Өлең, жыр, ақындар

Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады

Цицерон «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты», — деген екен. Ғалымдарға сенсек, бұл сөйлемді рухани байлыққа ғана қатысты емес, материалды байлыққа да қатыстыруға болады екен: итальяндық экономистер балалық шақтағы кітапқұмарлық пен есейгендегі әл-ауқат тығыз байланыста екенін дәлелдеген.

Падуи (Италия) университетінің үш экономисті тоғыз еуропалық елдің 6 000 адамын  зерттеп, бала кезден кітапқұмар адамдар қазірде кітапты аз оқыған немесе кішкентай кезінде мүлде кітап оқымаған балаларға қарағанда көбірек ақша табатынын анықтаған.

Олар 1920-1956 жыл аралығын зерттеген. Дәл осы аралықта Европада мектеп реформасы орын алып, оқу жылына тағы бір жыл қосылған. Зерттеушілер қосымша оқу жылы адамның орташа өмір бойлық пайдасын 9%-ға арттырғанын анықтаған. Бірақ аз ғана кітап оқыған балалар үшін бұл сан 5%-ға ғана өскен, ал көп оқығандар үшін — 21%-ға.

Бұл құбылысты танымал ағылшын неврологы Сьюзан Гринфилд былай түсіндірді. Баланың миын кітаптан асып, ештеңе дамыта алмайды, себебі әдебиет ойлау процессін    дамытатын бірден-бір құрал. Себебі әр сюжеттің басы, өрбуі, шарықтау шегі мен соңы бар – мұндай құрылым мидың бар бөлігін жұмыс істетіп, тізбектеуге бейімдейді, оқиғалардың байланысы жайлы ойландырады және кейіпкерлердің іс-әрекетін саралауға үйретеді.

Сондықтан ересек кезде логикалық ойлай алу қабілеті мен зейін қою бала кезде оқыған кітаптардың санына байланысты. Және оқуға деген құштарлығын арттыру – оған жасаған үлкен сыйымыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Замір

Кітапты оқи беру керек қой, пайдасы көп!

Риза

Ктап окып барды багалай блуды уйренды екен адам

Есіл

Осы сөзіңді Билл Гейтске айтып көр

Ерхан

Бил гейтс кітап оқымайды дейсің ба? Жыл сайын 10-20 кітап оқитын шығар, жыл сайын топ 10-15 кітабын айтып отырады

Ерхан

Экс-глава Microsoft читает не менее 50 книг каждый год и регулярно выпускает сезонные списки с рекомендациями своих любимых книг.

Ерхан

Уорен Бафет мысалы күніне 500 бет оқиды екен

Ерхан

Так что, Есіл, оқу керек!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз