Өлең, жыр, ақындар

20 бала Астана әкімінің білім грантына ие болды

Астана әкімі Әсет Исекешев мектеп түлектеріне - жетімдерге, мүгедектерге, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға елордалық ЖОО-ларда оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы куәліктер табыс етті, деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметінен.

«Бұл да мемлекеттің, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының бір белгісі екендігін атап өткеніміз жөн. Елбасы әрқашан да білімді ұлттың болашағы жарқын болады дейді. Білімнің арқасында біз бәсекеге қабілетті, күшті боламыз. Білім саласын дамыту - мемлекеттің басымдықтарының бірі болып табылады»,- деді Әсет Исекешев.

Астана әкімінің білім гранттары елордалық еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінеді. Бұл ретте техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтарға басымдық берілген. 

Айта кетейік, 2008 жылдан бастап 268 түлек диплом алған. 81 студент оқуын жалғастыруда, соның ішінде 34 студент - С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 13 - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 8 - Медицина университетінде, 2- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 21 - Еуразия гуманитарлық институтында, 1 - Астана университетінде, 2 - Технология және бизнес университеттінде.

Оқу жылы қарсаңында 41 өтініш қабылданды, соның ішінде 21-і республикалық грант бойынша, 20 өтініш арнайы комиссиямен қаралды. Нәтижесінде жалпы сомасы 7 210 000 теңгені құрайтын гранттар бөлінді. 

Жалпы биыл жергілікті бюджет есебінен 101 студентті оқытуға (оқуын жалғастырып жатқан 81 студент + биылғы 20 студент) 38,9 млн теңге жұмсалды. Қала әкімдігі ЖОО басшылықтарымен бірлесіп студенттердің үлгерімін тұрақты бақылауға алды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар