Өлең, жыр, ақындар

ШҚО оқушысы тарих бойынша халықаралық олимпиадада үздік атанды

Өскеменде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарих бойынша халықаралық олимпиада өтті. Оның қорытындысы бойынша  Зырян қаласының №7 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айя Әубәкірова үздік атанды.

Тарихтан бөлек оқушы қыз өзге пәндерді де жақсы меңгерген. Аудандық және облыстық ауқымдағы түрлі зияткерлік және шығармашылық байқауларға қатысады. Гуманитарлық пәндер бойынша жетістіктері жақсы.

Олимпиаданы  Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы филиалы Бішкек қаласы мэриясының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Жарыс мақсаты: оқушылардың тарихты меңгерудегі белсенділігін арттыру, креативті ойлауға баулу, деп хабарлады өңірлік ақпарат орталығында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар