Өлең, жыр, ақындар

Мақсатыңа жету үшін өзіңе қалай кедергі келтірмеуге болады

Сіз неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты білесіз, алайда мақсатыңызға қарай қадам басудың орнына, бәрін керісінше жасайсыз ба? Мысалы, сіздің арықтағыңыз келеді, бірақ тоқаш пен печеньеден бас тарта алмай жүрсіз бе? Өз-өзіңізге дұшпан болуды қалай тоқтатуға болатынын психолог Бенджамин Харди (Benjamin Hardy) айтып береді.

Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.

Махатма Ганди

Ганди шын мәнінде дұрыс айтқан. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен өз құндылықтарыңызға сәйкес әрекет етпесеңіз, ішкі жан дүниеңізде қарсылық туындайды. Сіз қандай да бір әрекет жасау керектігін түсінесіз: өз жобаңызбен жұмыс істеу, уақытыңыздың көбін жақын адамдарыңызбен өткізу, жақсылап тамақтану т.б., – және де сіз біле тұра барлығын керісінше істейсіз.

Сіз өзіңізді ақтап алатын түрлі сылтаулар ойлап таба аласыз және өзіңіздің мақсатыңызға жеткізетін жолмен келе жатырмын деп сендіре аласыз. Бірақ шындыққа тура қарайықшы: сіз өзіңізді алдап жүрсіз. Сіздің қолжеткізер нәтижеңіз мінез-құлқыңызға, жүріс-тұрысыңызға тікелей байланысты болады. Егер сіз саналы түрде өзіңізге зиян келтірсеңіз, ешқашан өз күшіңізге сенімді бола алмайсыз. Оның орнына сіз үнемі жабығып жүретін боласыз және өмірлік болашағыңыз бұлыңғыр болып тұрады.

Сіз өз мақсаттарыңыз бен құндылықтарыңызға сәйкес өмір сүресіз бе? Ішкі жан-дүниеңіздің қарсылығын сезінесіз бе?

Мұндай жағдай менің де басымнан өтіп жатыр. Мен, өзімнің жұмыстан басқаға көңілімді алаңдататынына қарамастан, Facebook мен Twitter-ді жиі қараймын. Мен Nutella жағылған бутербродсыз өмір сүре алмаймын, соның кесірінен менде ешқашан қалыпты пресс болмайды. Мен өзімнің мақсатыма қол жеткізетін мезгілім бірнеше айларға созылып кететінін түсінсем де, кейде күні бойы ешнәрсе жазбай қоюым мүмкін.

Шындығын айтқанда, менің мінез-құлқым өз құндылықтарым мен мақсаттарыма жиі кедергі келтіреді. Бірақ нақ солар жақсы нәтижеге жеткізетін қозғағыш күштің өзі болуы мүмкін. Сонымен қатар басқа жол жоқ та. Егер сіз жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, сіздің мінез-құлқыңыз соған сай болуы тиіс.

Сен денеңде емес, өз амалдарыңда өмір сүресің.  Сен – өз амалдарыңсың, басқасы емес.

Антуан де Сент-Экзюпери

Әрбір күн мінсіз болуы тиіс

Бәрімізде күніне 24 сағат уақытымыз бар. Егер сіз осы уақытты қалай пайдалануды білмесеңіз, сіздің өміріңізде ешқандай бағыт-бағдар болмайды. Олай болмаған жағдайда, жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін.

Сіздің бүгінгі күніңіз қалай өтті, ойлаңызшы? Артыңызға қарап, бүгінгі күні не істегеніңіздің барлығын есіңізге түсіріңіз. Келесі сұрақтарға шынайы жауап беріңізші:

1 - Сіз болғыңыз келген адам тәрізді әрекет жасадыңыз ба?

2 - Егер сіз жылдың барлық күнін бүгінгідей етіп өткізсеңіз, нәтижесінде қай жерде болар едіңіз?

3 - Егер сіз өміріңізде шынымен де өз мақсаттарыңызды іске асыруға тырыссаңыз, сіздің мінсіз күніңіздің бүгінгіден қаншалықты өзгешелігі болар еді?

4 - Өз арманыңызға қол жеткізуіңіз үшін сіздің қарапайым күніңіз неге ұқсауы тиіс?

Өз өміріңізді мінсіз етудің ең үздік тәсілдердің бірі – өзіңіздің мінсіз күніңізді көз алдыңызға елестету. Сізге ол күн қандай болып көрінеді? Сіз өзіңіз армандағандай өмір сүре алу үшін әрбір күніңізде қандай оқиғалар орын алуы тиіс?

Сіздің мінсіз күніңіз жақсы өмір сүру туралы тек қана өзіңіздің жеке түсінігіңізге негізделуі тиіс. Бақыт пен жетістікке жетудің сіз үшін қаншалықты маңызды екенін тек сіз өзіңіз ғана анықтай аласыз.

Менің мінсіз күнім шамамен мынадай:

7-8 сағаттық жақсы, дұрыс ұйқы.

Дұрыс тамақтану, қарапайым әрі пайдалы тағамдар. Фастфуд өнімдерінің еншісі күніне 300 калориядан аспауы тиіс. Тым болмағанда бір реткі тамақтану кезінде мен әйеліммен және балаларыммен әңгімелесуді қалар едім.

30–60 минут дене жаттығулары.

15-30 минут ойлану, демалу, тынығу.

1-2 сағат өздігінен білім алу.

3-5 сағат мәтінмен жұмыс істеу.

Ең аз дегенде 2 сағат балалармен ойын ойнау.

Ең аз дегенде 1 сағат әйеліммен әңгімелесу.

Бұл іс-әрекеттер қандай тәртіппен, қайсысы қайсысынан кейін орындалу қажеттілігі маңызды емес. Мүлде бірдей екі күннің болуы мүмкін емес. Егер де мен осы тізімдегілердің барлығын жасайтын болсам, онда менде почтамды тексеруге, жеңіл-желпі тамақтанып алуға, бір жерге барып келуге, басқа нәрсеге ойымды бөлуге, досыммен телефон арқылы сөйлесуге және барлық аяқ асты туындаған істерді жасауға үш сағаттан артық уақыт қалар еді.

Әрине, менің күндерімнің барлығы мінсіз күнге ұқсай бермейді. Бәлкім, жартысы ғана шығар. Ал екінші жартысы, тіпті одан да азы, аздаған ғана жетістіктермен өтеді.

Біз, барлығымыз да уақытты қалай өткізетінімізді қадағалай аламыз. Егер де оны жасай алатынымызға сенімді болмасақ, онда біз өз іс-әрекеттеріміз үшін өзімізге жауапкершілік алуды үйренбей-ақ кетеміз.

Әрекет етуге шақыру

Бірнеше минутыңызды бөліңіз және өзіңіздің мінсіз күніңізді елестетіп көріңіз.

Оларсыз мінсіз күніңізді елестету мүмкін емес болатын іс-әрекеттер тізімін құрыңыз.

Өз уақытыңызды қалай және не нәрсеге жұмсайтыныңызды қадағалауды бастаңыз. Сіз осылай жасай бастаған сәтте, өзіңізге қаншалықты жиі қарсы келетініңізді түсіне бастайсыз.

Іс-әрекетті орындаудан, айтқан оңайырақ. Бірақ мақсатты және дәйекті түрде өмір сүруге әбден болады. Бәлкім, зиянды әдеттерді пайдалы әдеттерге ауыстыруға болады. Бәлкім, өзіңіз қалаған адам болуыңызға болады.

Ынталандыру және өзін-өзі реттеу теориясы

Егер сізге ынталандыру жетіспесе, онда сіздің мақсатыңыздың шешілмеген мәселелері бар сияқты. Сіз не өзіңізге мақсатты дұрыс қоймағансыз, не олар нақты емес болып табылады, не болмаса сіз оларға қол жеткізу үшін жеткілікті уақыт бөлмегенсіз.

Дұрыс қойылған мақсаттар бізге психологиялық деңгейде қалай әсер ететінін көрейік. Өзін-өзі реттеу – бұл психологиялық процесс, ол біздің мақсаттарымыз бен мінез-құлқымыздың арасындағы сәйкессіздікті табады және ынталандыруды іске қосады: ол бізге ұмтылған деңгейімізге жетуіміз үшін көмектесуі тиіс.

Сондай-ақ, өзін-өзі реттеу үш бағытта жұмыс істейді:

Өзін-өзі бақылау қазіргі уақытта біздің жасағандарымыздың қаншалықты жақсы екендігін анықтайды.

Өзін-өзі бағалау біздің сезімдеріміз бен ойларымызды анықтайды.

Рефлексия біздің ойларымыз мен сезімдеріміз мақсаттарымызға сай келе ме, соны анықтайды.

Жоспарды тек қана орындап қана қоймай, артығымен орындау үшін, алғаш ойлағандағыңыздан да артығырақ күш жұмсау қажет. Мінсіз шарттар күтудің орнына, одан да нашарын ойлаңыз. Сізге қажет болатын уақыт пен шарттардың мөлшерін бағаламаудың орнына, оны артығымен бағалаңыз.

Түпкі ойды жүзеге асыру

Әрине, мақсатқа жету оңай емес. Әйтпесе біздің айналамызда тек қана табысты адамдар қоршап жүрген болар еді. Біз көбінесе ішкі жан-дүниеміздегі мәселелерді жеңе алмай жатамыз, және дәл осы нәрсе өз армандарымызға жету жолында бізге кедергі болады.

Көптеген зерттеушілер, ынталандырумен қиындық туындаған сәтте, адамдардың мақсатына ұмтылуына қалай қолдау көрсетуге болатындығы туралы мәселеге жауап беруге тырысты. Барлық мәселе, психологтардың ой-пиғылды жүзеге асыру деп атайтындарында екен. Мысалы үшін төзімділікті дамытушы марафоншыларды алайық. Олар жүгіруге қыиндық тудыратын нүктелерді бағындырғанда, олар дистанциядан шығып кеткен кездегі жағдайлар туралы ойлай бастайды: «Егер мен көруді толығымен жоғалтсам, мен тоқтаймын».

Егер де сіз ойға алған нәсеңізден қандай жағдайда бас тартатыныңызды әлі анықтап алмаған болсаңыз, онда сіз төзімділігіңіз жетуі мүмкін уақыттан да бұрын бәрін тастап кететін сияқтысыз. Адамдардың көпшілігі өз күшінің ең аз дегенде 40%-ы қалғанда тоқтайды.

Бірақ, өзіңіз үшін ойға алған мақсатыңыздан бас тартатын жағдайларды анықтап алу жеткілісіз. Сонымен қатар сіз, мұндай жағдайлармен бетпе-бет келген сәттегі өзіңізді іс-әрекетіңізді ойлап алуыңыз қажет.

Менің ағам Джесси – бұған тамаша мысал бола алады. Ол ондаған жылдар бойы барып тұрған шылымқұмар болатын, күніне бірнеше қорап шылым шегетін. Ал үш жыл бұрын күтпеген жерден шылым шегуді тастады. Жабыққан сәттерінде, немесе ауыр күнді бастан өткергенде, немесе шылым шегуге түркі болатын қандай да бір триггер пайда болғанда, ол өзіне: «Егер де мен шылымқұмар болсам, дәл қазір міндетті түрде шылым шегер едім» дейді де, әрі қарай өзінің жұмысын жалғастыра береді.

Мен көңілімді басқаға аударғанда – бұл өте жиі болатын жағдай, – мен өзімнің күнделігімді аламын да, өзімнің мақсаттарымды жаза бастаймын. Бұл менде қайтадан ынталануды оятады және бағытымды реттеп алуға көмектеседі.

Жетістікке жетуді қалағаныңыз аздық етеді. Сіз жоспар құруыңыз және ең нашар жағдайға да дайын болуыңыз қажет.

Біздің ұмтылысымыз көбінесе жоқ дегенге саяды. Сіз ынталандыру да таусылатын сәтке дайын болуыңыз қажет. Сіз өзіңізге ынталандыруды қайтаруға көмектесетін триггерді жасап алуыңыз керек.

Әрекет етуге шақыру

Мақсатыңызға брар жолда алдыңыздан шығуы болуы мәселелерді елестетіңіз (мысалы, сіз қонаққа барғанда, сізге өзіңіздің ең сүйікті десертіңізді ұсынды). Сіз оны қалай қабылдайсыз?

Өзіңіз елестете алатын барлық мәселелер туралы ойланыңыз. Олардың әрқайсысы үшін лайықты шешім ойлап табыңыз.

Ол мәселелердің қандай болсын бірімен шынымен де бетпе-бет келген сәтте, өзіңіздің ойлағаныңызды жүзеге асырыңыз.

Қорытынды

Сіздің бүгінгі күніңіз қалай өтті? Ал кешегі күніңіз ше?

Егер де біз бүгіннен бастап әрекет етпейтін болсақ, онда мақсатымыздың ешқандай да ертеңгі күні болмайды. Сіз өз күніңізді қалай өткізетініңіз – сіздің кім екендігіңіздің және алдағы уақытта кім болатындығыңыздың тамаша көрсеткіші.

Тек қана тамаша болашағыңыздың болғанын қалағаныңыз жеткіліксіз. Сіз сол болашақты қандай етіп көргіңіз келетінін, және сондай болашақпен бүгіннен бастап өмір сүруіңіз керектігін білгеніңіз жөн.

Жеңімпаздар жеңіске қол жеткізе бастардан аздаған уақыт бұрын өздерін жеңімпаз ретінде ұстай бастайды. Егер де сіз жеңімпаз ретінде әрекет етуді бүгін бастамасаңыз, онда ертең жеңіске жете алмайсыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Қайрат

Болашақ бүгіннен басталады.

Динара

Өтте жақсы

динара

Жаксы кенес

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз