Өлең, жыр, ақындар

Мінездеме құрылымы

Мінездеме құрылымы 1. Құжаттың атауы тақырыпқа қосылады. Ол парақтың жоғарғы жолының ортасына орналасады, сиректетіп термей бас әріптермен жазылады. Мысал. МІНЕЗДЕМЕ ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ МІНЕЗДЕМЕ-ҰСЫНЫС 2. Мінездеме берілуші туралы қысқаша мәліметтерде ол туралы маңызды биографиялық деректері – тегі, аты, әкесінің аты және білімі, ұйымдағы жұмыс өтілі, сол сәтте атқаратын лауазымы мазмұндалады. Өзге де кейбір мәліметтер қосымша көрсетілуі мүмкін (мысалы, дипломы бойынша мамандығы, соңғы лауазымдағы жұмыс өтілі, білімі, әскери қызметке қатыстылығы, ұлты, отбасылық жағдайы, азаматтылығы және т.с.с.) қысқаша мәліметтер парақ бетінің ортасына интервал арқылы орналасады. Мысал. МІНЕЗДЕМЕ Батырбеков Мирас Мұратұлына, 1964 жылы туған, білімі жоғары техникалық, кәсіпорында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді, бақылау-өлшеу аппаратуралары бөлімінің аға инженері, атқаратын лауазымындағы жұмыс өтілі – 11 жыл. 3. Негізгі мәтіннің басында мінездеме берілушінің қызметі жалпы қысқаша талдауы, оның тапсырылатын іске көқарасы баяндалады. Бұдан кейін мамандықты меңгеруі, кәсіби білімдері мен дағдыларының болуы және даму деңгейі, мінездеме берілетін кезеңдегі қызметінің негізгі жетістіктері мен кемшіліктерінің қысқаша тізбесі, қысқаша әлеуметтік-психологиялықбейнесі, әріптестерімен жұмыс бабындағы қарым-қатынасы, отбасылық жағдайы, командада жұмыс істей білуі,жұмысындағы сынға және кемшіліктерге көзқарасы жан-жақты сипатталады. Бір қатар жағдайларда (оқуға немесе іссапарға жібергенде) үміткердің денсаулық жағдайы туралы да ескерген жөн. (Қосымша). Қажет болса негізгі мәтінге осы мінездеме үшін маңызы бар өзге де ақпараттар қосылуы мүмкін, мысалы, жеке жұмыс жүргізу тәжірибесі және зерттеу жүргізу, үйрену, басшылық ету, шетелде іссапарларда болу сияқты жеке қасиеттерін дамыту және т.с.с. Мәтін, типтік сөз орамдары мен сөз тіркестерін, қысқартусыз алынған стандартты терминологияларды пайдалана оытрып қарапайым сөйлемдерден тұруы тиіс. Мысалы. И.М.Ломов Бақылау-өлшеу аппаратуралары бөлімінің аға инженері лауазымында жұмыс істеген уақытында өзін қабілетті, білімді және ұқыпты маман ретінде көрсете білді. Ол жұмыс жүргізу технологиялары мен техникалық бақылау құралдарының мүмкінддіктерін жеткілікті түрде біледі. Жеке ЭЕМ-ын тәжірибелі пайдаланушы. Француз тілінің бастауыш білімі бар. И.М.Ломов мамандығы бойынша 1999 жылы Санкт-Петербург электротехникалық институтында қосымша даярлықтан өтті. Ол туралы оқу орнының пікірі – ойдағыдай. Көпшілікпен тіл табыса білетін адам. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Қиын жағдайларда өз бетінше дұрыс шеім қабылдай алады. әрдайым әріптестерімен жұмыс бабында іскерлік қарым-қатынаста болады. Сын-ескертпелерге дұрыс қарайды. Үйленген. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. 4. Тұжырымдар мінездеме мәтінінің қорытынды бөлігін білдіреді және әдетте мінездеме берілушінің келешектегі қызметіне қатысты нақты бір ұсынымдары бар бір-екі сөйлемдерден тұрады. Кәсіптік дайындық деңгейі мен басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, И.М.Ломовты конкурстық негізде бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады. 5. Мінездеме берілген ұйымның атауына, мінездеме даярланған ұйымның толық ресми атауы қосылады. Кейде, осы құжат қандай мақсатқа берілгендігін көрсетеді, сол кезде «мінездеме» сөзі жазылмайды. Электротехникалық институттың конкурстық комиссиясына ұсыну үшін берілді. 6. Мінездемені берген тұлғаның қолтаңбасына, мінездемені берген тұлғаның толық ресми атауы, қолы, тегі және аты-жөні қосылады. Электротехникалық институттың кадрлар бөлімінің бастығы _______________ Иванов В.В. (қолы) 7. Мінездемеге қол қою күніне осы мінездемеге қол қойылған күні, айы және жылы қосылады. Ол ұйым атауының төменгі жағына қағаздың сол жақ бөлігіне интервал арқылы орналасады. 25 наурыз 2011 жыл 8. Қосымшалар. Егер мінездемеге қосымшалар қосылса, онда бұл жөнінде қағазға (қолтаңбадан төмен) тиісті жазу жазылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз