Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең жылдам тасбақа және жануарлардың басқа да рекордтары

Гинестің рекордтар кітабы 2016 жылғы басылымының көрсетілімін жасады. Көрсетілімде олар жан-жануарлардың рекордтарына көптеу көңіл бөлді. Кітаптағы мыңдаған рекордшылардың арасында - ең жылдам тасбақа, ең мамық қоян және ең мықты қақпашы ит бар.

Жақында Guinness World Records-2016 басылымы жарияланды. Оның электронды нұсқасы ұйымдастырушылардың ресми сайтында бар. Ұйымдастырушылар журналисттерге басылымды көрсете келе, басылымдағы жан-жануарлардың рекордтарына аса көңіл аударды. Мысалы жер бетіндегі ең ауыр жүректің салмағы 680 кг, ол көк китке тиесілі.

Көк кит

 

Жер бетіндегі ең кәрі шошқа - Канадалық Эрнестина атты шошқа. Ол 2014 жылы 23 жас 76 күнінде өлген. Бұл шошқа осы категориядағы рекордты әлі ұстап тұр. Рекордтар кітабының өкілдеріне бұдан көп өмір сүрген шошқа әлі белгісіз.

Сонымен қатар бұл басылымда жапондық Пурин деп аталатын футболшы-ит те бар. Ол "Қақпада 1 минутта алдыңғы екі аяғымен ең көп допты қайтарған" деген критериямен кірген. Пурин өзінің қабілетімен бір жылдың ішінде адамзатты екі рет таң қалдырды. Ол қаңтар айында 11 доп қайтарса, бірнеше ай өткеннен кейін 14 доп қайтарған.

 

"Ең ұзын мүйіз" категориясын америкалық Лэйзи Блюграсс атты өгіз жеңіп алған. Оның мүйізінің ұзындығы 297,8 см.

Әлемдегі ең ұзын мүйізді өгіз

 

Ең ұзын жүн Франчески атты АҚШ-тық қоянға тиесілі. Оның жүнінің ұзындығы 36,5 см. 

ұзын жүнді қоян

 

Ал ең жылдам тасбақа атағын Англиялық Берти атты тасбақа жеңіп алған. Ол бір сағатта 0,6 миль (966м-ге жақын) жүреді, және 100 метрді 6 минутта жүріп өтеді екен.

Ең жылдам тасбақа

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

тыныштык жулдыз

Маган тасбақа туралы мали мет ұнады тасбақа туралы көп малимет алдым

Құдайберген Абдулла

маған барлық мәлімет ұнады өте керемет екен.

Аруна

Қызық екен, рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз