Эссе және өлең-жыр байқауы

Теңіздегі ең үлкен өсімдік

Испанияның теңіздерді зерттеу университетінің океанологтары қызық жаңалық ашты. Теңіздің ең түбінен, Балеар аралдарының жанынан әлемдегі ең алып өсімдік табылған.

Оның жалпы ұзындығы сегіз шақырымды құрайды. Өсімдіктің сабақтары дәл осынша қашықтыққа созылып жатыр, оны «Теңіз посидониясы» деп атады. Ол Посидония тұқымының гүлді өсімдігін құрайды. Ол үш түрлі өз тұқымында жалғыз.

Әдетте, Посидониялар үлкен отарлармен бірігіп өседі және басқа теңіз өсімдіктерімен шалғынға айналады. Олар теңіз шығанақтарында немесе айлақтарда 30-50 метр тереңдікте орналасады.

Өсімдіктер толықтай су астында орналасқан. Олардың тамыр сабағы үлкен моноподиалды болып келеді, тік тұратын қысқа өркендері және жан-жаққа тараған тамырлары болады. Теңіз Посидониясының отарларында қашықта орналасқан бүтін вегетативтік табыр сабақтары болады. Ал тік тұратындары ортада орналасады, түйіндерінде тамыр құрып, өздері жаңа тамыршаларды жасайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...