Өлең, жыр, ақындар

Сапалы білім берудегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Ы.Алтынсарин атындағы  Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
Педагогика және филология факултетінің, шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының
4 курс студенті: Сейітхан Гүлдесін Қалдыбайқызы

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: «Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет» делінген болатын. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Қайта құру кезеңіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алынғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырады. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анық байқалды.
Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі - білімді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, мәдениетті және ақпараттық құзырлылығы дамыған тұлға болуы қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу, дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы мұғалім тұлғасын дамыту және білім сапасын көтеру міндеттері қойылып отыр.

Сондықтан кез-келген мұғалім сабақ жоспарын құрған кезде, бұрынғы бірсарындылықты артқа тастап, заман талабына сай, әр оқушының жас ерекшелігін, зияткерлік деңгейін ескере отырып құрастыруы қажет. ХХІ ғасырдың оқушыларын таң қалдыру қиын, осы орайда мұғалімге қойылатын талап өте жоғары, сабақ үстінде оқушы пассивті жағдайдан, белсенді жағдайға көшуі тиіс. Яғни мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін өз кезегінде тынбай еңбектенуі тиіс. 

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады[1].

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технологияның ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – мұғалімге оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік береді[2].

Ақпараттық технология «information technology» - біріншіден: обьектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Екіншіден: ақпаратты өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақы түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады[3].

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі делінген.
Сонымен, жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді[4,5]. 
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    ҚР президенті –Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы / www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo.
2.    А.Б.Айтбаева «Білім берудегі жаңа технологиялар» оқу құралы 
3.    «Білім технологиялары» журналы. - 2009 ж. №5, 19-24 беттер
4.    С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері»/Алматы. - 2008ж. 
5.    А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі. - №2, 2000


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз