Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
— Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
— Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
— Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, — дейді Сырым.
— Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, — деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
manutd_nur
Барекелдi!Әбіләз
Негізі баланың ауызын жаба бермеу керек, сөйлеттіру керек