Өлең, жыр, ақындар

Теміртауда жаңа колледж ашылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті жанынан гуманитарлық-техникалық колледж ашылды. Бұл туралы ЖОО баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мамандар лицензиялар алынған тоғыз мамандық бойынша дайындалады. Бұл - «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Жылутехникалық қондырғы және жылумен жабдықтау жүйесі»,  «Электрлік және электромеханикалық қондырғыларды техникалық пайдалану, қызмет көрету және жөндеу», «Қара металл металлургиясы», «Машиналар мен өнеркәсіп қондырғыларын пайдалану», «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану, күту және жөндеу», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамту» және «Ғимарат пен имараттардың құрылысы және пайдалану», - делінген хабарламада.

9 және 11-сынып тәмамдаған оқушылар қабылданады.

«Колледжде ҚМИУ оқытушылары мемлекеттік стандартқа сай бағдарламалар бойынша сабақ береді. Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютер сыныптарын, оқу зертханалары мен спорттық-сауықтыру кешенімен пайдалана алады. ҚМИУ жанындағы колледжді сәтті тәмамдағандар үшін ЖОО-ға түсуге жеңілдіктер қарастырылған», - деді ҚМИУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Елена Харченко. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар