Өлең, жыр, ақындар

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - парыз.

Назар аудар:

Қазақстан мемлекеттік рәміздері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Bain

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Қасым

ҚР рәміздері ерекше әдемі

Қанат

Нәннің қыстырылмайтын жері жоқ сияқты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз