Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Виктор Люстиг — Эйфел мұнарасын сатып жіберген алаяқ...

Виктор Люстиг

Виктор Люстиг өмірден өткен ең дарынды алаяқтардың бірі саналады. Небір қулық-сұмдықтарды ойластырып жүретін алаяқ 45 лақап атқа ие болған және бес тілді жетік меңгерген. АҚШ-тың өзінде оны 50 рет тұтқынға алған, алайда дәлелденбегендіктен әрдайым жіберіп отырған. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Люстиг трансатлантикалық круиздарда айлакерлік лотереялар ұйымдастырумен айналысқан. 1920 жылдары АҚШ-қа көшіп кетеді де, екі жыл ішінде банктер мен жеке адамдарды он мыңдаған долларға алдап кеткен.

Люстигтің ең үлкен алаяқтығы Эйфел мұнарасын сатуы болған. 1925 жылы мамырда шытырман қуалап Люстиг Парижге келеді. Француз газеттерінің бірінен Люстиг Эйфел мұнарасының біршама ескіріп қалғанын және жөндеу жұмыстарын қажет ететінін оқып қалады. Люстиг осыны пайдаланып қалуды көздейді. Алаяқ өзін пошта мен телеграф Министірлігі басшысының орынбасары екенін көрсететін өтірік сенім қағаздарын жасайды. Осыдан кейін вторчерметтің алты дилеріне ресми хаттар жолдайды.

Люстиг өзі орналасқан қымбат қонақ үйге бизнесмендерді шақырып, мұнараны жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы кететіндіктен билік оны құлатып, металлдарын жабық аукционда сатып жібермек екенін айтады. Мұнараны ұнатып үлгерген қоғамды дүрліктірмеу үшін Люстиг кәсіпкерлерге бұл мәліметті құпия ұстауды өтінеді. Біраз уақыттан кейін мұнараны пайдалану құқығын Андре Пуассонға сатып, бір шабадан ақшамен Венаға қашып кетеді. Пуассон кәсіби ортада өзін ақымақ көрсетпеу үшін алданып қалғанын жасырып қалады.

Осының арқасында біраз уақыттан кейін Люстиг Парижге қайта оралып, бұрынғы тәсілмен мұнараны тағы сатып жібереді. Алайда бұл жолы оның жолы болмайды, себебі алданған бизнесмен полицияға шағым түсіреді. Люстиг шұғыл АҚШ-қа қашып кетеді. 1935 жылы желтоқсанда Люстиг тұтқынға алынып, сотталады. Долларларды қолдан жасағаны үшін ол 15 жылға, сонымен қатар үкім шыққанға бір ай қалғанда басқа түрмеден қашып кеткендігі үшін 5 жылға сотталады. Ол Сан-Францисконың маңындағы танымал Алькатрас түрмесінде пневмониядан 1947 жылы қайтыс болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жасұлан

Осындайлардың ойын игі іске жаратуға болады ма?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...