Өлең, жыр, ақындар

Ұшақтар аспанда неге ақ із қалдырады?

Егер аспанда ақ із қалса, демек, ұшақ ұшып өтті: мұны тіпті балалар да біледі. Бірақ ол неге түзеледі және неден тұратыны жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Bilim-all.kz бұл сұрақтың жауабын азаматтық авиация пилоты Патрик Смиттің «Сөйлеп тұрған командир.Тәжірибелі пилоттың сұрақ, жауап және бақылаулары» кітабынан тапты.

«Конденсациялық із жоғары биіктікте құрғақ ауада реактивті қозғалтқыштың пайдаланылған ылғал газы мұз кристалына айналғанда пайда болады. Бұл суық күнде біздің демімізден бу шығатынына ұқсайды. Конденсациялық із – бұл бұлт деуге де болады.

Су буы – бұл реактивті қозғалтқыштағы жанатын қосымша өнім (дәл осыдан ылғал алынады). Конденсациялық іздің түзілуі қоршаған атмосфераның биіктігі мен құрамына байланысты – көбінесе қаныққан будың температурасы мен қысымынан».

Осылайша, бұл із – біраз уақыттан кейін бытырап кететін және мамық бұлттардың бір бөлігіне айналып кететін өзіндік ұзын бұлт.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз