Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның көз жауын алар мекендері

Еліміздің мақтан тұтар аймақтарының бірі - ұлан-байтақ дала екені жасырын емес. Дархан қазақ көңілі осы кең даламен тығыз байланысты. Кеңес дәуірі басшылығының күштеп егіншілікке баулуына қарамастан, көптеген көрікті мекендер сақталып қалды.

Көктем туа сала, жүздеген шөп түрлері құлпырып, көз қуантар түрлі-түске боянады.

Еліміздің оңтүстік астанасы атқа ие Алматы қаласы- қазіргі таңда туристердің сүйікті мекеніне айналған. Сондай-ақ ресми Орталық Азияның қаржы орталығы.

Шет ел саяхатшыларының бас соқпай кетпейтін орындарының бірі-Панфилов саябағында орналасқан Зенков шіркеуі.Бұл ғимараттың ерекшелігі, құрылыс барысында бірде-бір шеге қолданылмаған.

Шымкент. Атақты ғалым Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан баптың жерленген жері. Бұл киелі жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен зияратшылар ағылады. Мавзолей 14 ғасырда бой көтеріп, кейіннен бірнеше рет жөндеуден өткен.

Іле Алатауының табиғаты көз тамсандырады. Екі шың арасына орналасқан түрлі көлдер Алматының батысынан шығысына дейін жалғасып, Ыстықкөлден бірақ шығады. Аңдардың сирек түрлері мекендейді.

Тек еліміздің ғана емес, әлемнің ең әсем шыңы Хан тәңірін бүкіл әлем біледі. Бұл шыңның ерекшелігі күн батқан кезде, шың куннің қызғылт сары түсіне боялады. Ежелгі адамдар бұл шыңды пір тұтқан дейді,- кейбір тарихи деректер.

Іле тауының шатқалында орналасқан Көлсай көлі- еліміздегі ең әсем орындардың бірі. Бұл көл үш көлден құралған. Таудың суы жиналатын бұл көлде осы көлге тән сирек балықтар мекендейді. Тіпті, марал , керік және аюды да жолықтыруға болады.

Ақтау. Бұл қаланың ерекшелігі, басқа аймақтардан жырақ орналасқан. Қазақстаннын ірі қалаларының бірі. 1963 жылы үлкен уран кені табылып, құрылған қала. Еліміздегі жалғыз Ақтау порты орналасқан.

Ақтаудың айналасы таңғаларлық орындарға ие. Атап айтар болсақ, Маңғыстау үстіртінің ерекше табиғаты әртүрлі аңыздарды тудырған. Қатар орналасқан әртүрлі майда тау тізбектерінің қойнауы тұзды суларға толы.

Аса маңызды табиғи кешендердің бірі - Балқаш көлі. Таяздығына қарамастан бұл көл үлкен аумақты алып жатыр.Шығысында тұзды, батысында тұщы су. Сол себепті, көласты тіршілігінде үлкен айырмашылық бар.

Қайыңды өзені-ең әсем көлдердің бірі. 1910 жылы жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.  Көлдің ерекшелігі, шырша, қайыңдарды тұтастай су басып қалған. Туристердің жиі қатынайтын орны.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (10)

Аяулым

Көлсайда болғам. Табиғаты тамаша. Барлық суреттер тамаша!!!

Ерғали

erbo_85, жақсы жазыпсыз! Қазақ жерінде туризмді мықты дамытуға болады ғой! Қала десең қала бар, дала десең дала бар! Көл, тау, су, тарих, табиғат, қыс, жаз, байқоңыр, өзен..........

erbo_85

Ергали, рахмет! Казак елiне Кудай бар байлыкты уйiп - тогiп бере салган гой! Сонын кадiрiн тусiнсек, нур устiне нур болар едi! Жанга бататыны, казак тiлiмiз алi де бiраз аксап тур, сапалы казакша материалдар жоктын касы!

Ерғали

erbo_85, дұрыс! Барлық нәрсе өзімізден басталады гой, неге өзіңіз қазақ әрәптерін дұрыс қолданбайсыз?))

erbo_85

Ергали, сенiмен толыктай келiсемiн :)  менiн смартфоным HTC еш казак клавиатурасын кабылдагысы келмейдi, канша тырыссам да. Соган караганда, ала алмай журген ошi бар сиякты)

berik258

Жасай бер ҚАЗАҚСТАНЫМ!yes

Мақпал

Өте пайдалы және тамаша мәліметтер

Элянора

Күшті пайдалы

Айдана

Ақтауда ағаш жоқ қой, ағаш егу керек екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз