Өлең, жыр, ақындар

Таңғалдырар әдемі және оған қоса аса қауіпті гүл

Сарғалдақ тұқымдасының қатарында ежелде улы саналатын гүл бар. Оның аты – аконит, немесе балуан.

Ежелде бұл өсімдік у жасау үшін ғана қолданылған. Оның шырынымен жаумен соғыс алдында немесе аңшылық алдында садақтардың оғын сүрткен. Ежелгі Рим мен Грецияның өлім жазасына кесілген қылмыскерлері аконит негізіндегі тұнбаны ішулері керек болған.

Осындай әдемі әрі нәзік гүлдің өлімге душар ететіндей нендей қасиеті бар? Бар мәселе акониттің құрамындағы көп мөлшердегі алкалоидте жатыр. Гүл тамырының бір грамм балғын шырыны адам ағзасына түсер болса, тыныс алу жолы мен жүрегін тоқтата алады. Өсімдік шырынын теріге сылаған кезде де улану қаупі бар.

Әсіресе шүйгін ортада өскен өсімдік өкілдері аса қауіпті саналады. Жоңғар акониті оның көптеген түрлерінің ішінде ең улы болып табылады. Ажалды өсімдіктен жинап алынған бал немесе аконитпен уланған жануардың еті де өмірге қауіп тудырады.

Қолмен өсірген гүлдер уақыт өте келе қауіптілік деңгейін жоғалтатыны байқалған. Бүгінде жоңғар аконитін медицинада қолдануға тыйым салынған, алайда кейбір халық емшілері мен бақсылары бұл өсімдікті пайдалануды тоқтатқан емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер