Өлең, жыр, ақындар

Елімізде 117 мектепте үш тілді оқыту жүйесі енгізілді

Қазақстанның 117 мектебінде үш тілді оқыту жүйесі енгізілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Тақир Балықбаев мәлім етті.

«Бастапқыда ілкі жоба ретінде үш тілді оқыту 33 мектепке енгізілген болатын. Бүгінде 117 мектепте оқушыларды үш тілде оқыту жүйесі бар. Бұл шамамен 63 мың оқушы», - деп атап өтті ол. - Әрине, бұл мектептерде қазақ, орыс және ағылшын тілдері терең оқытылады. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарының бірқатар пәндері ағылшын тілінде беріледі».

Оның айтуынша, бүгінде 42 жоғары оқу орнында тек ағылшын тілінде оқытатын бөлімдер бар.

«Қазіргі уақытта 7 900-ден астам адам үш тілді білім алып шықты. Сонымен бірге қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген профессорлық-оқытушылық құрам жасақталған», - деп түйді сөзін Т.Балықбаев.

Министрліктің мәлімдеуінше, 2015 жылдың қараша айында Қазақстанда үш тілді білім беру жүйесін дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы қабылданды.

inform.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар