Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің ең бай 10 адамы

Wealth-X компаниясының келтірген мәліметі бойынша Әлемнің ең бай 50 адамының ақшасы - 1,46 триллион долларды құрайды – бұл Австралия, Испания немесе Мексиканың жылдық жалпы ішкі өнімінен әлдеқайда көп. Әлемнің 29 бай адамы – америкалықтар, елудің шамамен төрттен бірі технология саласында табысқа жеткендер. Бұл тізімге кіру үшін бар-жоғы 14,3 миллиард доллар табыс табу керек. Бұл тізімдегілердің кейбірі ғана бай отбасында дүниеге келгендер, көбі “нөлден” бастап әлемдегі ең қымбат компанияға дейін жеткізген. Оның ішінде Amazon, Facebook, Oracle бар.

 

10. Ингвар Кампрад
89 жастағы швед кәсіпкері Ингвар Кампрад жиһаз өнімдерін шығаратын IKEA дүкенінің негізін 17 жасында қалаған. 1950 жылы Кампрад қызметкерінің сатып алушының көлігіне үстелді сыйдыру үшін оның аяқтарын бұрап, жинап жатқанын көреді. Осылайша жіңішке қораптарға қапталған жиһаздар тарихы басталады. 
Кампрадтың дәулеті қазірде 39,3 миллиард долларға бағаланады, бірақ ол әлі күнге дейін ескі жиһаздарын пайдаланады, ескі көлік айдайды, эконом-класспен ұшады, арзан қонақүйлерде тұрақтайды және қызметкерлеріне қағаздың екі жағын да пайдалануды мәжбүрлейді. 

Ингвар Кампрад

 

9. Майкл Блумберг
Кәсіпкер Майкл Блумберг — Bloomberg ақпараттық агенттігінің құрылтайшысы және иесі. Ол өз мәнсабын Salomon Brothers компаниясында акцияларды сатумен және ақпараттық жүйелердің жұмысына жауап берумен бастайды. 1981 жылы Salomon сатылып кеткеннен кейін ол жұмысынан айрылып қалады, бірақ Bloomberg LP деген атаумен қаржы ақпараттарын жинайтын және сараптайтын өз компаниясын ашады. Кейін трейдерлерге арналған ақпаратты сараптау жүйесін жасап шығарады және акцияларды саудалау қызметін ашады. Блумберг 1980 жылдары трейдерлер жұмысында компьютерді пайдалануды бірінші болып бастайды. 
Қазір Майкл Блумбергтің дәулеті 42,1 миллиард долларға бағаланады. 

Майкл Блумберг


8. Марк Цукерберг
2004 жылы 19 жасар Гарвард түлегі Марк Цукерберг TheFacebook.com деп аталатын әлеуметтік желіні іске қосады. Осыдан кейін Марк колледжді тастап, күніне миллиардтан астам адам кіретін Facebook әлеуметтік желісінің басшысы атанады. 
Facebook-тың құны 275 миллиард долларға бағалануда. Осы әлеуметтік желіні ашудың арқасында Марк Цукерберг 31 жасында әлемнің ең бай 50 адамының қатарынан орын алды. Оның дәулеті 42,8 миллиард долларға бағаланады. 
Цукерберг әйелімен бірге Facebook-тегі акциясының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсаймын деп уәде етті. 

Марк Цукерберг

 

7. Ларри Эллисон
Америкалық кәсіпкер Ларри Эллисон Oracle компаниясының негізін қалаушы, NetSuite Inc.-тің ірі акционері және Salesforce.com-ның инвесторы атанды.
1970 жылдардың басында бағдарлама жасаушы ретінде оның басты жобаларының бірі ОББ дерекқоры жүйесін басқаруды жасау болған. Ол мұны Oracle — Оракул деп атайды. 1977 жылы Ampex-тегі әріптестерімен бірге Эллисон Software Development Laboratories-ті құрады. Ал 1982 жылы оның атын Oracle деп ауыстырады. 
Корпорацияның бас директоры болып Эллисон 38 жыл қызмет атқарды, бірақ 2014 жылы ол қызметін босатып, корпорацияның технологиялар директоры қызметіне кірісті. Дегенмен директорлар кеңесінің төрағасы болып қала берді. 
Эллисонның 45,3 миллиард долларға тең активтеріне Гавайдағы шипажайы сияқты жылжымайтын мүліктері кіреді.

Ларри Эллисон


6. Чарльз Кох
Чарльз Кох, Koch Industries компаниясының негізін қалаушы Фред Кохтың ұлы, осы компанияның СЕО-сы (бас директоры) болып табылады. Компания $115 миллиард доллар пайда әкеледі, онда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кох саяси өмірге белсенді араласады, сол үшін баспасөз өкілдерінің шабуылына жиі ілінеді: кейбірі саясат оған сыртқы ортаны ластауға септігін тигізетін көптеген өнімдерді шығаратын компаниясын қорғауға мүмкіндік береді дейді. 
Чарльз Кохтың дәулеті 46,8 миллиард долларға бағаланады. 

Чарльз Кох


5. Дэвид Кох
Чарльз Кохтың інісі Дэвид Кох әкесі 1940 жылы негізін қалаған Koch Industries компаниясын басқарады. Бұл тыңайтқыштан бастап асфальтпен биодизельге дейін көптеген өнім шығаратын мөлшері бойынша әлемдегі екінші жеке компания. Жас кезінде Дэвид баскетболмен айналысқан, бірақ ол химия технологиясының магистрі атанып, 30 жасында әкесінің компаниясында жұмыс істей бастайды. 9 жылдан кейін Koch Engineering-тің презинденті атанады. 
Дэвид Кох екі рет өлім аузынан қалған: 1991 жылы бірінші сыныптың барлық адамы қайтыс болған көлік апатында тірі қалады, ал кейін простата қатерлі ісігін жеңіп шығады. Қатерлі ісікпен күресу амалдарына, ауруханаларға, білімге және т.б. Кох өз қорынан 1,2 миллиард доллар бөлген. 
Дэвид Кохтың дәулеті 47,4 миллиард долларға бағаланады.

Дэвид Кох


4. Джефф Безос
Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың дәулеті 56,6 миллиард долларға бағаланады. Электронды сауда алыбы 1994 жылы Бэзостың үй гаражында ашылған және кітаптардың онлайн-дүкені болып жұмыс істеген. Үш жылдан кейін компания дами түсіп, кез келген тауарларды, жиһаздан бастап тамаққа дейін сатумен айналысты. 
Amazon-нан басқа Безоста басқа да активтер бар – ол өзінің Blue Origin ғарыштық компаниясына ақша құяды. Компания ғарышқа ракеталарды аттандырып, қондырумен айналысады. 2013 жылы Безос Washington Post газетін сатып алды. 2015 жылдың қаңтарында Билл Гейтспен бірге қатерлі ісіктің бар-жоғына қанға тест жүргізетін Illumina компаниясына инвестиция құяды. 

Джефф Безос


3. Уоррен Баффет
Бәрін керісінше жасаумен аты шыққан Уоррен Баффет бірнеше жыл бойы әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі 2-ші және 3-ші орын үшін Амансио Ортегомен бақталасып келеді. Бала кезінде Баффет велосипедпен газет таситын, және 11 жасында 38 доллардан үш акция сатып алып, 5 доллар пайдамен сатып жібереді. 13 жасында Уоррен пайда табу туралы декларация жасайды. Онда ол велосипед құны мен сағатына артық төлеуді ұсынады. Өйткені оны сатып алу оның газет тасу жұмысымен байланысты болған. Алғашқы 10 мың долларын Баффет шаштараздарда пинбол автоматын орналастырғаннан кейін табады. Инвестиция жасауды оған Бенджамин Грэм үйретеді. 
Баффеттің басты капиталын америкалық Bershire Hathaway холдингтік компаниясындағы акциялар пакеті құрайды. 2000-2010 жылдары бұл компанияның акциялары 76%-ға өскен.
85 жастағы Уоррен Баффеттің дәулеті 60,7 миллард долларға бағаланады. Билл Гейтс және тағы да басқа байлармен бірге Баффет Giving Pledge акциясына қатысады — яғни пайдасының жартысын ол қайырымдылық қорына береді. 

Уоррен Баффет


2. Амансио Ортега
79 жастағы испаниялық кәсіпкер Амансио Ортега өз мәнсабын 13 жасында жергілікті көйлек дүкенінде курьерлікпен бастаған. Кейін ол әйелімен Inditex компаниясын құрады — бұл компанияға 77 елдегі 5000 дүкен тиесілі. Ортега жылжымайтын мүлік, газ өнеркәсібі, туризм мен банктерге инвестиция жасайды. 
Inditex компаниясына Zara, Pull and Bear, Massimo Dutti, Bershka, Stradivarius, Oysho брендтері кіреді.
Қазір Амансио Ортеганың жағдайы 66,8 миллард долларға бағалануда. 

Амансио Ортега

 

1. Билл Гейтс
60 жастағы Билл Гейтстің активтері $87,4 миллард долларға бағаланады. 20 жасында Гейтс бала кезінен бірге өскен досы Пол Алленмен Microsoft компаниясының негізін қалайды, және тоғыз жылдан кейін компанияны IPO-ға шығарып, миллиардер атанады. 2000-шы жылға дейін Билл Гейтс компанияның СЕО-сы (бас директоры) болады, ал кейін басқарма төрағасы және ірі акционері болады.
Билл Гейтс әлемнің ең бай адамы ретінде ғана емес, жомарт адам ретінде де танымал. 1999 жылы әйелі Мелиндамен бірге 40 миллард долларды басқаратын және кедейлік пен түрлі ауруларды жеңуге бағытталған қор құрады. 
Бұрынырақта Уоррен Баффеттің көмегімен Гейтс басқа да миллиардерлерді Giving Pledge акциясына қатысуға көндіреді: қатысушылар өз дәулетінің жартысын қайырымдылыққа жұмсаймыз деп уәде берді. Акцияға Марк Цукерберг пен Илон Маск та кірді, жалпы тізімде 137 адам бар.

Билл Гейтс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Инна

Қызықты ақпарат екен. Тізімнен тек Билл Гейтс пен Марк Цукербергті ғана таниды екенмін.

Адылғазы

Қазақстанан осындай бай адамдар қашан шығады?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз