Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қызықты ұжымдық 2 ойын

Әр компанияда бәріне ортақ бір іспен айналысуға ниет бар, алайда, нақты не істейтінін ешкім білмейтін сәттер болып тұрады.

bilim-all.kz көңіл көтергенді ғана емес, ойлануды да ұнататын көңілді, айрықша ұжымда уақытты қызықты етіп өткізудің жолдарын ұсынады.

Күнделікті күйбеңнен және жұмыстан бір сәт бас көтеріп, назарыңызды басқа жаққа аударып қана қоймай, санаңызды сергітіп, ширатқыңыз келсе, төмендегі қызықты ұжымдық ойындарын ұсынамыз.

«Кім екеніңді тап» ойыны  

Ойын ережесі

Қатысушылардың (кем дегенде екі адамнан сансыз көп адамға дейін ойнай береді) әрқайсысы шамамен 2х5 см таза парақ алып, кез келген мәдениет қайраткері, тарихи тұлға немесе кино, әдеби шығарма кейіпкерінің есімін жазады. Бар шарт – ол есім ойынға қатысып отырғандардың барлығына таныс болуы тиіс.

Ойыншылардың бәрі кейіпкер ойлап тауып, жазып болғаннен кейін, парағын жанында отырған көршісіне шеңбер бойымен (оңнан солға, солдан оңға – маңызды емес) береді. Өз парағыңызда не жазғаныңызды ойын басталғанға дейін ешкім көрмеуі тиіс екенін ескеріңіз.

Сонымен, әрқайсысыңыз парағын таза жағын жоғары көрсете отырып көршісіне береді, ал сіз көршіңізден алған парақты, онда не жазылғанына қарамай маңдайыңызға жабыстырып аласыз.

Әрине, түріңіз күлкілі болып көрінеді, алайда, оның еш сөкеттігі жоқ –ойынға қатысып отырғандардың бәрінің түрі сондай. Бұл ең оңтайлы шешім: өзіңізге тиген парақта не жазылғанын сіз көре алмайсыз, ал басқалардың бәрі сіздің осы ойында кім екеніңізді еске түсіріп отыру үшін кез келген уақытта сіздің жүзіңізге қараса жеткілікті.

Дайындық жұмыстары аяқталып, парақтар таратылып, маңдайларға жабыстырылып болып, бәрі ойынға кірісуге әзір болғанда, ойын басталады.

Ең алдымен, әрқайсысыңыз әріптестеріңізге бұйырған «рольдермен» танысып алуыңыз керек. Бәсекелестеріңіздің бірінің маңдайындағы кейіпкерді танымайтын болсаңыз, ақырындап достарыңыздан сұрап алыңыз.

Сонымен, жұрттың бәрі өзіне керегін біліп болғаннан кейін ойынның ең қызық тұсы – сұрақ қоюғакірісе беруге болады.

Ең алдымен, айналымды кімнен бастайтындарыңызды таңдап аласыздар: мұнда белгіленген ереже жоқ, алайда, екінші айналымнан бастап, алдыңғысында жеңіліп қалған адам бастайды. Сол адам бірінші болып сұрақ қояды.

Сұрақты оған тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатындай етіп құрастыру керек.

Мысалы, бірінші сұрақ әдетте «Мен шынымен бар кейіпкермін бе?» деп басталады.

Сонда ойыншылардың бәрі ол адамға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әдетте, бәрі жамырап жауап береді, сондықтан да, бір-екі адам қандай да бір сұрақтың жауабын білмей қалса да ештеңе етпейді.

Сонымен, адамның сұрағына «иә» деп жауап бергеннен кейін ол сұрақ қоюын жалғастыра береді. Әр адам сұрағына «жоқ» деп жауап алғанға дейін немесе өзі «пас» дегенге дейін ойынды жалғастыра береді. «Пас» мүмкіндігін лайықты сұрақтарыңыз таусылғанда немесе осыған дейін алған ақпаратты ойланып алу керек болғанда алуға болады.

Әр ойыншы команданың бір мүшесі өзінің кім екенін тапқанға дейін бүкіл командаға сұрақ қоя береді.

Айталық, адам толық ақпарат алып, соның бәрін ойланып болып, «Мен Лермонтовпын ба?» деп сұрақ қояды. Оған «иә» деген жауап алса, жеңімпаз болып ойыннан шығады, алайда әріптестерінің сұрақтарына жауап беруге құқылы болады. Ал егер қателесіп қалса немесе «жоқ» деген жауап алса, басқалармен бірге ойынды жалғастыра береді.

Сізге қандай роль бұйырғанына қатысты үш рет қана болжам айтуға болады. үшінші ретте де «жоқ» деген жауап алсаңыз, жаза ретінде келесі жүрісіңізді өткізесіз.

Екі ойыншы қалған кезде, олар біреуі өз кейіпкерін тапқанға дейін жарыса береді. Сонда қалған ойыншыға үш жүріс беріледі: яғни, оған үш рет «жоқ» деп жауап беруге болады, үшінші реттен кейін ол жеңілген болып саналып, маңдайындағы қағазды алып, достары оны кімге балағанын көреді.

«Фант» ойыны

«Фант» ойыны – достарыңызбен бірге уақытты көңілді өткізіп, көп жаңа дүние біліп, өз мүмкіндіктеріңізді сынап көруге таптырмас мүмкіндік. «Фант» сөзінің өзі «кепіл» дегенді білдіреді. Ойынның мәні де осында. Ойынға қатысушылардың бәрі бір затын кепілге береді де, содан кейін бір тапсырманы орындап, сол затын қайта сатып алады.

«Фант» ойынының ережесі

«Фант» ойынының негізгі екі нұсқасы бар.

1)Жүргізушімен.

2) Қағазбен.

Бірінші нұсқаныңережелері мынадай. Жүргізуші ойынға қатысушылардың «фанттарын» жинап алады да, оны қапқа немесе басқа бір ыдысқа салады. Содан кейін ол теріс қарап тұрады, ал ойынға қатысушылардың бірі қаптан бір «фантты» шығарып алып, «мына фантқа қандай тапсырма берейік?» деп сұрайды. Жүргізуші оған тапсырма ойлап табады, ал «фанты» шыққан ойыншы сол тапсырманы орындауы тиіс. Ойыншы тапсырманы сәтті орындап шықса, кепіл затын қайтарып алады. Содан кейін кезек келесі «фантқа» келеді. Жүргізушінің өзі де «фант» өткізуді ұмытпағаны дұрыс. Осылайша, қатысушыларға қиын тапсырма бермес бұрын, өз басын да бір ойлап алады. Өйткені, дәл сол тапсырма өзіне түсуі мүмкін ғой. Оның үстіне, жүргізуші кім болатынын да алдын ала ойластырған жөн. Қызықты да салмақты тапсырмалар ойлап табатын сол емес пе.

Екінші нұсқада жүргізуші қажет емес. Ойыншылар алдын ала қағаздарға тапсырма жазып, ол қағаздарды қалпаққа, не қапқа салып қояды. Содан кейін барып ойыншылар кезекке тұрып,  өзіне тапсырма суырады. Мұнда да «фанттар» кепіл заты ретінде жинап алынады.

Бұл – «фант» ойынының недәуір үйреншікті ережелері. Алайда, әр компания оларды өзгертіп, қалауынша жаңасын қосуына болады. Мысалы, тапсырманы орындаудан бас тартқандарға кепіл затынан айырудан басқа кез келген жаза түрін тағайындауына болады.

«Фант» ойыны кез келген басқа ойынның жалғасына айналуы да мүмкін. Мысалы, қандай да бір ойыннан шығып қалсаңыз  – «фант» беріңіз. Сол ойын аяқталғанға дейін фанттар жиналып болады да, жеңімпаз әлдеқандай артықшылыққа (мысалы, тапсырманы орындаудан бас тарту) ие болады.

«Фант» ойынындағы бастысы –тапсырмалар. Сондықтан да, ойыншылар қандай тапсырманы орындайтынын, ал қандайын орындамайтынын алдын-ала ақылдасып, келісіп алғаны жөн. Сонымен қатар, тапсырмалардың өзі де жиналған жұрттың бір-біріне деген көзқарасына, ортақ қызығушылықтарына байланысты болады. Ал басқа жағынан мұнда ешқандай шектеу жоқ. Кез келген тапсырма беруге болады: бастысы - ойыншылар аман қалып, ешкім ешкімге зиян келтірмеуі.

«Фант» ойыны көп жылдан бері ойналып келе жатқанына қарамастан, ескірген жоқ. Оның танымалдығына дәлел -  осындай ережелері бар онлайн-ойын жасалуы. Сан ұрпақ ауысса да, ойынның шытырман табиғаты өзгерген жоқ.

Көңілдеріңіз көтеріңкі болуына тілектеспіз!

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Серик Акбота

Оте кушты

Кушибай Суммая

Керемет ойындар озиниз шыгардыныз ба

Сезім

Тамаша ойындар балалар куанып калды

Erke

Өте керемет

назым

тамаша

Balabai

Маған қызықты ойын

Жайна

Өте керемет күшті ойын екен

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...