Өлең, жыр, ақындар

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 82,7 пайызды құрайды

Биыл 1371 мектепке дейінгі ұйым күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

«Бүгінде еліміде 9 297 мектепке дейінгі ұйымға 817,8 мың бала барады. Биыл 538 мектепке дейінгі ұйым ашылып, оның ішінде 49 балабақша іске қосылды. Жыл соңына дейін 82 нысан, оның ішінде Ұлттық қор есебінен 11 балабақша ашу жоспарланып отыр. нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 82,7 пайызды құрайды»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, биыл 1371 мектепке дейінгі ұйым күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Оның ішінде 1113 нысанға жөндеу жүргізуге қаржы қарастырылған.

ҚР БҒМ мәліметіне қарағанда, бүгінде 1056 ғимаратта жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы ретте Ақтөбе облысында жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталу мерзімінің бұзылуы қаупі байқалуда. Өңірде 219 ұйымның 118-інде жөндеу шаралары жүргізілген көрінеді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар