Өлең, жыр, ақындар

Министр білім саласындағы бастамаларды оқытушылармен талқылауы тиіс - Н.Назарбаев

Білім саласындағы бастамалар жан-жақты талқылаудан кейін ғана мектеп бағдарламасына енгізілуі тиіс. Бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Халыққа ашық Үкіметті түсіндіру жұмыстары ақсап жатыр. Біз өндіретін, жасайтын істерді халыққа түсіндіру қажет. Барлығы бірдей кешке қарай теледидар алдында отырмайды, оларға жұмыс істеу керек. Барлығы бірдей газет те оқымайды. Бізде «Нұр Отан» партиясы, Ассамблея, жергілікті атқарушы органдар бар. Олар ауылдарда, аудандарда мұның не үшін қабылданғанын түсіндіруі керек», - деді Елбасы.

Осы ретте ҚР Президенті бес күндік оқу, үш тілде білім беруді қоса алғанда мектептегі білім саласына қатысты бастамалардың кеңінен талқыланып жатқанын айтты.

«Білім министрлігі ең алдымен бұл мәселелерді оқытушылармен талқылауы тиіс. Мәселен, мен балаларымызға жүктеме тым артық деп санаймын. 5 күндік білім беруді қысқарту есебінен жасау қажет. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиетін бір пән жасауға, орыс тілі грамматикасы мен әдебиетін, тарих пен географияны қосуға болатын шығар», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы білім саласындағы бұл өзгерістер балаларымыздың, еліміздің болашағы үшін аса қажет екендігін атап өтті.
«Бұған қоса, барлығы да тыңғылықты талқылаудан кейін қабылдануы тиіс. Мектеп мәселесінің әрбір отбасына қатысты бар. Сондықтан, барлық позиция айтылуы тиіс. Ойластырылмаған экспериментке жол жоқ. Бізді ешкім де асықтырып отырған жоқ. Біз не қажет екендігін өзіміз шешеміз», - деді Елбасы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар