Өлең, жыр, ақындар

Бөдененің құйрығы неге келте?

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті.

Бүркіттің атақтысы келіпті, аса алмапты.

Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты.

Ең соңында:

— Енді кім қалды? – дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен.

Бөдененің атақтысы шақырылыпты.

— Тәуекел! – деп, бөдене ұша жөнеліпті. Шырқап көтеріліп барып, таудан ол да аса алмапты. Сонан соң ызаланған бөдене зымырап, құйылғаннан құйылып кеп, тауды көкірегімен соққан екен, сонда таудың арғы жағына бір-ақ тесіп өтіпті.

Міне, содан бері қарай бөдене қонғанда, аяғымен қонбайды, көкірегін жерге соға қонады екен.

Ал құйрығы неге келте десек, әлгі таудың арасында жұлынып қалып қойыпты... Әйтпесе, бұрын бөдененің құйрығы ұзын екен.

Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар таудың арғы бетіне бөдене тескен тесік арқылы өтіп барса керек.

Назар аудар:

Сайттағы басқа да ертеілер.

Қысқа ертегілер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жанайым

Қызық ертегі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз