Өлең, жыр, ақындар

Дәл қазір үйренуіңіз керек 10 тіл

Java тілі

1. Java тілі
Мәлімет: Java - класстарға негізделген, обьектіге бағытталған тіл. Бұл тіл 1990 жылдары Sun Microsystems компаниясы тарапынан жасақталды. Java өте көп сұранысқа ие. Корпоративті программалық жабдықтаудың стандарты, уеб программалау саласында да қолданылады. Сонымен қатар ойын жазуға болады және Android операциялық жүйесіне арналып қосымшалар жазылады.
Java кроссплатформалы тіл, бұл дегеніміз сіздің Java тілімен жазған программаңыз windows, *nix(линукс, Mac OS) және т.б жүйелерде де жұмыс істей алады деген сөз.
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Lynda.com, Oracle.com, LearnJavaOnline.org.

 

С тілі

2. С тілі (Си)
Мәлімет: C - өткен ғасырдың 70 жылдары жасақталған және қазіргі таңда да кең қолданылатын, үлкен сұранысқа ие жалпы мақсаттағы программалық тіл. 
С тілі көптеген тілдердің негізі болып саналады. Бұл тіл операциялық жүйелерді жазу үшін, басқа да тілдерді, мысалы php, python, ruby тілдер осы С тілінде жазылған.
Қайдан үйрене аламын: Lynda.com, CProgramming.com, Learn C The Hard Way.

 

С++ тілі

3. С++ тілі (С плюс-плюс)
Мәлімет: C++ - орта дәрежелі, обьектіге бағытталған тіл. С++ негізі C тілін жетілдірілу мақсатында жасақталған тіл. Бұл Firefox, Winamp және Adobe сияқты өнімдердің негізгі тілі. 
C++ тілі жүйелік программаларды, қолданбалы программаларды, серверлік программаларды және видео ойындарды жасауға қолданылады. 
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Lynda.com, CPlusPlus.com, LearnCpp.com, CProgramming.com.

 

С# тілі

4. C# тілі (Си шарп)
Мәлімет: C# - көп салалы (кез келген бағытта қолдануға болады), мульти-парадигмалық тіл. Бұл тіл C және C++ тілдерінің принциптерін ұстана отырып Microsoft тарапынан жасақталған. 
Бұл тіл Microsoft (Windows) платформаларында орындалады.
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Lynda.com, Microsoft Virtual Academy, TutorialsPoint.com.

 

Objective C тілі

5. Objective-C тілі
Мәлімет: Objective-C - көп салалы, обьектіге бағытталған программалау тілі. Apple операциялық жүйесінде қолданады.  iPhone (айфон) телефондарына мобилді қосымшалар осы тілмен жазылады.
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Lynda.com, Mac Developer Library, Cocoa Dev Central, Mobile Tuts+.

 

 

php тілі

6. PHP тілі
Мәлімет: PHP (Hypertext Processor) - серверде орындалатын скрипттік тіл, динамикалық уеб сайттар жасауға арналған тіл. Уеб сайт жасақтаушылар арасында кеңінен танылған тіл. 
PHP тілінде 200 миллионнан асқан сайттар жазылған. Мұның ішінде мынадай алып сайттар да бар: Wordpress, Digg және Facebook.
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Codecademy, Lynda.com, Treehouse, Zend Developer Zone, PHP.net.

 

 

Python тілі

7. Python тілі (Питон)
Мәлімет: Питон - жоғары деңгейлі, серверде орындалатын скрипт тілі. Бұл тілді көбінесе уеб сайттар және мобилді қосымшалар жасауға қолданады.
Бұл тіл программалау тілдерін енді үйреніп жүргендер үшін керемет тіл, яғни үйрену қатты қиын емес. Бұл тілде Instagram, Pinterest және Rdio сияқты алып сайттар жазылған.
Сонымен қатар бұл тілде жазылған Django деп аталатын фреймуорк бар. Бұл фреймуоркты Google, Yahoo, NASA қолданады.
Қайдан үйрене аламын: Udemy, Codecademy, Lynda.com, LearnPython.org, Python.org.

 

 

Ruby тілі

8. Ruby тілі
Мәлімет: Ruby - динамикалық, обьектіге бағытталған скрипт тілі. Көбінесе уеб сайттар және мобилді қосымшалар жасау үшін қолданылады. Руби тілі қарапайым, жазуға оңай етіп жасалған. 
Бұл тілде жазылған Ruby on Rails деп аталатын керемет фреймуорк бар. Бұл тіл Scribd, GitHub, Groupon және Shopify сияқты үлкен сайттарда қолданылады. Руби да Питон сияқты үйренуге оңай тіл.
Қайдан үйрене аламын: Codecademy, Code School, TryRuby.org, RubyMonk.

 

 

Javascript  тілі

9. JavaScript тілі
Мәлімет: JavaScript уеб саласында, клиентте (браузерде) және серверде орындалатын скрипт тілі. Netscape компаниясы тарапынан жасақталған және C тілінің синтаксистері қолданылған.
Бұл тіл көбінесе уеб сайттарды интерактивтендіру үшін, анимациялар қосу үшін, яғни уеб сайтты жандандыру үшін қолданылады. Сонымен қатар бұл тілде ойындар жазылады және десктоптық программалар да жазылады.
Қайдан үйрене аламын: Codecademy, Lynda.com, Code School, Treehouse, Learn-JS.org.

 

 

SQL тілі

10. SQL тілі
Мәлімет: Structured Query Language (SQL) - Жүйеленген Сұраныс Тілі, бұл тіл деректер қорынан мәліметтерді сұраныс арқылы алу үшін қолданылады.
Тиісінше деректер қорын басқару жүйелерінде қолданылады. SQL тілі 1980 жылы ANSI (American National Standards) және ISO (International Organization for Standardization) тарапынан стандартталған.
Қайдан үйрене аламын: Lynda.com, SQLCourse.com, TutorialsPoint.com, SQLZoo.net.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Абылай

Енді қазіргі тілді қалай білеміз. 2017 нақтырақ..

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз