Өлең, жыр, ақындар

Компьютер неден тұрады? Үстел компьютерінің негізгі бөліктері

Біздің қарапайым компьютеріміз неден тұрады? Бұл жазбада сіз үйде немесе жұмыста қолданылатын үстел компьютерінің негізгі бөліктерімен, сыртқы құрылғыларымен таныс боласыз.
Сонымен, негізгі бөлігі – бұл жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан және қуат беру сымы. Әр бөлігі өзінше маңызды рөл атқарады. Осылардың әрқайсын жеке қарастырып көрейік. 

Жүйелік блок

Жүйелік блок
Жүйелік блоктардың пішіні мен формасы әртүрлі болады. Бұл мониторыңыздың немесе үстеліңіздің астында тұрған металл немесе пластик қорап, және онда компьютердің барлық негізгі компоненттері құрастырылған. Бұл жүйелік тақта, орталық процессор (CPU), қуат беру блогы және т.б. 
Жүйелік блоктың алдыңғы жағында қосу және өшіру тетікшесі мен CD/DVD оптикалық жетегі бар. 
Көптеген компьютер бүгінде жүйелік блогымен бірге сатылады. Алайда жүйелік блоксыз компьютерлер де болады. Моноблоктарда барлық компоненттер мониторға орнатылған. 

Монитор

Монитор
Монитор экранға ақпаратты шығару үшін (мәтін, графика мен бейне) жүйелік блоктың ішінде орналасқан видеокартамен жұмыс істейді. Монитордың екі түрі болады: 
ЭСТ-мониторлар (электронды-сәулелік түтікше. Ағыл. CRT — Cathode Ray Tube). ЭСТ-мониторлар үлкенірек және ауырлау, сол себепті үстелдің көп бөлігін алады. 
СК-мониторлар (сұйық-кристалды панельдер. Ағыл. LCD — Liquid Crystal Display) — Олар әлдеқайда қауіпсіз, үстелде аз орын алады және тоқты да аз жейді. 
Бүгінде мониторлардың дерлігінің басқару батырмалары бар. Солар арқылы монитордың көрсету параметрлерін өзгертуге болады. Сонымен қатар кейбір мониторлар кіріктірме динамикаларға ие. 

Қуат беру сымы

Қуат беру сымы
Бұл - тоққа және жүйелік блоктың қуат беру блогына қосылатын құрылғы. Қуат беру сымын тоққа және жүйелік блокқа қоспайынша компьютер жұмыс істемейді. Компьютерді тоқ күшінің ауытқуынан қорғау үшін қуат беру сымын желілік фильтрге қосып қойсаңыз болады. 
Егер үздіксіз қуат беру көзін пайдалансаңыз тіпті жақсы. Бұл компьютеріңізді артық тоқ күші түсуден қорғайды және егер қуат сөніп қалса уақытша қуатпен қамтамасыз ете тұрады. 

Пернетақта

Пернетақта
Бұл - компьютерге мәліметтерді енгізудің басты тәсілдерінің бірі. Пернетақтаның көптеген түрі болады: сымдық, сымсыз, мультимедиялық, ойынға арналған және т.б. Осылайша, пернетақтадағы кейбір батырмалар орналасу жағынан немесе пішіні жағынан өзгеше болуы мүмкін. Алайда батырмалардың функциясы әдетте бірдей. 

Тышқан 


Тышқан – бұл экрандағы нысананы белгілеуге, басуға, орнын ауыстыруға немесе қозғалтуға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл өте ыңғайлы екені сөзсіз. Басқаша айтқанда, тышқан – бұл компьютерге мәлімет енгізудің пернетақта сияқты тағы бір тәсілі. Тышқанның 2 түрі болады: оптикалық, механикалық. 
Оптикалық тышқандар электронды «көзді» (объектив) пайдаланады. Осы арқылы үстел бетіндегі қозғалысы танылады. 
Механикалық тышқандар қозғалысты тану үшін сырғанаушы шарикті пайдаланады. Олар оптикалыққа қарағанда арзан тұрады. Бірақ қазіргі уақытта механикалық тышқандар қолданылмайды да, сатылмайды да. 
Тышқандар компьютерге USB немесе PS/2 жалғағыщтары арқылы қосылады. Алайда, сымсыз тышқандар да болады, олар сымды мүлде пайдаланбайды. Біз дәл осындай тышқанды пайдалануды ұсынамыз. 

Тышқанның баламасы

Тачпад
Тачпад (Touchpad) — бұл экрандағы нысананы басқаруға мүмкіндік беретін сенсорлық панель. Ол жанасу мен қол саусақтарының қозғалысынан жұмыс істейді. Мұндай сенсорлық панельден ноутбуктер мен нетбуктерде пайдаланылады. 
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер