Эссе және өлең-жыр байқауы

Қолтырауындар жайлы деректер

Жер бетіндегі тұңғыш қолтырауындар шамамен 250 миллион жыл бұрын пайда болған.

Crocodylusporosus – теңізде мекендейтін ең үлкен қолтырауын.  Көбіне оны Фиджи аралдарында кездестіруге болады. Мұндай қолтырауынның салмағы тоннаға жуық, ал ұзындығы жеті метрге тең.

Алайда басатын жұмыртқалары кішкентай болып келеді, қаздыкіне ұқсас. Туылған кішкентай қолтырауын жарылып шыққан жұмыртқасынан үш есе үлкен болады.

Қолтырауындар сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүзеді. Бірақ жүріргенде жылдамдықтары сағатына 11 шақырымға жетеді. Қолтырауындар алып денелі болса да, теңізден екі метр биіктікке секіре алады.

Қолтырауынның тістер саны оның нақты бір түріне байланысты, бірақ әдетте 64-тен 70-ке дейін жетеді. Бірақ қолтырауындар тістерін шайнау үшін пайдаланбайды, оған тіс олжасын ұстау үшін және бөлу үшін керек. Өмірінің соңына дейін қолтырауындардың тісі шамамен 100 рет ауысады.

Қолтырауын тағамды кесектеп жейтіндіктен, жақсы қорыту үшін ол тасты да жейді, дәл осы оған тереңге сүңгігенде тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік береді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Нилуфар

Рахмат ұнады

Бекжан

Жаксы

самат жадыра

колтырауыннын пайдасы

Айгүл

Өте керемет!Маған ұнады!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...