар өмір сүрген.

- Калифорния университетінен археологтар профессор Роберт Хейзер және профессор Мартин Баумхоф жасаған қазба жұмыстарының нәтижесінде Невадада Ислам мен ғылымның, әсіресе теңізшілік мектебі бар болғандығын анықтаған. Яғни хазреті Осман және хазреті Әли дәуірінде мұсылмандар Америка құрлығында теңізшілік дәрістерін берген.

- Араб тарихшысы және жағрафия ғалымы Месуди (956 ж қайтыс болған): «Мұсылмандар хазреті Мұхаммед алейһиссаламның қайтыс болуынан 15 жылдан кейін, хазреті Османның дәуірінде Испанияға кірген кездерінде алдарынан ұшы-қиырсыз Атлант мұхиты шықты. Оны да зерттеуге кірісті.

- Дәнді-дақылдардан жүгері Батыс Африка жағалауларынан қажылық сапарына шыққан мұсылмандар арқылы Мысырға әкелінген болатын. Бұлар Кристафор Колумбтан бұрын болған Мәмлүктер дәуірінің тарихшысы Ибн Фазлуллах әл-Омари «Месалик әл-Абсар» атты кітабында Мысыр ханзадасының 3000 қайықпен қайта оралмау ниетімен Америка құрлығына кеткендігін жазған.

- Денисе Спелберг тарапынан жазылған «Thomas Jeffersons Quran, Islam and the Founders» атты ғылыми кітапта бұл тақырып кеңінен талқыланған.

- 1929 ж Топкапы сарайында табылған Пири Рейстің карталары осы күнге дейін сақталған Амреика құрлығы көрсетілген ең ескі карталардың бірі. Османдық теңізші Пири Рейс тарапынан 1513 ж сызылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз