Өлең, жыр, ақындар

Гүл-қол

Мексика мен Гватемала тауларында «адам қолы іспеттес ағаш» өседі.

Грек тілінен бұл өсімдік дәл осылай аударылады. Бес саусақты қол пішініне ұқсас хирантодендрон (Chiranthodendron pentadactylon) — өз тегіндегі жалғыз өкіл. Бұл «қол пішіндес» ағаштар 2-3 километр аймақта, ең биікте өседі және ірі, бірақ төмен екі метрге жуық диаметрлі діңгекке ие.

Гүлдеп тұрған ағаш алғаш көргенде үлкен әсер қалдырады: қан түсті қызыл гүлдер адам қолының саусақтарына қатты ұқсайды: көн тәрізді тостағаннан ербеңдеген «саусақтар» созылып шығып тұрады, тіпті «тырнақтары» да болады, және екі аптадан кейін гүлдер сола бастайды. Тостаған дәмі қуырылған нан мен суға ұқсас шырынға толады.

Америкалық ботаник Джулиан Альфред Стейермарк хирантодендронды былай сипаттаған: «Қолмен ұқсастығы сонша, мұны байқамау мүмкін емес. Бұл ағаш қорқыныш пен сүйіспеншілік тудыратыны сөзсіз. Ұзақ уақыт бойы Мехико алқабын мекендеушілерге Толукада өсетін бір ғана осындай ағаш белгілі болып келген, - оның дәндері Мехиконың ботаникалық бағына испандар басып кіргенге дейін егілген болатын. Бірақ кейін тауларда оңтүстік-батыс аймақта бұл ағаш көп көлемде өсетіні анықталған».

Назар аудар:

Ұйқының жайлы болуына ықпал ететін 5 өсімдік

Жақындауға болмайтын 10 қауіпті өсімдік

Тыныс алуды жеңілдететін 10 бөлме өсімдігі

Жақындауға болмайтын 10 қауіпті өсімдік


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жанайым

Ерекше өсімдік екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз