Өлең, жыр, ақындар

Нумерологияның адам өміріндегі маңызы

Қазақстан Республикасы Оқушылардың ғылыми жобалар сайысы

«Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары конкурсы

№23 орта мектеп-лицейі

Тақырыбы: «НУМЕРОЛОГИЯНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ»

секция: математика,информатика

Дайындаған: 6 класс оқушысы Рақова Жанерке

Ғылыми жетекшісі: №23 орта мектеп-лицейінің физика және математика пәнінің мұғалімі Набиева Майра Сарсенгалиевна

Ақтөбе, 2015 жыл.

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................3

1 ТАРАУ САНДАР СЫРЫНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ ................................5

1.1 Сандар тарихы.......................................................................5

1.2 Сандар сыр шертеді...............................................................7

1.3 Сандар қасиеті.....................................................................10

2 ТАРАУ НУМЕРОЛОГИЯНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ......13

2.1 Нумерология ғылымының дамуы...........................................13

2.2 Әр санда адам тағдыры .......................................................16

Қорытынды.................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................20

 

КІРІСПЕ

Қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 0» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-тыйымдарымыздан, нақыл-сөздерімізден мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан-жағымызға қарасақ сандар тек қана математикада емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда да маңызы зор. Қарап отырсақ осы керекті 10 сан болмаса , біз телефон да соға алмаймыз.

Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы о баста 5 күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Әр санның өз қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелегін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвистика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған:

-1, 2, 3, 4, 7 сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;

-7, 9, 40 сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің туумен бірге қалыптасқан;

-Сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған;

-Сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т.б негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектеген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де кешенді мазмұны – тілдік сананың түп негіздері;

-Сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты;

-Қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.

 

1 ТАРАУ САНДАР СЫРЫНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

1.1 Сандар тарихы

Бар ғылымның атасы – математика болса, математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Адам баласы өмір сүре бастаған алғашқы кезеңнің өзінде – ақ жазу-сызудан бұрын санауды үйренген дейді ұлы ғұламалар. Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Ал біздің ата-бабамыз 1 санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелерін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған.

Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі жағынан еркеше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған

«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік – бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзді талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. «Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған»

Жай сандардың құпия қасиеттері жайында алғаш пікір айтып, нумерология ғылымының негізін қалаған Платон, Аристотель болды. Кейіннен неміс дәрігері, философ Генрих Корнелий Агриппа Неттесгеймский, Н.Л.Гильбрайт, австралиялық нумеролог Дэвида Филлипс, А.Ф.Александров, т.б зерттеу еңбектерін жазған. Ал киелі сандардың қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттеуші-ғалымдар І.Кеңесбавтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева,Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектеріне қарастырылған.

«Математика - адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол-жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр»

Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.

Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4.,5, 6, 7, 8.,9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруге жаңа жүйелерді өмірге әкелді. 0 «цифр» деген мағынаны береді.

 

1.2 Сандар сыр шертеді

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы:

1 саны – батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.

2 саны - сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.

3 саны- ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.

4 саны - жұмбақ сан.

5 саны - тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.

6 саны - әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағымдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.

7 саны - әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.

8 саны - басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.

9 саны – қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.

Бұл келтірген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.

Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас деп есептелінеді. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында- қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.

Әр санда өзіндік бір ұғым, мағына болатындығын, сан атаулының мақсаты мен мағынасы болатынын сезініп, түйісе білгендіктен, белгілі бір сан атауларына байланысты мақал-мәтелдерді, ұғымдарға теңеп отырған. әлемдік көзқарас бойынша да сан атаулының әрқайсысында адам баласының дүниетанымы, көзғарасы жатыр. Осы саланы зерттейтін ғылым бар, ол- нумерология деп аталады.

Сан атаулының түрлі құпиясын ақтаруға көмегін тигізетін нумерология ғылымына, оның ішіндегі қазақ халқының киелі деп есептеген сандарының сырын білуге денген құштарлық сезімі заман мен қоғам алға қарыштап қадам басқан сайын өрши түспесе, өшпейді. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.

Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген. Сенбейсіз бе, онда тыңдаңыз: Француздың ұлы ғалымы Блез «Паскаль теоремасы» атты атақты еңбегін он жеті жасында жазса, Венгр халқының атақты ақыны Шандар Петефи небәрі жиырма алты-ақ жыл өмір сүріп, өзінің барлық шығармаларын осы жасқа дейін өмірге әкелді, «Тынық Дон» роман -эпопеясының 1-2 кітабын жазғанда М.Шолохов небәрі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шоқан Уәлиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас қана өмір сүрді. Әрине, тарихта мұндай 17-30 жас аралығында-ақ атақ-даңққа бөленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23 , 30 жастың қандай құдірет күші бар, жалпы сандардың адам өміріне қатысы қаншалықты шындық?! Бұл жөнінде халықтың наным-сенім, ырымында болжам көп...

Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың. Олардың пікірінше, алдағы ғұмырың туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жоқ, оған ырымшыл жандар, басқа да адамдардың бірқатары сенеді, кейбірі оған күдіктене де қарайды. Алайда мұндай болжам айтушылардың әңгімесіне назар аударған, оны өз өміріңмен салыстырып көрген, алдағыны сандардың айтатынын талдап, танысқан артық емес. Біз енді адамтану мәселесімен айналысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған «тиесілі» 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталайық.


Ғұмырдың 3 кезеңі Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?
Ол жөнінде мынандай болжам бар:


«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 - айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан - 10-ай: 1+0=1, қараша - 11-ай; 1+1=2: желтоқсан - 12-ай: 1+2=3).


Екінші кезең. Ол – 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан туған күннің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқылы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы айдың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызына дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны – 9; 7 – ақпанда туғандардың саны – 7 деген тәрізді. Үшінші кезең. Ол – 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз – 7.
Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі «тиесілі» сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қорытыңыз.

 

1.3​ Сандар қасиеті

Біз енді сандар қалайша «сөйлейді», соған көңіл бөлсек.

1 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келетін болса, бойыңызда сенімділік, бастан сөз асырмайтын шамшылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме, өз өміріңнің бір кезеңіне бұл 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды.Осы күндері бір іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады.

2 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келген кезеңі иесінің жанына көңіл-күйінің, сезімінің үстемдік ететінін танытады. Не болса соған сезіктене, секемдене қарау, қорқып-үрку, дұрыс шешім қабылдай алмау, қай істі де мерзімінен кеш қолға алу осы кезеңге тән құбылыстар. Алайда адамдармен тіл табыса білу, қай нәрсенің де жақсылығы мен жамандығын қат-қабат көру өмірдің 2 санын еншілеген кезеңін табысты өткізуге көп көмектеседі..

3 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі осы 3 санына сәйкес келетін болса, ол дос-жолдастың, тілектес әріптестердің көбеюімен ерекшеленіп, мазмұндана түседі. 3 саны «тиесілер» сауық-сайранға, серілікке бейім. Сол себепті олардың сауық-сайран, серілік өмірден басқа да маңызды мәселелердің, ел мен жер алдында азаматтық жауапкершілігінің бар екенін ұмытпағаны жөн.

4 саны. Өмірінің 3 кезеңінің бірі бұл санға сәйкес келетін адамға тән ерекшелік – еңбекқорлық. Бұл сан иелері жоғары қызмет атқармаса да өзінің қабілеті, іскерлігі бар екенін танытып, өзін сол арқылы бақытты сезіне алады. Олардың есінде сақтауға тиісті жағдай: жаңаны жатсынып, ескіге бүйрегі бұратын кертартпалықтан (консерваторлықтан) ешкім атақ-абыройға ие бола алмайды, сол себепті ондай сезім бар болса, одан арылуға тиісті.

5 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келетін кезеңі иесінің халыққа қалаулы болуымен ерекшеленеді. Бірақта Сіз «мен осындай санның иесімін. Яғни, жұлдызым жанып тұр», – деп дандайсымаңыз, ойланбай ешнәрсені де жасамаңыз. Бұл ақыл-кеңеске құлақ аспасаңыз, бармағыңызды тістеп, өкініп қалуыңыз мүмкін.

6 саны. Зерттеушілердің пайымдауынша, «бұл кезеңнің «билігіндегі» уақыт жұптасуға, топтасуға қолайлы». Егерде сіз осы уақытқа дейін жалғыз жүрсеңіз, енді қасыңызда жанашыр жан пайда болады. Сіз жанашырыңызбен ақылдасып, пікірлесіңіз. Сонда бұл өмірдің мән-маңызы мен оның Жаратқан Иеміз сыйға тартқан таңғажайып тіршілік екенін терең түсіне бастайсыз.

7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, жан-дүниесін байытуға барлық күш-қайратын жұмсайды. Олар өткен өмір жолына үңіліп, өзіне-өзі есеп береді, келешекке жоспар құрып, осыған дейін жіберген қателігін енді қайталамауға бет бұрады. Ой-өрісі кеңейіп, тереңдейді, дүниеге көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. Оның өмір бойы жинаған тәжірибесі шығармашылық жұмыспен айналысса, оң нәтижесін береді. Қай мәселені де талдап, талғамдай алатын қасиетінің қай істе де көмегі мол.

8 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі бұл санға тұспа-тұс келсе, өзіңізді өзгелерге билік жасау, басқару ісі күтіп тұр деп ойлай беріңіз. Мүмкін ел басқармассыз. Алайда бұл кезеңде Сіздің үй-ішіне, туған-туыстарыңызға билігіңіз, сөзіңіз жүреді. Оған кәміл сеніңіз.

9 саны. Бұл санға «ие» болсаңыз, ауқымды ой-жоспарлардың, жанқияр батылдықтың кезеңі келді деп білі-ңіз. Бұл кезеңде бойыңыздағы күш-қайрат тас қопарып, тау бұзуға жетеді. Жалғыз-ақ, армандап, қиялдана білсеңіз болғаны. Осы кезеңде өзіңізді үлкен маңызды істердің күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Тағы да қайталап айтамыз, зерттеушілердің бұл болжамдарына сену, сенбеу өз еркіңізде. Алайда осынау қорытындылардың тектен-текке өмірге келмегені, онда халықтың мол іс-тәжірибесі жатқаны есіңізде болсын. Сандардың сұлу сипаты Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие», – деген екен. Көпшілік қай санның қандай мағына арқалап тұрғанын соның болжамдары бойынша анықтап жатады. Соған сәйкес тіпті, автокөліктің нөмірінің қандай мән беретінін талдап, түсіндіретіндер де аз емес. Ол үшін автокөлік нөмірінде көрсетіліп тұрған бар санды бір-біріне қосады. Ондық сан шықса, мысалы 45 деген, онда екеуін тағы да қосады: 4+5=9. Қосынды қандай сан, болжамға қарап, ой қорытады. Біз енді тағы да сандар сипатына назар аударайық. 13 саны сәтсіз бе?


Қазақтар 7 санын қасиетті санап, мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсініп, сейсенбіде сапарға шықпауға тырысқанымен, ешбір санды жамандамайды. Біздер үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Оның бір сыры: кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Поль Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт 13 санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанға барып соқтығысқан. 13 санын қатерлі көргендіктен, ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Тіпті, «Оксфорд юниверсити пресс» шығарған анықтамалықта 13 күні жұмыстан артына қарамай кетуді, ұйықтар алдында айнаға қарамауды, қандай жағдайда да «шошқа» деп айтпауды ұсынады. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың 13-і жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір-ақ рет қайталанатын көрінеді.
Американдықтардың есептеуінше, «қара жұма» елге 750 миллион доллар шығын әкеледі екен. Сонда 13 саны сәтсіз, қатерлі болғаны ма? Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Өйткені, қазақта алғашқы мүшел – 13 жаста, сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.

 

2 ТАРАУ. НУМЕРОЛОГИЯНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

2.1 Нумерология ғылымының дамуы

«Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады»

Нумерологияға ерте заманда пифогоршылар өте күшті қызығушылықтар танытқан. Бірақ қазіргі кезде нумерологияны математикалық білім беретін ғылым саласы деп есептемейді. Дегенмен де біздер математика ғылымының ерте кездері тарихи бастауларының бірі ретінде зерттеу нысанасына алуды басты мақсат етіп отырмыз.

Нумерология – қазіргі таңда әсіресе, астрологиямен байланысты. Нумерологияны танып-білудің бір жағынан психологтар үшін де қажеттілігі бар. Өйткені, адамның туған жылы мен айына қарап, адам тағдырына қатысты белгілі бір жорамалдар жасауға болады. Нумерология арқылы адамның табиғи дарындылықты, таланттылықты адам баласының мінезінің күшті және әлсіз жақтарын біле отырып, тәрбие процесінде дұрыс шешім қабылдауға болады.

Адам-баласы дүниенің қыр-сырын енді түсінуге ұмтылған уақытта әр цифрмен, санмен байланысты түрлі магиялық құбылыстар жатыр деп түсінді. Осындай кезеңде негізін ежелгі грек ғалымы, ойшыл, математик Пифагор қалаған «нумерология» ғылымы дүниеге келді. Пифагор заманынан жай цифрлардың өздеріне тән белгілері және ерекшеліктері бар деп есептелді.

Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.

Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеу- дің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды.

Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7).

Олар сандардың жоғарыдағы сипаттамасына мынадай анықтамалар береді:

БІР – тәуелсіздік пен жетістік;

ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;

ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;

ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу;

БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;

АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер;

ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;

СЕГІЗ – ақша мен билік;

ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам.

ҚЫРЫҚ – бак, дәулет.

Қазіргі өркениетті елдердің халықтары арасында «13» санын әзірейілдей көрсететіндер әлі де баршылық. Ал, көптеген халықтар, әсіресе, мұсылман елдерінің халықтары, соның ішінде қазақ халқы «7» санын киелі деп таныған. Аңыз бойынша жер-жаһанда жеті күн (біреулер жеті ай дейді) бойы топан су қаптаған. «Жеті жоқ жерде Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ», «Жеті жоқ жерде өлшем (өлшеуіш) жоқ», - делінген нақыл сөзде. Жеті санының киелік ұғымынан гөрі эмоциялық мәні жоғары.

Әлемге әйгілі шығыс жұлдыздары-ның атасы Әбу Насыр Мұхаммед Дархан би ұзлақ ат - Түрки әл-Хаким әл-Мәшүр әл-Мұғаллим Сәни әл-Фараби (Әбу Әли ибн Сина – Авицена) соңғы демі таусылып бара жатқанда алты дәріден шипа болмаған соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі жетінші дәріден үміттенген екен. Сол сияқты, бүкіл батыс поэзиясының аспанында ай болып туған И.Гетенің шығыстың жеті жұлдызына қызыға қарап, ынтасын қоюы жайдан-жай болмас. Ол: «Тыңдалмаған сөз жетім, қиюсыз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысыз қалған ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, туған жерінен айрылған ер жетім». Сондай-ақ, халық арасында «Жұт - жеті ағайынды» дейді. Олар: қантөгіс, соғыс, өрт, оба кесел, зілзала (жер сілкініс), құрғақшылық, мал жұтап ашаршылыққа тап болу. Қазақ халқында жетіге байланысты атаулар, нақыл сөздер көп..Тәуке ханның Жеті жарғысы, сияқты есепсіз сөз тізбектері тілімізде жиі кездеседі.

Киелі сандарға халық 3,5,9,40 сандарын да қосады. Баланы 40 күн толған соң 40 қасық сумен шомылдырып, қырқынан шығарады. Қызға қырық үйден тыйым, ертеде қыз сүйген жігітіне орамал шетіне 7, немесе 9 түрлі нәрсені түйіп беру әдеті, марқұм болғандардың жетісін, қырқын, жылдығын беру.

Ертедегі Вавилон мұнарасы жеті қабат болып салынған. Осындай мұнаралар Римде жеті төбенің биік шоқысына орналастырылған. Будда дін басы жеті түрлі жеміс беретін ағаш көлеңкесінде отырған деседі қытай-тибет аңызы. Ертедегі гректер де әлемнің жеті кереметі мен жеті данышпанын сөз еткен.

Сондай-ақ, Ислам дінінің бірінші талабы бойынша жасы жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті нәрседен тұруы шарт.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...

 

2.2 Әр санда адам тағдыры

«Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды, табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай планета билеп, әсер етіп отырғанына түсініктеме жасайды. Мәселен былай: сіз өз тағдырыңыздың санын білгіңіз келеді дейік. Ал сол әр санның (тоғызға шейін, әрине), аржағында тоғыз планета тұрады. Мысалы «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз.

Мысалы: 2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7. «7» - Сол кісінің тағдыр саны.

Кейде қосынды екі саннан тұрады. Ондайда оларды қашан жалғыз таңбалы сан қалғанша бір-біріне қосу керек,

Егер сіз «1» санының астында дүниеге келсеңіз- онда сізді жебеп-желейтін планета -Күн. Олай болса, осы санның астында туған кісінің өмірі қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген. Ол үшін талай-талай нәрселерді құрбандыққа шаласыз. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді көп ортадан шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы үшін пайдаланып кетесіз. Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға тырысу - «1» санына орайлас туғандардың басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады. Егер ойланғандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

Егер «2» санына орайлас тусаңыз...қорғайтын нысаныңыз (планета) – Ай. Ай жарығындай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды. Бәрі сізге ұмтылады. Соған орай ылғи да жолы болғыш, ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға, белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді.

Егер «3» санына орайлас дүниеге келсеңіз, онда - планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат - ол үшін ауадай қажет. Көптеген белгілі әртістер осы «3» санының астында туған.

Егер сіз «4» санына орайлас тусаңыз, мәселенки, атақты киноактриса Брижит Бардо сияқты. Ол 28.04. 1934 жылы дүниеге келген. Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета - Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны қашанда қуаттағаны. Еңбекте жетістікке жетсе, өз маңдай тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған сенім артады, бірақ достарының көбі - бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында мәйін де жұмсақ. өйткені, өздерін ең жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. өмірге реалистік көзқараспен қарайды.

«5» санына орайлас туған болсаңыз... Онда сізді желеп-жебейтін планета - Меркурий. Ол планета астында туған адамдардың айырықша мінезі - тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін - кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, мидай тірлікке төзімсіз. Сезімтал, интелектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап беретін шаруа болса, жалтарып кетуге әзір. Өмірі тек қана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.

Егер сіздің Тағдыр саныңыз - «6» деген сан болып келсе... Онда Венера планетасының астында туғансыз. Сіздің жебеушіңіз мықты, мақсатты іске өне бойы жетелейді. Арман-аңсар, биік мұраттарға жеткізбей қоймайды. Өмірлік мән - сұлулық, гармония - үйлесімділік. Осыдан өнерге, музыкаға, жалпы әдемілікке ұмтылыс. Сүйсіну, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда біреуге мін таққысы келсе, оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді. «6»-ның астында туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.

Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз, сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес. Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында туғандардан таудағы ұлардай, тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.

«8» санының астында жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...

«9» санының астында тусаңыз егер... Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы айбынды су Құдайындай сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты алабөтен ерекше

 

Қорытынды

Аңызға қарағанда, Пифогор заманында жасалған тағдырнама кестесін - сол заманындағы таңдаулы аз ғана адамдарға белгілі ілімнің осы кезге бізге жеткізуі қайран қалдырады. Пифогордың кестесінде біздің әрқайсымыздың қандай адам екенімізді, тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Біздің әрбіріміздің қасиет-дарынымыз сол туған күніміз бен жылымызда жатыр. Бірақ туғаннан бізге табиғат сыйлаған қасиетті қалай жүзеге асыруымызға, адамның қандай ортаға, қандай жағдайға тап болуына байланысты болады. Егер ата-анамыздың қолында осы кесте болған болса, онда олар өз балаларын табиғи жаратылысына лайық тәрбиелеп, дүниеде біркелкі болып, талантсыз адамдар аз болған болар еді. Барлық адамдар туғаннан өз номерін алып туып, белгілі бір мінез-құлыққа ие болады. өз сандарыңызды есептеп, кестені пайдалана отырып, сіз өзіңізге табиғаттың қандай қасиет сыйлағанын біле аласыз.

Қазақ халқы нумерология ғылымына бей-жай қарамайды. Керісінше нумерология ғылымына қызыға карайды. Нумерология математика саласының бір тармағы болып табылады. Нумерологияның-адам өміріндегі маңызы зор. Түсінікті тілмен айтсақ адам өмірінде зор роль атқарады.

Мен, нумерология ғылымы туралы түсінік беріп кеттім. Осы ғылыми-жобанының арқасында өзім де нумерология ғылымы туралы ақпараттар жинап,түсіндім. Алдағы уақытта нумерология ғылымы дамып, одан әрі көркейе береді деп сенемін!

Ұсыныстар:

1. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;

2. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.

3. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.

Қолданылған әдебиеттер

1.​ Аюбай Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. Алматы, 2002 78б

2.​ С.Елбаев, Н.Шәкуов. Математикалық кеш. Алматы, 2001

3.​ В.Серпинский. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. Алматы, 2007

4.​ Уәлиев Н. Жұмбақ сандар/Жалын.1988.108б

5.​ Киелі сан есімдер әлемі «Шоқан тағлымы»-8.2003. 33б

6.​ Ахметжанова Ф.Р.,Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескіліктері» 2001

7.​ Қырық қазына. Ә.Доспанбетов Алматы 1987

8.​ Бақытбек М «Жас Алаш» газеті Алматы 2001

9.​ Математикада жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Абдуллаев И.М., Көкенова Ж Алматы – 1974

10.​ Қайдар Ә.Т. Халық даналығы-Алматы- 2004,565б

11.​ А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі – Алматы 1958,340б

12.​ Дүсіпбаева Қ.С Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері Фил.ғыл.канд.алу үшін дайынд.дисс.авторефераты А,2001


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Бейсеш Мадина

Мен барлык туыскандарым жайлы былып алдым,100% дурыс

Кулманова Нурлыайым

Оте намаша гылым,тексерип кордим бари сайкес келеди

Гульжан

Өте дұрыс айтылған келісемін айтылған пікірлерге

Асылзат

Тура келеді. Мен сенмін. Бәрі жақсылыққа

Айқынгүл

Бұрын мән бермейді екенмін.Үш кезеңге және тағдыр бойыша да сандарымды қарасам сай келетін сияқты маған тіпті қызықты болып кетті.Жақсылыққа ұмтылу керек дейді ғой.Амин.Рахмет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер