Өлең, жыр, ақындар

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы Қорғаныс министрі етіп генерал полковник С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

manutd_nur

Отаны мен отбасын коргайтын ер-азаматтарымыз аман болсын!

kz2015

Мейрам құтты болсын!

Bain

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

abaikz

7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні құтты болсын!

bilim-all

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Tolganai

Мырзалар мерекелеріңізбен!

kz2015

Рахмет, Толғанай!

dudu2015

Рахмет, бірге болсын!

Мейiржан

Merekelerinizben

abaikz

Рахмет, бірге болсын!

Сания

7мымыр кутты болсын

Азамат

Әскердің сапасын арттыру керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз