Өлең, жыр, ақындар

Ең ұзын баскетболшылар

Баскетбол ойынында корзина еденнен 305 см (Ағылшын өлшем бірлігімен 10 фут) биіктікте орналасады. Сондықтан да бұл ойында ұзын бойлы ойыншылар бағаланады.

КСРО баскетболы тарихындағы ең ұзын ойыншы - Александр Сизоненко (27.07.1959-05.01.2012). Оның бойын Гиннестің рекордтар кітабы 1990 жылы өлшегенде 2 метр 39см болған. 
Ол жылдары Александр тек КСРО-да ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ұзын адам болып танылған. Александр 90-шы жылдардан кейін де өсуін тоқтатпаған. Өмірінің соңында оный бойы 2м 45 см болды.
Александр жас кезінде баскетбол ойынында ойнаған және 1976-1978 жылдар аралығында Ленинградтық Спартак командасының құрамында ойнаған. 

Александр Сизоненко

Александр Сизоненко

 

Әлем спорты тарихындағы ең ұзын адам - ливиялық Сүлейман Али Нашнун (17.08.1943-25.02.1991). Оның бойы 2м 45см болған. Ол Ливияның ұлттық баскетбол құрамында өнер көрсеткен.
Сүлейман 1990-1991 жылдардағы ең ұзын баскетболшы болған.

Сүлейман Али Нашнун

Сүлейман Али Нашнун

 

Әлемдегі ең мықты лига болып саналатын НБА-ның ең ұзын ойыншылары болып екі ойыншы танылды. Олар румыниялық Георге Мурешан және судандық Мануте Бол (16.10.1962-19.06.2010). Олардың бойлары 2м 31см. 1994 жылы бұл екі ойыншы бір командада, Вашингтон Баллетс (қазіргі атауы Вашингтон Уизардс) командасында ойнаған.

Мануте Бол

Мануте Бол

 

Мануте Бол (бойы 231 см) және Чарльз Баркли (бойы 198 см):

Мануте Бол (бойы 231 см) және Чарльз Баркли (бойы 198 см):

 

Мануте Бол (бойы 231 см) және Чак Невитт (бойы 226 см):

Мануте Бол (бойы 231 см) және Чак Невитт (бойы 226 см):

 

Георге Мурешан

Георге Мурешан

 

Георге Мурешан (бойы 231 см) және Майкл Джордан (бойы 198 см):

Георге Мурешан (бойы 231 см) және Майкл Джордан (бойы 198 см):

 

Георге Мурешан және қыздар:

Георге Мурешан және қыздар:

 

Шамадан тыс ұзын адамдардың басым бөлігі гипофиз ауруына шалдыққан болады. Жоғарыдағы айтылған ойыншылардың Бол-дан басқалары сондай. Мануте Болдың анасының бойы 2м 8см болған, ал әкесі 2м 3см болған екен. Болдың қарындасы да ұзын, 2м 3см.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Сабит

Александр Сизоненко ауруға ұқамайды ғой

Төлеби

булардын ауруы бизге билинбейди

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз