Эссе және өлең-жыр байқауы

Ахмад шах Дуррани

Ахмад шах Дуррани Ахмад шах Абдали деген атпен де белгілі. 1747-1773 жылдары Ауғанстандағы Дурран империясын билеген.

1731 жылы Ахмад шах пен оның ағасы Зұлпыхар хан Қандағарға қоныс аударады. Бұларды сол жердің билеушісі Хусейн шах түрмеге қаматады. Өйткені Абдали көсемдерінің сол кездегі Иран билеушісі Надир шахпен қарым-қатынасы жақсы болатын.
Ахмад шах Қандағардың мемлекеттік түрмесінде алты жылға жуық уақытын өткізді. 1731 жылы Парсы елінің жаңа билеушісі Надир шах Абдалилер әулетінен әскер жасақтады. 1737 жылы Надир шах Қандағарды басып алып, түрмедегілерді бостандыққа жіберді.
Абдалиге Надир шах тарапынан "Дур-и-Дурран" (Інжу алмұрты) деген дәреже берілді. Осылайша, Ахмад хан өзінің Абдали деген атауын Дурран әулетінің атына өзгертті.

Ахмад шах Дуррани өзінің пушту тілінде көптеген өлеңдер жазған, парсы тіліндегі бірнеше поэмалардың да авторы. 


Ахмад шах Иран билеушісі Надир шахтың соғыс жорықтарына қатысып, өзінің жауынгерлік қабілетін көрсете білді.
1747 жылы Надир шах қайтыс болған соң Ахмад Иран әскері құрамындағы ауған жасағын бастап, Ауғанстанға қайта оралды. Ол бүкіл ауған тайпаларын өз қол астына жинап, басын қосты.
Ахмад шахтың империясы сол кезеңдегі ең ірі Ислам империяларының бірі болды.
Ол Ауғанстанның Мургах қаласында 1773 жылы, маусым айының басында, 50 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...