Өлең, жыр, ақындар

Қиярдың пайдасы

Қиярдың құрамында күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш.

Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеуге болады. Косметика саласында да үлкен орын алады. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар, қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.

Қиярдың пайдалары:

● Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарады.

● Артық салмақтан арылуға көмектеседі. Өйткені, оның құрамында ағзадағы көмірсуларды майға айналдыруға жол бермейтін тартронды қышқыл бар.

● Шаршағанды басады. Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр жеу, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.

● Көптеген аурулардың алдын алады. Қияр қатерлі ісік дертінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар қанның құрамындағы холестерин деңгейі мен қан қысымының бірқалыпты болуын реттейді. Қияр шырыны ұйқы безінің инсулин бөліп отыруына көмектесетін гормоннан тұрады. Сондықтан да бұл көкөніс сусамырмен (диабетик) қиналатындар үшін таптырмас дәрумен.

● Ауыздағы жаман иісті кетіруге болады. Ол үшін бір тілімі таңдайдың арасына 30 секундқа қойылады.

● Бас ауруынан құтылуға болады. Ол үшін бір неше тілім желінеді.

● Шиеленіс пен қалжырағандықты кетіруге болады. Ол үшін қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.

Басқа:

● Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.

● Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.

● Құрт-құмырсқаға қарсы: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағаз (фольга) немесе топыраққа қою керек.

Нью-Йорк таймс газеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Айнаш

Қияар жақсы көремін, ауылдағы үйдің қияры керемет!

Камила

Қияр мен аяқ киім тазалауға болатынын білмейді екенмін

Айдана

Қиярды өте жақсы көремін

Куаныш

Керемет

Жексембаева Назгүл Оразбай қызы

Өте керемет жазылған

Айзере

Бұл ең керемет мәлімет

Айгерім

Өте керемет жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз